Майлин ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары



Дата04.07.2016
өлшемі36.69 Kb.
#177784
Майлин ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары
Округ бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына 2689 бас ірі қара, 12182 бас қой-ешкі, 1088 бас жылқы, 680 бас құс қалып отыр, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара малы 184%, жылқы малы 176% өсіп, қой малы азайып отыр, оның бірден-бір себебі Барақ, Қысатай шаруа қожалықтары қой малдарын азайтып ірі қара малдарын көбейтіп отыр. Байбол –С шаруа қожалығы тарап жабылып қалды.

Мал өнімдерін өндіру де өсуде, атап айтсақ ет өндіру – 118% , сұт өндіру -101 % , жұмыртқа -102 % өсіп отыр.Бұл көрсеткіштер округіміздегі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке сектордың еңбектерінің жемісі екенін көрсетеді.

Округ көлемінде 65 ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары тіркелген. Шаруа қожалықтары бүгінгі өмір талабына сай қолда бар мал тұқымын асылдандырумен айналысуда, өкімет бүгінгі күнге бұл жұмысқа үлкен мән беріп отыр. Бұл жұмысты жолға қойып, жақсы жұмыс жасап жатқан «Бексұлтан» шаруа қожалығын атап айтқым келеді. 2013 жылы бұл шаруашылық 50 бас , ал 2014 жылы 150 бас аналықты асыл тұқымды бұқаның ұрығымен қолдан ұрықтандырып жақсы төл алып отыр. Мұндай атқарылып жатқан жұмыс шаруашылыққа өте тиімді. Осындай жұмысты атқаруға басқа шаруашылық басшыларын шақырамын.

Мал тұқымын асылдандырумен айналысатын шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетіледі. 2014 жылы мал тұқымын асылдандырумен айналысқан, мал бордақылаған Бексұлтан, Жаңа-Талап, Сыдық, Қеңесбай, Әділ, Арапбек шаруа қожалықтары өкіметтен 23,5 млн. теңге қаражат алды.

Мал шаруашылығына қатысты малдәрігерлік шаралар жоспарлы түрде толығымен жасалды, малдың төлі сырғаланды, компьютерлік дерекқорға кіргізілді, сырғаның ақшасы (458750 – 467050 – 100%) толығымен жиналып бюджетке құйылды.

Округ бойынша 2014 жылы жеке тұлғалардан 30549 теңгенің жер салығы, 15837 теңгенің мүлік салығы, 200,0 мың теңгенін көлік салығы жиналды.

2014 жылы 4 адам атаулы әлеуметтік көмек , 16 адам балалардың жәрдемақысын, 3 адам көмір алды.

Ауыл көлемінде мереке күндеріне арналған іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп отырылады( Жеңіс күні, 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні , Жаңа жыл мейрамы және т.б.)мерекелік салтанатты жиналыстар өткізіледі, концерттік бағдарлама қойылады.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні салтанатты жиналыс өткізілді, концерттік бағдарлама көрсетілді, ауылымыздың қарттарына сыйлықтар тапсырылды.

Жаңа жылға ауыл әкімінің, мектептің , амбулаторияның ғимараттары жарықпен безендірілді, алдарына шырша қойылды.

Ауылымызда қысқы –жазғы спорттық ойындар жоспарлы түрде өткізіліп тұрады, ауданда өтетін әр түрлі спорттық ойындарға ауыл жастары мен мемлекеттік қызметкерлер, ауыл тұрғындары қатысып жүлделі орындардан көрініп жүр. 2014 жылдың ақпан айында ауыл жастары мен оқушылар арасында шаңғымен сырғанаудан жарыс өткізілді. Осы айда шайбалы хоккейден аудандық жарыс ауылымызда ұйымдастырылды.Оған Ақшәулі, Шыңғожа, Тарбағатай, Аягөз қаласының №6 мектеп оқушылары қатысты. Майлин ауылы мектебінің оқушылары жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Мектебіміздің оқушылары 19-28 наурыз айында Өскемен қаласында өткен облыстық шайбалы хоккей жарысына қатысып қайтты.

652,0 мың теңге қаражатына ауылдың орталығындағы көшенің 50 метр жері көтерілді, астына жаңадан су ағар труба қойылды, ауыл ортасында су жиналатын жерден арық тартылды. Көктемде, күзде 2 айдан тазалық айлығы жарияланып – 800 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды, полигонның айналасы, ауылдың айналасы тазартылды.

Өрт жайлы ( 3 мәрте өрт шықты).

Ыстық тамақпен – 34 оқушы қамтылған ( бал, сүт беріледі) мектеп асханасын арендаға алып жеке кәсіпкер жұмыс жасап жатыр.

Клуб ағымдары жөндеуден өтті, полы ,терезелері краскіленді.

Ескі Майлинде автобус аялдамасы жөнделді, көшесі қардан тазартылып тұрады.

Ауыл тұрғындары, шаруашылық мүшелері 3 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 9 млн. теңге несие алды( ірі қара малдарын сатып алды).

3 шаруа қожалығы «Лизинг» жолымен 3 комплект МТЗ-92 тракторын кунімен, рулонпреспен сатып алды.

Аягөз ауданының Ет комбинаты поселкасында «Жаңа -Талап» шаруа қожалығының «Биғасыл» дүкені, автошеберханасы ашылып, қазіргі уақытта халқыққа қызмет көрсетуде.

Аягөз қаласында Қеңесбай шаруа қожалығының ет сататын сауда дүкені ашылды.



Үлкен бір мәселе ауылда жеке меншіктің малын бағуды ұйымдастыру. Малды кезекпен бағамыз деп шешкенсіздер,бірақта осы кезекшілік сақталмайды, малды таңертен шығарып жібересіздер, кешке жинап аласыздар, келген мал келеді келмегені далада қалады, оны іздеп жатқан жоқсыздар. Сондықтан 2015 жылы мал бағуды қолға алып, табын ұйымдастыруымыз керек, арнайы мал бағатын адам тауып оның еңбек ақысын келісіп бақтыруымыз қажет. Осыған ауыл тұрғындарың түсіністікпен қарап ат салысуға шақырамын.

Келешекте ескі Майлин ауылын жарықтандыру, ауыз суға құдық қазып беру, орталық көшесін жөндеу жұмыстарын жасауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет