Ақуыз биосинтезі — тірі ағзаларда өтетін ақуыз түзу үдерісі. ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардыңжәрдемімен ақуыз синтезделеді.
Бұған тРНҚ қажетті аминқышқылдардыжеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар нәруыз деп есептеледі.
Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті ақуыз - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.
Нәруыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ --> РНҚ --> нәруыз. Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты нәруызда нақтылы көрсетіп, іске асырады».
Достарыңызбен бөлісу: |