С.Құрмансеитов Қарақобда селолық округінің әкімі жыл қалыпты өтті



Дата29.02.2016
өлшемі37.25 Kb.
#29351
С.Құрмансеитов

Қарақобда селолық округінің әкімі


жыл қалыпты өтті

Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауы мен облыс,аудан әкімдерінің алға қойған міндеттері мен талаптарын жүзеге асыру мақсатында селолық округте бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

Селолық округ бойынша 2011-2012 жылдың қысы ойдағыдай өтті. Жылдың боранды болуына қарамастан селолық округ аумағындағы елді мекендерде аудан,облыс орталықтарымен жол қатынастары үзілген жоқ. «Энергия»және «Ново-Сергеевка»шаруа қожалықтарымен жолдарды тазартуға келісім шарттар жасалынды. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген 1 млн.теңге игерілді. Селолық округ көлеміндегі мәдени - әлеуметтік нысандар қыс айларында тоқтаусыз жұмыс жасады. Жеке және шаруа қожалықтары малдары дайындалған жем-шөп қорының арқасында қыстан қиналыссыз шықты. Селолық округ тұрғындарының негізгі кәсібі мен тіршілік көзі ауылшаруашылығы болғандықтан көктем шыға егін егу мен малдарды жазғы жайылымға шығару жұмыстары село әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі болып саналады. Биылғы жылы көктем ерте шығып ауа райының күрт жылынуы диқандардың егін көлемін өткен жылдармен салыстырғанда азайтуларына әсер етті. Барлығы 790 га егін егілді.

Селолық округтегі жеке қожалықтары малдарын жазғы жайылымға шығару оларды малшылармен қамту жұмыстары ұйымдастырылды.

Жеке қожалықтар мен шаруа қожалықтары малдарының жұқпалы аурулардан тазалығын тексеру мақсатында селолық округтегі барлық меншіктегі мал түрлерінің қаны алынып жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Анықталған ауру малдарға тиісті шаралар қолданылып шеттетілді. Өткен жылы ірі қара малдарды бірдейлендіру талабы бойынша сырғаланса,биыл 2012 жылғы 459 бұзау, 3903 қой -ешкі,170 жылқы,20 бас шошқаға бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.Мал шаруашылығындағы бүгінгі күні өзекті мәселе малдарды асылдандыру.Жасыратыны жоқ қазір малдар ұсақталып кетті.Осыған байланысты қолдан ұрықтандыру жұмыстары жасалынды.

Селолық округ бойынша «Барс»және «Іңкәр»шаруа қожалықтары «Сыбаға»бағдарламасы бойынша несие алып өздерінің қожалықтарындағы ірі қара малдары санын толықтырып және 4 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алды.

Селолық округ әкімшілігі селолық округ аумағындағы жер ресурстарын пайдалану тиімділігін де бақылауда ұстап келеді.Биылғы жылы кезінде шаруа қожалықтарын ашып,бірақ мақсатты пайдаланбаған 16 шаруа қожалықтарының жерін мемлекеттік қорға қайтару жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық-денсаулық кепілі»деген қағиданы ұстанған селолық округ тұрғындары биылғы көгалдандыру санитарлық тазалық айлығына түсіністікпен белсене қатысты.Әрбір тұрғын қыстан шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген орынға шығарды. Кездейсоқ қалдықтар орындарын ретке келтіруге және бұралқы иттерді жоюға бөлінген 145000 теңге игерілді.

Биылғы жылы Қарақобда орта мектебін 12 оқушы бітіріп шықты. 8 оқушы ұлттық бірыңғай тестке қатысқан болатын. Орташа балл 64,6 құрады. Бұл әрине төмен көрсеткіш. Сондықтан алдағы уақытта бұл бағытта жұмысты жақсартуды қажет етеді. Селолық округке қарасты 1 орта және 2 бастауыш мектептерінде жаңа оқу жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп қазіргі уақытта оқу процесі талапқа сай жүргізілуде. Биылғы жылы Қарақобда орта мектебі жылу қазандығына қосымша бір жылу қазандығы орнатылып, жылу жүйесіндегі жарақсыз құбырлар алмастырылып, жылу батареялары тазартылды. Бүгінгі күні мектепте жылу жүйесі қалыпты жұмыс жасап тұр.

Селолық округтегі барлық мәдени әлеуметтік нысандар жылу беру маусымына қажетті қатты отынмен толықтай қамтамасыз етілген.

Селолық округте 2 медициналық пункт жұмыс жасайды. Тұрғындарды жылжымалы флюрографиялық қондырғы арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту -2020»бағдарламасы бойынша 2 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды. Жыл басынан 6 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналасты.5 адам келісім шартпен жеке қожалықтарда мал бақташылары болып жұмыс жасады. Бір адам «Дипломмен ауылға»бағдарламасымен жұмысқа орналасты.

Облыс әкімінің бастамасымен қолдау тапқан «Көркейе бер, туған жер!»акциясының алғашқы жылы Құмсай бастауыш мектебіне 240 мың теңгеге су скважинасы қазылып, Қарақобда орта мектебінде 445 мың теңгеге қажетті заттар алуға демеушілік іс-шаралар жүзеге асырылды.

Салықтың барлық түрлері бойынша белгіленген жоспар орындалды.

Селолық округтегі ішкі тәртіп бірқалыпты.Сенбі, жексенбі және мереке күндері селолық округ қызметкерлерімен мектеп мұғалімдері және басқа мекемелер қызметкерлерінен құралған мобильдік топ кезекшілігі тұрақты жұмыс жасайды.

Селолық округ тұрғындарының сұранысы бойынша жеңілдетілген бағамен ұн өнімдерімен қамту жұмыстары жолға қойылған.

Өткен жылғы есеп беру жиналысында айтылған сын ескертпелер бойынша газет, журнал тасымалдау жұмысы жақсартылды.

Қазір аптасына 3 рет газет,журналдар тасымалданады. Қарақобда ауылында 2 күнделікті тұтыну тауарларын сататын дүкен жұмыс істейді.

Округ бойынша барлық меншіктегі малдарға қажетті жем-шөп қоры дайындалып, мал қыстату орындарына толығымен тасымалданды.



Атқарылған жұмыстармен қатар алдағы уақытта шешімін күтіп отырған мәселелерде баршылық. Атап айтар болсақ Қарақобда елді мекенін газдандыру. Қарақобда орта мектебі мен селолық клубты күрделі жөндеу. Қарақобда елді мекені көшелерін жарықтандыру. Қарақобда селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі алдағы уақытта аудан әкімдігімен бірлесе отырып осы мәселелер күрмеуін шешу мақсатында жұмыс істейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет