нағыз шешегін, ал екіншісі
Vaccina orthopoxvirus ваксина шешегін, яғни вакцинияны,
қоздырады. Вакциния сиырдың нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің
жасырын кезеңі орта ыесеппен 5 күндей. Клиника алдындағы
кезеңде дененің ыстығы
көтеріліп, сауын малдың сүті қайтады. Бұл белгілер ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы да
мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде дененің басқа
жерлерінде розеолалар пайда болып,
біртіндеп везикула, крусталарға айналады. Шешектің
шығуы мен жетілуі біркелкі болмайды да, ауру 2-3 аптаға созылады. Шешек шығып дерттенген
жерлерге іріндетуші бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің негізгі қабаты зақымданып,
жазылғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге тамшы тозаңмен тыныс жолдары арқылы
енсе дерт процесі ауыр өтіп, ішкі ағзаларды, оның ішінде желіннің сүт жолдарын, зақымдайды.
Бұның нәтижесінде қоздырушы сүтпен бөлінеді.
Қойда (қоздырушысы –
sheep capriopoxvirus) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника
алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып, жемшөпке зауқы болмайды.
Көбінесе қатарлы конъюктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады.
Одан кейін
көздің қабақтары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде (шап,
қолтық, желін, құйрықтың асты, қошқардың ені), басында шешек шыға бастайды. Алдымен
пайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт,
тығыз
келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған
қызылшақа тері көрінеді.
Кейде папулалар бір бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен
қабышақтардың орнында ақтандақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да
өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана
барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өтінде негізінен мал жазылып кетеді. өлім
көтсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе қанталаған,
шешек кезінде ауырған
малдың өлімі 100 % дейін жетуі мүмкін.
Ешкіде (қоздырушы –
Goat capripoxvirus) шешек негізінен індет ретінде жіті өліп,
ауырған мал, әсіресе лақтар 25%-ке дейін өлімге ұшырайды. Ауру асқынғанда өлім көрсеткіші
80 %-ке дейін барады. Әсіресе Ангор және Дон ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап
лақтағандарында желінсау байқалады. Кейде экзентемасыз әдеттегіден өзгеше өтеді де, дерт
өкпеге шауып, өлімге әкеп соғады. Өлексені сойғанда өкпеде бауыр түстес сұрғылт
бронхопневония ошақтары кездеседі. Енсесін еміп жүрген лақтар,
егер туғаннан кейін жұқса,
ауру әдеттегіден басқаша өтіп шешек ауыздың, ұлтабардың кілегейлі қабығына шығады.
Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауына ірің аралас сора ағады, біраз уақыт өткен соң
аузы мен танауының айналасында қабықшақтар пайда болады.
Шошқада (қоздырушысы –
swine suipoxvinrus) бірінші белгісі ретінде денесінің жүні аз
жерлерде (тұмығы, құлағы, бауыры, санының ішкі жағы) қаптаған розеолалар пайда болады да,
2-3 күн өткен соң қызғылт жиекті папулаларға айналады. Одан ары везикулаларға айналуы
шошқада сирек ұшырайды. Әдетте шыққан шешек суланып қолдырамай бірден індеттеген
пустулаға ұласады. Пустулалардың түрі сұрғылт, сары ұлпасы өліеттеніп, бір-бірімен қосылып
ені 2,5 см дейін жетеді. Толарсып кебеді де, қоңыр қара қабыршаққа айналып, 5-8 күн ішінде
сыдырылып түсе бастайды. Орнында ақтаңдақ пайда болады да, біраздан кейін жоғалып кетеді.
Кейбір жануалардың денесі қышынып, жүргенде тәлтіректеп, іші өтеді. Шешек шыққан кезде
дененің ыстығы қайтып, іріңдеген пустулалар пайда болған сәтте, сонымен бірге екінші қабат
өршігенде температурасы қайтадан көтеріледі.
Ауру 19-30 күнге, кейде, әдетте шешек қайтадан шыққанда, 45-60 күнге дейін созылады.
Тері мен кілегей қабаттарға шешек тұтастай шыққан кезде ауру асқынып, сәттсіз аяқталады.
Әсіресе қанталаған түрі (қара шешек) зілді өтіп өліммен бітеді. Асқынған кезде
бронхопневмония,
сальмонеллез, стафилакоктардан болатын сепсиис қабаттасуы мүмкін. Ал
асқынбаған шешек зілсіз жеңіл өтеді.
Шешек кезінде өлім көтсеткіші әсіресе еметін торғайларға жоғары болып, 40-80 % - ке
жетеді. Сиыр шешегінің және шешек вакцинасының вирустары қоздырған ауру шошқада өте
жеңіл өтеді.
Құстарда шешекпен тауық, бөдене, қырғауыл ауырады. Тауықта (қоздырушысы –
Fowl
Достарыңызбен бөлісу: