Сөзжасам жаңа сөздердің жасалуын тексереді, тілдің сөздік құрамының туынды сөздер арқылы толығуын қарастырады



Дата22.09.2023
өлшемі30.09 Kb.
#478286
түріҚұрамы
морфология сож (копия) (копия)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті






СӨЖ- Сөзжасам. Уәждеме және аталым
Орындаған: Ибрашова Дана

Алматы 2023ж

Сөзжасам жаңа сөздердің жасалуын тексереді, тілдің сөздік құрамының туынды сөздер арқылы толығуын қарастырады. Тілдің сөздік құрамын байытуымен қатар, мүмкіншілігі мол, құдіретті тіл болып қалыптасуы сөзжасамға байланысты. Осыдан келіп лексикология мен сөзжасамның байланысы шығады. Сөз мағынасын осы екі салада да зерттеледі, бірақ екеуі сөз мағынасын əр түрлі мақсатпен зерттейді. Демек, сөз мағынасын зерттеу мақсатында олар бір-бірінен бөлінеді. Сөзжасамда мағынасының негізділігі, мағынаның түрлендірілуі, мағынаның көшірілуі, мағынаның тепе-теңдік қатысының қалай жасалғанын зерттейді. Дəлірек айтсақ, ол туынды сөздің мағынасының қалай жасалғанын, негіз сөз бен негізді сөздердің жасалуын зерттейді. Сөз мағынасының негізінде туынды сөздің, жаңа сөздің мағынасы түзіледі. Мысалы, жалт — жалтақ — жалтаң — жалтар — жалтыл — жалтыр — жалтарма — жалтарыс, қалт — қалтқы — қалтыл — қалтылдақ — қалтырауық, лап — лапас — лапыз — лапыл — лапылда — лапылдақ деген сөздерде 3 түбірлес сөздер бар, олар жалт, қалт, лап негізгі түбірден жасалған 3 түрлі түбірлес сөздер. Осы негіз еліктеуіш сөздердер туындаған, бұлар — бір сөзжасамдық тип арқылы құралған туынды сөздер. Демек, туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табына айналған, олардың сөз табы категориясы өзгерген.


Қазақ тіл білімінде сөзжасамға қатысты бұрынғы теориялық тұжырымдар негізінен дара атауларға байланысты болып келгені, бұл тұжырымдар күрделі атаулар мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейтіні белгілі. Б. Қасым еңбектерінде күрделі атаулардың теориялық негіздері екі негізгі мәселенің: уәждеме және аталым маңында дамытылып, күрделі атаулардың дербес лексема мәртебесіне ие болуының заңдылықтарыашылған. Жоғарыдаайтылғандай, тұжырымдамаларды қазақ сөзжасамының әлі де қалыптасу үстіндегі композиттану теориясын дамытып, жетілдіруге қосылған маңызы зор үлес деп бағалауға болады.

Атаулардың уәждену жолдары тіл білімінде екі үлкен жүйеде қарастырылады: 1) лингвистикалық уәж жүйесі: фонетикалық уәж, морфологиялық уәж, синтаксистік уәж; 2) лингвистикадан тыс тану, қабылдау негізінде жинақталған белгілер жүйесі.

Уәждеме үрдісіне зерттеу жүргізілген профессор Б.Қасым бұл құбылысқа мынадай анықтама береді: «Уәждеме сөздің дыбыстық таңбасы мен мағынасының арақатынасын саралауды талап ететін тілдік кұбылыс. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі белгілері, касиеттері адам санасында олар туралы берік түсінікті қалыптастырады. Бұл түсініктер адамзат тарихының бай тәжірибесімен тығыз байланысты
Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын, мағыналық себептілікке негізделген Сөзжасамдық катынас. Сөзжасамдык- уәждемелік катынас орындалу үшін кемінде екі түбірлес соз болуы шарт. Түбірлес сөздердің бірінің мағынасы екіншісіндегі жана мағынанын жасалуының басты шарты болып, ондағы туынды семага негіз болады. Сөйтіп себепші негіздер мен туынды сөз арасында мағыналык ерекшелік пен сабақтастык пайда болады. Бұл ерекшелік туынды, екіншілік мағыналы сөздің семантикалык ерекше көрсеткіші ретінде бағаланады.
Сөзжасамдық-уәждемелік катынаста пайда болатын тілдік бірліктің касиеті тұлғалық және мағыналык жағынан себепші негіз аркылы негізделетіндігі. Сондыктан Сөзжасамдық -уәждемелік катынаста тіл бірліктері тек мағыналық жағынан ғана емес, тұлғалык жагынан да жакын болады. Айталық, емші дәрігер сөздері мағынасы жағынан бір- біріне жакын болғанмен, бір-біріне сөзжасамдық-уәждемелік катынаста бола алмайды. Өйткені екі атау екі түрлі сөзжасамдык негізде жасалып, екі себепші негіз аркылы уәжделіп тұр. Емші атауы ем себепші негізі мен -ші сез тудырушы тұлғасының қосылуы аркылы негізделіп, осы екі тұлғаның мағыналық қосылуынан уәжделеді. Сөйтіп, ем, емші, емшілік, емдік, емдел, емделу, емделуші, емдегіш, емделгіш, ем-дом, т.б. атаулары бір Сөзжасамдық ұя құрайды. Сөзжасамдык-уәждемелік қатынас тек туынды қатысты сөзге ғана орындалады. Туынды сөз жасалу үшін:

1) сөзге немесе атауга деген объективті тілдік кажеттілік болуы шарт: 2) денотаттын (болмыстың) номинативтік белгілері карапайым не күрделі



сипатта адам танымында қабылданып, сол туралы ұғым қалыптасуы керек;

3) қалыптасқан ұғымды атау үшін ұксас ұғымдар мен атаулар іріктеледі: 4) іріктелген атау туынды сөздің себепші негізі болады да, себепші негіз бен туынды сез арасында мағыналық және тұлғалық катынас орнайды; 5) тұлғалық және мағыналық қатынас негізінде туынды сөздің уәжділігі анықтала алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет