СөЖ тақырыбы: Тығыздық, деформациялануы, тұтқырлық жылу жəне электрөткізгіштік массатасымалдау жəне т б. Орындаған



Дата17.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#483581
срс прикладная


СӨЖ тақырыбы: Тығыздық, деформациялануы, тұтқырлық жылу жəне электрөткізгіштік массатасымалдау жəне т.б.
Орындаған: Әбимолдаева Жанарыс ТФ-303
Табиғаттағы көптеген бірдей көлемдегі денелердің массалары әртүрлі болады. Мысалы ағаштан жасалған үлкен қасықтар, темірден жасалған үлкен қасықтардан гөрі жеңілірек болады. Әртүрлі заттардың салмағы әртүрлі болатынына тығыздық ұғымы жауап береді.
Дененің тығыздығы деп дененің салмағының оның көлемінің қатынасына тең шаманы атайды:
ρ = M/V,
- мұндағы M - дененің килограммен есептелінген массасы, V - дененің кубтық метрмен есептелінген көлемі. Тығыздықтың өлшем бірлігі кг/м3. 
Деформация — өзара әрекеттесуші екі дененің жанасуы кезінде оларды құрайтын жеке бөліктері қозғалысқа келеді де, бұл денелердің пішіні мен өлшемі өзгереді. Мысалы, серіппе денеге әрекет ете отырып созылады, жұқа таяқша иіледі, қолдың бұлшық еттері қатаяды.
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды.
Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады.
Деформация формуласы:
— Элементтің ұзындығы
— Элементтің деформациядан кейінгі ұзындығы
Тұтқырлық. Әртүрлі жылдамдықтармен қозғалатын сұйық қабаттары үшін Ньютонның екінші заңы бойынша жылдамырақ қозғалатын сұйық қабаты, баяу қозғалатын сұйық қабатына импульс береді.

мұндағы:  - ішкі үйкеліс коэффициенті (динамикалық тұтқырлық), - жылдамдық градиенті, -ішкі үйкеліс күші.
Фурье, Фик, Ньютон заңдары макроскопиялық заңдар. Ол  - коэффициенттерінің молекулалық-кинетикалық мағыналарын ашпайды. Бұл коэффициенттердің арасындағы байланысты
деп жазуға болады.
Термодинамикалық тепе-теңдікте тұрмайтын жүйелерде жылу өткізгіштік деп аталатын тасымалдау құбылысы жүреді. Ол кезде сәйкесті энергия, масса, импульс тасымалданады.
Газдардағы жылу өткізгіштік. Газ ішінен  бетін бөліп алып, одан х арақашықтықта орналасқан екі нүктелердің температуралары  болсын.
Сонда  беті арқылы солдан оңға қарай энергия мөлшері (  және  ) тасымалданады. Энергия – температураның кему бағытына қарай тасымалданады. Егер х осі энергияның тасымалдау бағытымен сәйкес келсе, онда жылу ағынының өзгерісі үшін Фурье теңдеуі:


мұндағы:  - жылу өткізгіштік коэффициенті;  - тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылық;  - тығыздық;  - газ молекулаларының орташа жылдамдығы;  - газ молекулаларының еркін жолының ұзындығы;  - температура градиенті, ол бетке жүргізілген нормаль бағытында бір өлшем х ұзындыққа келетін температура өзгерісі бойынша анықталады;  - ох осіне перпендикуляр бағытта бір өлшем беттен бір өлшем уақыт ішінде тасымалданатын жылу мөлшері.
Электр өткізгіштік – уақыт бойынша өзгермейтін электр өрісі әсерінен заттың тұрақты электр тогын өткізу қабілеті. Заттың Э. ө-і оларда қозғалғыш электр зарядтары – ток тасушылардың болуына байланысты. Ток тасушылардың тегіне қарай Э. ө.: электрондық өткізгіштік (мыс., металдар мен шала өткізгіштерде), иондық өткізгіштік (мыс., электролиттерде) және аралас (электронды-иондық) өткізгіштік (мыс., плазмада) болып ажыратылады. 

(�)=(�2−�1)/�1 �1

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет