Сөж тақырыбы: Клеткадағы энергия алмасуы Орындаған



бет1/4
Дата12.04.2024
өлшемі56.11 Kb.
#498473
  1   2   3   4
Цитология СОӨЖ 6 Амангелді Инабат


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Клеткадағы энергия алмасуы

Орындаған: Амангелді Инабат
Қабылдаған: Шолпанқұлова Гаухар

Тараз 2023



Жоспары
1. Клеткадағы заттар мен энергия алмасуы
2. Клеткадағы энергияның алмасуы
3. Гликолиз
4. Кребс циклі
5. Лимон қышқылыньщ циклы
6. Белоктың биосинтез

Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. 
Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім –метаболиттер деп аталады.
Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет