Сабақ 1 тақырып: Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі



бет1/6
Дата17.02.2022
өлшемі21.8 Kb.
#455464
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
1 ЗТС Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі


1 сабақ

1 тақырып: Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі
Сабақтың мақсаты: 1. Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарлармен және патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезіндегі жеке басты сақтандыру ережелерімен, арнайы киімдермен және жұмыс орнының жабдықтарымен танысу. 2. Инфекциялық аурумен ауырған жануарлармен жұмыс жүргізу ережелерін және оларды оқшаулау принциптерін игеру. 3. Инфекциялық клиника мен оқшауханаларды ұйымдастыру кезіндегі нормативтік талаптармен танысу.
Құрал-жабдықтар: Арнайы киім (халат, қолғап, көзілдірік және т.б), малды клиникалық зерттеуге арналған құрал-жабдықтар.
Сабақтың ұзақтығы: 1 сағат.

Инфекциялық ауруға шалдыққан жануарлармен және патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезінде, ветеринариялық маманның назары екі негзгі жағдайларға аударылуы тиіс: адамдардың ауруға шалдығуын алдын алу және инфекция қоздырушысының сыртқы ортада таралуына жол бермеу. Табиғатта, адамға және жануарларға ортақ бір қатар инфекциялық аурулар бар, бұндай індеттерді зооантропонздар деп атайды. Ветеринариялық дәрігердің, инфекциялық аурулармен ауырған жануарларға қызмет көрсететін жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға жауапты екенін, естен шығармауы керек.

Мал шаруашылығында ең қауіпті ол індеттік, жұқпалы аурулар, олар жұқпалы емес аурулардан келесі ерекшеліктермен мінезделеді:

-белгілі өзіне тән қоздырғышы болады және кең таралады;

-цикл түрінде бірнеше сатыларда немесе кезеңдерде өтеді:

а) жасырын кезеңі

б)бастапқы кезеңі

в)аурудың клиникалық негізгі белгілері

г)жойылу және өшу кезеңі

д)ағзаның бұзылған функциясының қалпына келуі;

-зақымдалған ағзаның өзі індет қоздырғышының көзі болып саналады.

Адамдарға зооантропоноздардың жұғуы келесі жағдайларда болуы мүмкін:



  1. Жануарларды клиникалық бақылау және оларға емдік көмек көрсету кезінде.

  2. Өлексені жарып сою және зерттеуге патологиялық материал алу кезінде.

3. Егу шараларын және диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде.

4. Зертханаларда патологиялық материалдармен жұмыс істеу кезінде.



  1. Зарарсыздандырылмаған жануартектес шикізатпен (тері, жүн және т.б.) жанасу кезінде.

  2. Қоздырушымен зарарланған жануартектес тағам өнімдерін пайдалану кезінде.

Өзіңізді және басқа да тұлғаларды, инфекциялық ауру қоздырушысының жұғуынан және оның таралуын алдын алу мақсатында, сақтандыру ережелерін ұстану қажет.

Малдарда зақымдану жолдары әр түрлi болады:

1) конъюнктивальдық жол – көздiң кiлегейлi қабықтары арқылы;

2) алиментарлық – ас қорыту жолдары арқылы;

3) трансмиссивтiк – кене және әр түрлi шыбын –жәндiктер iндеттi тасымалдаушы ретiнде, мысалы олардың денесiнде iндеттiң қоздырғыштары көп уақытқа дейiн сақталынады /сiбiр жарасы, туляремия, кенелiк энцефалит және т.б./

4) жыныс мүшелерi арқылы;

5) аэрогендiк, тыныс алу мүшелерi арқылы;

6) зақымдалған терiсi арқылы енедi.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет