Қ. Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі. 2023-2024 оқу жылы Шыныбаев Ақайдар Тұранұлы



Дата14.05.2024
өлшемі18.09 Kb.
#501100
түріСабақ
Ерлік сабағы


Қ. Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі. 2023-2024 оқу жылы
Шыныбаев Ақайдар Тұранұлы

Ерлік-елдің қасиеті




Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ауылдасымыз Саулебаев Болысбай атаны т. б. ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.
2. Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз
 (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистің Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты.
Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 78 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.
— Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Қорытынды сөз
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет