Сөж тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы алкоголизм



Дата27.03.2024
өлшемі406.65 Kb.
#496649
алеуметтану какош жоба (копия)






Кафедра:Әлеуметтік-гуманитарлық


СӨЖ
Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы алкоголизм.





Орындаған:Аманжолова Қарақат
Тобы:ФӨТҚБ-02-22
Қабылдаған:Ертаев М


Жасөспірімдер мен балалар организіміне ішімдіктің әсерінің зияндылығын анализдеу
Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен балалар арасында ішімдік қабылдау мәселесі көп кездесуде.Мектеп жасындағы балалар,кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер осы ішімдікті көптеп қабылдап,өз өмірлеріне зияндарын келтіруде. Қазақстанда халықтың 51%-ы ішімдік пайдаланады, олардың 9%-ы балалар, 21%-ы жасөспірімдер, 70%-ы ересек адамдар. Олардың көбі ішімдікті 12-15 жас аралығында пайдалана бастаған,салынып ішуге тез үйренеді.Егер үлкен адамдарға мас болудан алкоголизмге ауысу уақыты 5-10 жылды қамтыса, балаларда созылмалы алкоголизмнің қалыптасуы 3-4 есе жылдам өтеді..


Қазақстанда балалар 10 жасынан бастап ішімдік іше бастаған. Бұл әлеуметтік зерттеунәтижесі. Ішімдік ішетін жас балалар саны жылдын жылға артып келеді. Дәрігерлер әрбір үшінші қыздың репродуктивті жүйесі ауыратынын мәлімдейді. Әл, әрбір төртінші бала
денсаулығының жарамсыздығынан әскер қатараныа алынбайды Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 4050% болады
Ішімдіктің себептері
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тұрқының
сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық,
психологиялық, биологиялық тепетеңдіктің бұзылуы,санитарлықгигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.
Зияны
Алкогольді бірнеше және жүйелі түрде жасөспірімдердің қабылдауы олардың жалпы тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді. Эмоционалды және адамгершілік құндылықтардың, еріксіздіктің, тітіркендіргіштіктің және толығымен жасөспірімнің өмірлік потенциалының жоғалуы байқалады. Адамның 1 кг салмағына 6-7 грамм алкоголь өлімге акеліп соғуы мүмкін. Яғни 40-50 кг жасөспірім ағзасына бір жарым стакан ішімдік өлімге душар етуі мүмкін.
Миға әсері. Ішімдік мидың қызметін бұзады. Адамның ойлау қабілеті нашарлап, мінез-құлқында үлкен өзгеріс байқалады, алкоголдық психоз пайда болады.
Жүрекке әсері. Ішімдікті қолдану қандағы холестеринді көбейтіп, артериалды гипертензияға және миокард ауруына шалдықтырады.
Ішекке әсері. Үнемі ішімдікті қолдану ішектің құрылымын бұзады.
Ұйқының бұзылуы. Ішімдікке тәуелді адам оны қолданбайтындарға
қарағанда диабет (сусамыр) дертімен он есе көп ауырады.
Асқазанға әсері. Ішімдікті қолдану ас қорыту жолдарының қызметін
бұзып, асқазанның ойық жарасына әкеп соқтырады.
Алдын-алу
Жоғарыда айтылып өткен жағдайларды сараптай отырып жасөспірімдік
алкоголизмнің алдын алу бірден бір маңызды іс.
Бірінші кезекте тәрбиелік және ұйымдастырушылық ісшаралардан тұрады.
Олар алкогольдің ағзаға және психикаға қандай кері әсерлері
бар, өзімен қатарлас ішімдік ішетін балаларға еріп кетпеу керек екендігі түсіндірілуі керек. Екінші кезекте жасөспірімдерге оқуға, білім алуға, қызығущылығын арттыруға жұмыс жасалынуы керек.
Жасөспірімдік алкоголизмді алдын алу шараларының бірінде ата –
аналарының рөлі өте маңызды. Биыл маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алкогольді ішімдіктерді кешкі сағат 9-дан түскі сағат 12-ге дейін кафе, бар және мейрамханалардан басқа орындарда сатуға тыйым салған заңға қол қойды. Бұл заң балабақша, мектеп, білім беру және денсаулық сақтау, дене шынықтыру және сауықтыру, спорт және спорттық техникалық мекемелер, стадион, жанармай станциясы ғимараттары мен аумақтарында алкогольді ішімдік сатуға тыйым салып, тәртіп бұзғандардың жазасын ауырлатады.

Жалпы қорытынды
Өмір өлшемі – салауаттық,салауаттық өмір заңы.Салауатты өмір сүрмей тұрып,өмірінеқажетті нәрсені ала алмайсың.Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып,үйлесімді дамуы үшін біздің ел барлық жағдай жасаған.Өнердің спотрттың сан-салалы түрімен айналысуғада болады.Алдамшы құмарлықтан бас тартып,өзін-өзі билей білу-адам
бойындағы ізгі қасиет,үлкен парасаттылық.Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ,маскүнемділік тұқымда қуаламайды.Оған көбінесе мол дастархан басындағы отырыстар,ыру-дыру араласқан адамдар,жүрген орта себепкер болады.Маскүнемділіктен сақтандыру,оның алдын –алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды.Өйткені алкогольизм мен маскүнемділіктің артында жеке адам,семья тағдыры тұр.Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да,бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет