Сұрақ: 8 жыл бойы 400 жуық тоналған қарт пен ауру адамдар ШҚо шыңғысбанктегі өздерінің салымдарын ала алмауда. Жасына жетпей 60 адам қатыс болды. Талан-таражға салушылар қашып кетіп, борышкерлерді банкротқа ұшыратты



Дата27.02.2016
өлшемі31.5 Kb.
#28496
Сұрақ: 8 жыл бойы 400 жуық тоналған қарт пен ауру адамдар ШҚО Шыңғысбанктегі өздерінің салымдарын ала алмауда. Жасына жетпей 60 адам қатыс болды. Талан-таражға салушылар қашып кетіп, борышкерлерді банкротқа ұшыратты. Ал облыстағы экономика жандануда. Ардагерлерге қалған өмірін лайықты сүруге және өздерінің жалпы сомасы 55 млн. теңге мөлшеріндегі салымдарын алуға қол ұшын берсеңіздер.

Жауап:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгілеген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі бұзғаны үшін Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылғы 17 шілдедегі № 238 қаулысымен «Шыңғыс-банк» ААҚ-на банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия қайтарып алынды.

Өскемен қалалық соты 1999 жылғы 01 қыркүйекте «Шыңғыс-банк» ААҚ еріксіз тарату және банктің тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылдады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабына сәйкес тарату комиссиясы банктің ісін аяқтау мен оның кредиторлармен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануда.

Банктің тарату комиссиясы мойындаған кредиторлардың талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес және Заңның 74-2-бабымен белгіленген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады. Бұл ретте әр кезектің талаптары оның алдындағы талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана қанағаттандырылады.

Тарату комиссиясы жүргізген жұмыс барысында 2-кезектегі кредиторлармен есеп айырысу толық жүзеге асырылды, ал 3-кезектегі кредиторлармен есеп айырысу банк кредиторлары талаптарының тізілімінде белгіленген соманың 13% мөлшерінде талаптардың үйлесімді сомаларына жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда «Шыңғыс-банк» ААҚ тарату комиссиясы банк кредиторларымен есеп айырысуға қажетті тарату массасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Тарату массасы артуының негізгі көзі банк дебиторларынан несие берешегін өндірiп алу болып табылады.



Бірақ, аталған жұмыс тарату комиссиясының пайдасына шығарылған сот шешімдерінің ұзақ уақыт орындалмауына және банк борышкерлері мен өндірiп алуы мүмкін олардың мүліктерінің жоқ болуына байланысты қиындатылды.

Осыған байланысты, банк кредиторларымен есеп айырысуды «Шынғыс-банк» ААҚ тарату комиссиясы банктің ағымдағы шотына ақшаның түсу мүмкіндігіне қарай жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет