Стандарт №1 Конвульсиялық синдром



бет4/4
Дата11.09.2023
өлшемі0.97 Mb.
#477151
1   2   3   4
Стандарты чс

Стандарт №5 Алгоритм: «Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»
Анықтама:Анафилактикалық шок– ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:
Анафилактикалық шокқа қарсы жиынтық:

1. Эпинефрин 0,18% - 1,0мл, амп.
2. Натрия хлорид 0,9% - 400 мл, фл.
3. Натрия хлорид 0,9% - 5,0 мл, амп.
4. Преднизолон 30 мг, амп.
5. Кислород, м3
6. Атропина сульфат 0,1% - 1,0 мл, амп.
7. Допамин 0,5% - 5 мл, амп.
8. Жгут
9. Стерильді шприцтер
10. 70% этил спирті



  1. Енгізіліп жатқан препаратты тоқтатыңыз,егер препарат көк тамырға енгізілсе инені шығармай келесі ем шаралар сол ине арқылы жүзеге асырылады.

  2. Аллергеннің организмге түсу уақытын, науқастың шағымдарын және клиникалық белгілерін белгілеңіз.

  3. Дәрігерді шақырыңыз.

  4. Пациенттің аяқ жағын көтеріп, басын бір жағына бұрып жатқызыңыз.

  5. Науқастың жағдайын бағалаңыз. Пульсін, АҚҚ, температурасын өлшеңіз, тері және шырышты қабатын қараңыз. АҚҚ жасының көрсеткішінен 20% төмендесе анафилактикалық реакция пайда болуына күмәндануға болады.

  6. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз немесе оттегін беріңіз.

  7. Егер иньекция қолына салынса, жгутты жоғарырақ байлаңыз

  8. Иньекция орнына мұзды мұйық қойыңыз.

  9. Аллергиялық препарат мұрын немесе көз арқылы енгізілсе, сумен шайып, 1-2 тамшы 0.1% адреналин ерітіндісін енгізіңіз.

  10. Препарат тері астына енгізілсе сол жердің маңайына 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра шаншып салыңыз (1мл 0.1% адреналин ерітіндісін 10мл физиологиялық ерітіндісіне).

  11. Дәрігер келгенше 400мл физиологиялық ерітіндіге 2мл, 5мл 5-6 дана шприц, адреналин, глюкокартикостероидтар дайындаңыз.

  12. Дәрігердің нұсқауымен баланың 1жасына 1мл 0.1% ерітіндісін физиологиялық ерітіндіге ерітіп тамшылатып енгізіңіз. Гипотония сақталса 20мин кейін қайталаңыз.

  13. Айналымдағы қан көлемін физиологиялық ерітіндісімен толтырып отырыңыз. Сағатына 20-40мг/кг. АҚҚ нормаға келгенде инфузия енгізу жылдамдығын төмендетіңіз.

  14. Глюкокортикоидтар: преднизалон 5-10мг/кг немесе гидрокартизон 10-15мг/кг.

  15. Реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматологпен бірге, үнемі инфузия жүргізіп және өмірге маңызды көрсеткіштерін бағалай отырып жеткізіңіз.



Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет