Соматизмдік мақал-мәтелдерді шет тілі сабағында
қолданудың тиімділігі
Соматизмдік мақал-мәтелдердің салғастырмалы талдауы
(неміс, қазақ және орыс тілдерінің материалдары бойынша)
Б. Төреханова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жалпы тілі білімі және шетел филологиясы
кафедрасының аға оқытушысы
batent@mail.ru
Д.А. Қарағойшиева
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
жалпы тілі білімі және шетел филологиясы
кафедрасының доценті
danel.karagoish@mail.ru
Мақал-мәтелдер – әр халықтың даналығынан пайда болған сарқылмас байлық. Олар халықпен бірге ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан ауызға таралып кеткен, кейіннен қағаз бетіне түскен, осы күнге дейін құндылығын жоғалтпаған қазынамыз. Мақал-мәтелдер күнделікті өмірден пайда болған, халықтың тәжірибесін жинақтаған, болашақ ұрпақты тәрбиелеудің айнасы десек те артық болмас. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, «Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз» [1].
Мақал-мәтелдер негізінен халық аузында ауызша сақталған. Ал, оларды нақты жинап, қағаз бетіне түсіру, баспасөз беттерінде жариялау – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады. Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Ы. Алтынсарин, Я. Лютшь, Ф. Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә.Ә. Диваев, Н.Ф. Катанов, Н.Н. Пантусов, В.В. Катаринский, Ө. Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Ә. Нұршайықов, Н. Төреқұловтарды атап көрсетуге болады [1].
Осы мақаланы жазудағы мақсатымыз – шет тілі маманы ретінде студент жастарға сабақ беру барысында жинақтаған азды-көпті тәжірибеге негізделген, өзіміз сабақта жиі қолданатын әдістемелік тәсілдер туралы сөз қозғап, ой тастау. Өйткені студенттерге екінші шет тілі ретінде неміс тілін үйреткенде, мақал-мәтелдердің өзіндік қомақты үлесі бар екенін мойындау керек. Олай болса, тақырыптың өзегі болып отырған мақал-мәтелдер жайында қысқа да нұсқа тоқталып кеткен жөн. Ең алдымен мақал-мәтелдер туралы біз не білеміз, олардың түсініктемесі бар ма деген сұрақтарды шешіп алуымыз керек. Ол туралы соны мәлімет қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде тайға таңба басқандай айқын берілген. «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөздердің тізбегін айтамыз» [2, 102 б.]. Ал мәтел хақында аталмыш сөздікте мынандай анықтама берілген. «Мәтел- тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз» [2, 168 б.]. Ана тіліміздің түркі тілділер әлеміндегі ең бай, ең шұрайлы болуының бір сыры ұлы бабаларымыздың мәтелдеп, бейнелеп, мақалдап, мәнерлеп сөйлей білгенінде жатса керек. Қазақ тілінің нағыз «шырақшысы» іспеттес біртуар тілші ғалымдарымыздың ұлан-ғайыр ізденуінің арқасында туған «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» мәңгілік жәдігер, шоғының қызуы ешқашан басылмайтын алау деуге болады. Бұлар тіліміздің аса құнды мұрасы, заманауи деңгейде ана тіліміздің сөз мәйегін тірнектеп жинап, құрастырып, ұрпаққа аманаттап отырған қазақ тілінің анықтамалық бағдаршамы. Шет тілін үйреніп жатқан қазақ тілді студенттермен жұмыс істегенде, көбіне осы анықтамалық сөздіктің көмегіне сүйенеміз. Сонымен ана тіліміздегі мақал-мәтелдер туралы анықтамаға көңіліміз толды. Енді орыс тіліндегі мақал-мәтелдер жайлы дәл осындай анықтаманы берелік. «Пословица – краткое народное изречение с назидательным содержанием, народный афоризм» [3, c. 568]. Неміс тілінің мақал-мәтелдер жөнінде неміс тілінің бір тілді түсіндірме сөздігінде берген анықтамасы мынандай. «Sprichwort ist ein bekannter Satz, den man gern als Rat oder allgemeine Erfahrung zitiert» [4, S. 923]. Неміс тілінің Үлкен Дуден сөздігінде (500 000 сөз бен сөз тіркестері қамтылған) мынандай анықтама бар. «Sprichwort ist geläufige Redewendung; einprägsamer Satz, der eine praktische Lebensweisheit enthält» [5, S. 1652].
Сонымен көрініп тұрғандай, үш тілдегі дерек көздерінде мақал-мәтелдерге қатысты анықтамалар үндестік тауып тұр. Біріншіден, бұлардың барлығы да халықтың ақыл-ойы мен өмір тәжрибесін, даналығын білдіреді. Екіншіден, осы мақал-мәтелдерден бұларды шығарып кеткен ата- бабаларымыздың жақсылық пен жамандықты, еңбекқорлық пен жалқаулықты, жомарттық пен сараңдықты, білімқұмарлық пен надандықты салыстыру арқылы, өзінің кейінгі ұрпағының келешекте дұрыс талғам жасауын қалайды, соны армандайды. Осы мақал-мәтелдерден бүгін қазақ халқының сан ғасырлар бойы сақтап келе жатқан абырой беделі, халықтың өмірлік тәжірибесі айқын көрініп тұр, бәрі де есте қалатындай болып, қысқа да нұсқа ықшамдалып берілген. Күнделікті тұрмыстық мәселелер туралы сөйлеп отырғанда, мақал-мәтелдер ауызға құйылып отырады. Ешкім осындай мақал-мәтел бар еді деп, іздеп отырмайды. Бұлар ұрпақтан- ұрпаққа жетіп, ғасырлар бойы тұлғасы мен мазмұны үйлесім тауып, халықтың жадында оп-оңай сақталатын және оп- оңай жатталатын болған. Бір сөзбен айтқанда мақал-мәтелдер бабалардан қалған баға жетпес асыл қазына.
Жоғарыда айтып өткендей біз де өз жұмысымызда бізге осы бүгінгі күнге дейін келіп жеткен ауызекі тілде еркін қолданыста жүрген мақал-мәтелдерді пайдаланамыз. Мақал-мәтелдердің шет тілді үйретуге өте ыңғайлы екенін және оларды сабақта өтілетін тақырыппен байланыстыру тиімді екенін айтқымыз келеді. Өйткені мақал-мәтелдер тақырыбы жағынан алуан түрлі болғандықтан оларды студентті сөйлету үшін түрлі ситуацияның мағынасын ашуға, бір құбылысты анықтауға қолдануға, кез келген тақырыптармен қиыстырып, алуан түрлі тапсырмалар жасауға болады. Мақал-мәтелдер ауызекі тілде коммуникативтік қызмет атқаратындықтан оларды сабақ үстінде студенттерді шет тілінде сөйлетуге пайдалана аламыз. Яғни таңдауға түскен мақал-мәтелдердің дені де бірінші кезекте мағынаны ашуға арналған тапсырмалар құрайды. Мақал-мәтелдермен сондай-ақ фонетикалық, лексика-грамматикалық жаттығулар жасауға болады. Тілдің құрылымын талдай отырып, сол тілді жақсырақ білуге, оны түсінуге жол ашылады. Мақал-мәтелдермен жұмыс істеуді тілге тұрақты түрде енгізе отырып, тілмен тілді салыстырып, олардың тіларалық ұқсас немесе ұқсамайтын қырларын зерттеуге болады. Екі елдің мәдениеті мен тұрмыс салты, дәстүрі, тілін үйреніп жүрген елдің өмір сүрудегі ұстанымы туралы танып білуге көмектеседі.
Сонымен қатар, мақал-мәтелдер әр халықтың тұрмысы, мәдениеті туралы сыр шертеді. Шет тілін үйрену барысында мақал-мәтелдер екі немесе бірнеше халықтың тұрмыстық, мәдени ерекшеліктерін салғастыра үйренуге, бақылауға септігін тигізеді. Мақал-мәтелдерді сабақта қолдану немесе арнайы ғылыми зерттеуді жүргізу әр түрлі мәдени қақтығыстарды, мәдени дағдарысты алдын алуға жағдай жасайды. Кез келген тілдің мақал-мәтелдердің тақырыптық топтары немесе қорлары әртүрлілігімен ерекшеленеді, бірақ біз мақаламыздың аясында тек қана соматизмді мақал-мәтелдерді қарастырамыз. Жалпы, соматизм деген терминнің өзін анықтасақ, ол дегеніміз, ««дене мүшесі» мағынасындағы лексика-фразеологиялық өрістің бірлігі. Алғаш бұл терминді эстон тілінің зерттеушісі Ф. Вакк қолданған, оның ойы бойынша, соматизм – ең көне фразеологиялық қабаттардың бірі» [6]. Қазақ тілді терминологиялық сөздіктерде бұл термин енбеген, кейінгі жылдары ғана бұл жаңа термин ретінде қолданылуда. Жоғарыдағы термин орыс тілді электронды сөздіктерден алынған.
Нақты мысалдарға тоқталсақ:
Екінші шет тілін оқыту барысында дене мүшелеріне қатысты қолданылатын мақал-мәтелдер:
s. Haar: Langes Haar, kurzer Sinn.- Шашы ұзын, ақылы қысқа на голове – то густо, а в голове – то пусто.
Қазақ тілі мен орыс тіліндегі баламасы тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында алынған. Әр тілдің өзіне тән даналығы байқалып тұр. Бұл мақалмен өз тарапымыздан келісе алмаймыз, қазақ әйелдерінің шашы баяғыдан ұзын болған, шаштың өзі әдеміліктің бір символы болған. Бұл мақалдың астарында бір саясат жатыр деген ойлар әлеуметтік желіде көптен кездеседі екен, яғни қазақ әйелдері керісінше осыған еліктеп шаштарын қырқып тастасын деп. Бірақ бүгінде байқап қарасақ, жас қыздардың көбі шаштарын өсіруде. Қазақ қыздарына белінен түскен ұзын шаштар өте керемет жарасады.
Haar und Zahn wächst über Nacht. – Жұт жеті ағайынды.
Беда не приходит одна.
e. Hand: Viele Hände , leichte Arbeit.- Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Берись дружно, не будет грузно.
Fleßige Hand erwirbt, faule Hand verdirbt.- Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді. – Труд человека кормит, а лень портит. Где руки и охота, там спорая работа.
Fleßige Hand baut Leut' und Land. – Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
Терпение труд все перетрут.
Liebe und Verstand gehen selten Hand in Hand. –
Махаббат деген күйдіргі, маубасты маған сүйдірді.
Любовь зла – полюбишь и козла.
e. Haut: Schöne Haut, häßliche Gedanken. – Сырты бүтін, іші түтін.
Сверху шик, а внутри пшик.
s. Herz: Honig im Munde, Galle im Herzen. Бал тамған тілден, у тамар. На языке мед , а в сердце лед.
Süße Reden , kaltes Herz. - Мақтаған жеткізер , шаққан өлтірер. На словах медок , на сердце ледок.
Kleine Kinder drücken die Knie , große – das Herz.
Кішкентай бала – тізе , ересек бала жүрек талдырады.
С малыми детками горе , с большими – вдвое.
e. Stirn : Breite Stirn , wenig Hirn. - Өзі түйедей , ақылы түймедей. Голова с лукошко, а ума ни крошки.
s. Auge : Eine Krähe hackt der anderen kein Auge aus.
Қарға қарғаның көзін шұқымайды.Ворон ворону глаз не выклюет.
Das Auge ist des Herzens Zeuge. – Көз таразы , көңіл қазы.
Око свидетель сердца.
Das Auge sieht sich nimmer satt. – Адамның өзі тойса да, көзі тоймайды. Сытых глаз на свете нет.
Aus den Augen aus dem Sinn. – Көзден кетті дегенше, көңілден кетті де.
С глаз долой, с сердца вон.
Vier Augen sehen mehr als zwei. – Кеңесіп пішкен тон келте болмайды.
Біреуден екеу жақсы, құр қолдан көсеу жақсы.
Ум хорошо, а два лучше.
Furcht hat tausend Augen. Қорыққанға қос көрінеді. У страха глаза велики.
Die Augen sind der Liebe Pforten. – Глаза - вестники любви.
Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл. ( Абай )
Die Augen glauben sich selbst , die Ohren anderen Leuten.
Көзбен көрген анық , құлақпен естіген тамұқ. Не верь своим ушам, верь своим очам.
Man glaubt einem Auge mehr als zwei Ohren. – Жүз рет естігенше, бір рет өз көзіңмен көрген артық. Лучше один раз своими глазами увидеть, чем его сто раз слышать .
s. Bein: Lügen haben kurze Beine. – Өтіріктің құйрығы бір тұтам.
У лжи корткие ноги.
Besser ein Bein brechen als den Hals. - Бастан құлақ садақа. Лучше сломать ногу, чем голову.
Den Wolf ernähren seine Beine. – Қасқырды аяғы, қойшыны таяғы асырайды./ Волка кормят ноги.
Dankbar sein bricht kein Bein. – Рахмет айтқан ұтылмайды. .Благодарность ноги не переломит.
Besser ein Bein brechen als den Hals. – Бастан құлақ садақа . Лучше сломать ногу , чем голову .
r. Kopf: Was man nicht im Kopf hat, muss man in den Beinen haben.
Ақымақ бас екі аяққ тыным бермейді . Дурная голова ногам покоя не дает.
Ein kluger Kopf hat einen geschlossenen Mund. – Ақылдының аузы берік. У умной головы рот закрыт.
Zwei Köpfe sind besser als einer. – Бір кісінікі мақұл, екі кісінікі ақыл.
Одна голова хороша, а две лушче.
Viele Köpfe , viele Sinne . – Әр кәлләда бір қиял . Сколько голов , столько умов.
s. Ohr : Die Wände haben Ohren. – Үй артында кісі бар. У стен еть уши.
Der Richter soll zwei gleiche Ohren haben. – Тура биде туған жоқ.
Сперва рассуди, потом осуди .
Der hungrige Bauch hat keine Ohren . – Аш бала тоқ баламен ойнамайды , тоқ бала аш болам деп ойламайды . У голодного брюха нет уха .У брюха нет уха.
r. Mund : Morgenstunde hat Gold im Munde. – Ерте тұрған еркектің ырысы артық , ерте тұрған әйелдің бір ісі артық . Кто рано встает, тому бог подает.
Aus dem Mund des Kleinkindes spricht die Wahrheit . Балалы үйдің ұрлығы жатпайды. Устами младенца глаголит истина .
Honig im Munde, Galle im Herzen. Бал тамған тілден, у тамар. На языке мед , а в сердце лед.
Trunkener Mund tut Wahrheit kund . – Саудың көкейіндегі (сөз) мастың аузына түседі .Что у трезвого на уме , то у пьяного на языке .
s. Maul / r Mund : Einem geschenkten Gaul sieht man nicht ins Maul .
Тегін келген аттың түсіне қарама. /Дос бергеннің түсіне қарама .
Дареному коню в зубы не смотрят .
r. Zahn : Wo der Zahn weh tut, dorthin geht die Hand. – Қай жерің ауырса , қолың сол жерде жүреді . Где больно , там рука .
e. Zunge : Die Zunge schneidet wie eine Zange . – Тіл тас жарады , тас жармаса бас жарады . Язык без костей , режет и мелет .
Böse Zunge – ein bös' Gewehr . – Айтылған сөз ,атылған оқ . Слово не стрела , да пуще стрелы .
Wahrheit tut der Zunge weh .- Шындыққа шара жоқ . Правда глаза колет .Auf der Zunge Honig , unter der Zunge Eis . – Бал тамған тілден у тамар.
На языке мед , а под языком лед .
Қорыта келгенде, мына талданған мақал-мәтелдердің барлығының баламасы бар. Үш тілдегі бұл мақал-мәтелдер универсализмге жатады. Мақала көлемінде алынған мақалдарды талдағанда, олардың құрылымының сөз тіркестер, сөйлемдер арқылы жасалынатындығы анықталды. Сандық талдау арқылы үш тіл бойынша Augen/көз/глаза (9), Bein/аяқ/нога (5), және көбінесе Herz/жүрек/сердце (4), Ohr/құлақ/ухо (4) сөздерімен жасалған мақал-мәтелдердің басқа соматизмдерге қарағанда жиі қолданылатындығы анықталды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
http://kazhalyk.ucoz.kz/index/ma_al_m_telder_zhajly_ma_l_mat_shy_u_tarikhy/0-75
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі , 7-том,(Қ-П)Алматы -1983.
-
Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – Москва, 1999.
-
Langenscheidts Großwörterbuch, 2002.
-
DUDEN ,Deutsches Universal - Wörterbuch, Dudenverlag 2011.
-
http://themorion.ru/poeploetoecupl/
-
Deutsche Sprichwörter und russusche Äquivalente- составитель: Штраймель В. Ш.. - Москва, 2009.
-
Граф А. Е. Словарь немецких и русских пословиц. - Санкт – Петербург, 1997.
-
Немецко-русский фразеологический словарь, авт. Бинович Л. Э. Москва: Аквариум, 1995.
-
Русские пословицы и поговорки и их немецкие аналоги авт. Кожемяко В. Издатель –Каро. 2010.
-
Das kleine Sprichwörterbuch- Anneliese Müller- Hegemann, Luise Otto – VEB, Leipzig, 1978
-
Қазақтың мақал-мәтелдері /құрастырған Өтебай Тұрманжанов, Алматы, 1980.
-
Русско-казахские пословицы и поговорки / Cоставители: А. Туреханов, Б. Туреханова, Г. Булеген, изд. Дом “Бико”, 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |