Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар



бет1/3
Дата17.09.2023
өлшемі36.38 Kb.
#477755
түріҚұрамы
  1   2   3
Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар


Сүт өнімділігіне әсер ететін ықпалдар

Сиырдың сүт беру өнімділігі мөлшермен кең түрде 1000 кг-нан 25000 кг және одан да жоғары болады. Сиырдың сүт өнімділігі және сүттің құрамы көптеген ықпалдарға байланысты: жасы және физиологиялық жағдайы, азықтануы мен күтілуі, жыл мезгілі т.б. тұқымдық өзіндік ерекшеліктер, селекциялық жұмыстар тұқымды құрып жетілдіруді және малдың басқа да белгілерін дамытады. Осыған байланысты сүт бағытындағы ірі қара ет бағытындағымен салыстырғанда айтарлықтай үлкен сүт беруге қабілетті болады. Ірі қара тұқымының ішінде сүтті көп беретін сүттілігі мол және сүтінің құрамының майлылығымен өте жақсы сүт өнімін жоғары ет сапасымен сәйкестендіретін сүт-ет бағытындағы сиырлар бар. 1-ші топқа жататындар: голштин қара ала, швиц қара ала және басқа да фриз тұқымынан шыққандар жатады. 2-і топқа: джерсей және гернсей; ал 3-i топқа: краснодат, англер және айршир тұқымдарынан шыққандар жатады. тұқымдық құрылымды қайта қалыпына келтіру сүт бағытындағы ірі қараны жетілдіруде барлық елдерге түсетін тән қысым. Сүт бағытындағы өсірілетін тұқымдардың санын қысқарту туралы өзекті ой белгіленді. Сонымен, АҚШ-да 5, Нидерландада 1 сүт бағытындағы тұқым калдырылды. Әр тұқымда беретін сүт өнімділігінің деңгейі көп жағдайда малдардың генотипімен қалыптасатын жеке ерекшелігіне байланысты. Мөлшермен 1 тұқымда және 1 табында жоғары өнім беретін сиырларды ұтымды азықтандырғанда төмен өнім беретін сиырлардың сауылған сүттерінен 3-4 есе және одан да артық берген. Бұл үшін табындағы сауылған сүттің өзгергіштігі 20-25%-ті құрайды. 1990 ж. В.Ф. Красота және басқалардың айтуынша, Волгоград облысының «Молочное» асылдандыру заводындағы қара ала тұқымына жататын «Россия» сиырын бірдей жағдай мен күтімде 305 күнгі сүт түзілуінен 3228-ден 11458 кг сүт алған.


Малдардың тұқым ішіндегі және бөлек табындағы генотиптік әртүрлігі, мөлшермен сүт өнімі бағытын көтеруде малдарға селекция жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.
Малдың жасы. Сүт өніміне бірден-бір ықпал ететін әсерлердің бірі малдың жасы. Бүкіл организмнің жалпы дамуы мен өсуіне байланысты, әсіресе сүт безі өсе түседі. Сүт өнімділігі жас ерекшеліктің жалпы заңдылығына байланысты, сауылым сүт белгілі-бір максималға дейін біркелкі өседі, сонан кейін ақырындап азая береді. Біздің елімізде өсірілетін сиыр тұқымының максималды сауылым сүті 4-6 сүт түзілуінде (лактацияда) байқалады. 1-і сүт түзілуден максималды (ең жоғарғы) сауылым сүтке дейінгі өнімділік мөлшермен 40-50%-ке өседі. Сауылым сүттін жасерекшелік өзгерісі малдың тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына және т.б. байланысты. Сонымен. мысалы В.Ф. Красота және т.б. көрсеткендері бойынша қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткіліксіз азықтандырса, жоғары сауылым сүт VII-сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65% көлемін құрайды. Жақсы күтім жағдайында максималды сауылым сүт V- ші сүт түзілуінде алынған, бұл үшін бірінші төлдеген құнажын сүтінің көрсеткіші 75-77% құраған. Сиырдың сүт өнімділігіне жас ерекшелік өзгергіштігінін заңдылығын оқып үйрену, әр тұқымға малдың өнімділігі және кластың асылдылық бағалылығына бонитировкалық балл беруіне сәйкес стандартты тағайындауға мүмкіндік береді. Әр жастағы сиырлардың беретін сүт өнімділін салыстырғанда да қолданылатын түзейтін коэффициенттер ойластырылып шығарылған. Мысалы: алғаш төлдеген құнажынның сауын сүтін жетілген сиырдың өніміне жеткізу үшін, оның сауылым сүтінің көлемін 1,33 коэффициентіне, ал екінші төлдеген сиырдың көрсеткішін 1,11 коэффициентіне көбейту керек. Жеке малдардың жасе рекшелік өзгергіштігіндегі сауын сүті олардың жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі көлемде болады.
Көптеген себептердің тағы бірі, жасы ұлғая келе сүт қалыптастырғыш негізгі мүше - желіннің көлемінің ұлғаятындығы.
Т.К. Бексейітовтың мәліметтері бойынша далалық қызыл тұқым сиырларының жасы ұлғая келе олардың сүт өнімділігі де артады екен, әрине осыған сәйкес олардың желіндерінің көлеміде ұлғаяды. Сүт сауыны бірінші рет болып тұрған сиырлармен салыстырғанда толық жастағы сиырлардың желінің көлемі сауыңға дейін 3,7%-ке артық болған, сауыннан кейін 2,6%-ке артық болған, осыған сәйкес желіннің ұзындығы 8,1% және 9,5%, желіннің ені 6,8% және 5,9%, желіннің тереңдігі 16,0% және 26,7% болған. Толық жастағы сиырлардың желіндерінің тартылуы 12,4%, ал бірінші сауылып отырған сиырларда 11,4%.
Сиырдың тірі салмағы. Малдың жалпы дамуын көрсететін және оның сүт өніміне айтарлықтай әсер ететін көрсеткіш болып малдың тірі салмағының көлемі болып табылады. Әр тұқымда, әр табынның ішінде табындағы орташамен салыстырғанда жақсы өнім беретін малдың бөлігі, соған сәйкес үлкен тірі салмағы болады. Тұқым ішіндегі жақсы сауын беретін рекордистердің, соған сәйкес өте жоғары тірі салмағы болады. Экстрьерлі, конституциялы сүт бағытындағы сиырларда ет бағытындағы сиырларға қарағанда дене салмағымен сауын сүт арасындағы корреляция деңгейі жоғары. А.А. Немцовтің берілгендері бойынша Россияның Кострома облысының «Караваево» асылдандыру зауатындағы сиырлардың ішіндегі Кострома тұқымындағы бірінші төлдейтін тайыншаның тірі салмағы 550 кг-нан кем емес. Олардың меншікті салмағы 34,1% орташа алынған сауын сүт 3694 кг, ал тірі салмағы 550 кг жоғары болатындардан 4205 кг, немесе 511 кг сүт жоғары алынған. Бірақта өте ірі малдың барлығы да жоғары сүт өнімін береді деп айтуға болмайды. Әрбір тұқымға белгілі бір оптимум тағайындалғандары бар, тірі салмағы мен сүт өнімінің келісімділігі, үйлесімділігі, сиырдың тірі салмағының үлкеюі, олардың сүт өнімінің жоғарлауын қалыптастырады. Егер тірі салмағы тұқымдық оптимум мөлшерінен жоғары болса, ұлғаю - бұл керісінше сауын сүттің төмендеуіне әкеп соқтырады. Бір немесе сондай тірі салмақтағы малдың әртүрлі мөлшерде сүт беретіндігін және тірі салмағы аздау бірнеше сиырлардың өзі басқадай бірдей жағдайларда (күтіп, бағылу) тұқымдағы үлкен тірі салмақты сиырларда сауын сүт өнімі артқан. бұны былай түсіндіруге болады, сүт өнімдерін құрастыру үшін, ағзаның жалпы дамуынан бөлек, онын жеке мүшелерінің, ұлпаларының және негізінен сүт түзу үрдісіне жауапты сүт безінің, яғни жеке мүшелерінің белгілі бір қызыметке ыңғайлануы даму деңгейінің үлкен маңызы бар. Осы тұрғыдан алып қарағанда құнажындардың желіні мен емшектеріне тууға - 1,5 ай қалғанға дейін, массаж жасау аса маңызды. Көптеген тәжірибелердің нәтижесі бойынша массаж жасау сүт безінің жақсы жетілуін қалыптастырады, тәжірибеде тұрған топтағы сиырлардың беретін сүт өнімділігі айтарлықтай жоғары болған және жоғары берілген сауын сүт келесі сауылымға дейін сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет