Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
-
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
-
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
-
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 16 (он алты) жұмыс күнінен аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
-
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
-
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
-
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшарлар) жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, сояның, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарын шетелдерден іс жүзінде сатып алуға жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшарлар есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ тиісті жылғы 10 қарашадан кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын іс жүзінде сатып алу көлемдері бойынша тізілімді;
2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
3) бірегей тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын ілеспе құжаттарды;
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі – зертхана) тексерілген тұқымдардың мөлшері және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.
Бюджеттік субсидияларды алу үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық аналық екпелерін отырғызу және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызылған көп жылдық аналық екпелерінің аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша шеккен шығындардың нәтижелері бойынша көрсетілетін қызмет алушы оригинаторлар есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ тиісті жылғы 30 қарашадан кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жасалған шарттардың көшірмелерін;
2) шеккен шығындар бойынша төлем фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) кіріске алу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық дақылдарына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқым өсіру шаруашылықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы тұқымшарлар) және тұқымды тұтынушылар жазғы дақылдар бойынша – тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі, күзгі дақылдар бойынша – тиісті жылғы
10 қарашаға дейінгі мерзімде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға шешімінің көшірмесін);
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иегері (лицензиар) көрсетілетін қызметті алушы тұқымшарға немесе тұқымды тұтынушыға (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын ұсынады;
5) ай сайын 1-күнге қарай – көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымдардың мөлшері мен сапасы туралы ақпаратты ұсынады.
Элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы тұқымшардың немесе тұқымды тұтынушының элиталық тұқымдарды іс жүзінде сатып алу көлемдері бойынша жиынтық тізілімді;
2) элиталық тұқымдардың сандық және егістік сапасын растайтын құжаттарды (тұқымға арналған аттестаттың көшірмелерін);
3) зертхананың тексерілген тұқымдардың мөлшері және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын;
4) сатып алынған элиталық тұқымдарға ішінара төлемді растайтын бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін;
5) тұқымдарды тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттардың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
6) көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартының көшірмесін;
7) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесін;
8) статистикалық карта көшірмесін;
9) ағымдағы шоттың болуы туралы банктің анықтамасын ұсынады.
Бюджеттік субсидияларды төлеу сатып алынған тұқымдар үшін тұқымдардың нарықтық құнының елу пайызынан кем емес мөлшерде ішінара төлемді жүргізген сатып алушыларға да жүргізіледі.
Бұл ретте қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы тұқымшарлар мен тұқымды тұтынушылар ведомствоаралық комиссияға құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей ұсынады.
Құнын толық төлеу жөніндегі талаптарды орындамаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқымды тұтынушылар алған бюджеттік субсидиялар қайтаруға жатады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы тұқымшар бір уақытта көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшар болып табылған және бірінші репродукциялы тұқымдарды өндіру үшін өзі өндірген элиталық тұқымдарды пайдаланған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тұқымшар элиталық тұқымдарға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға шешімінің көшірмесін);
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иегері (лицензиар) көрсетілетін қызметті алушы тұқымшарға немесе тұқымды тұтынушыға (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»
1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын ұсынады;
5) ай сайын 1-күнге қарай – көрсетілетін қызметті алушы тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымдардың мөлшері мен сапасы туралы ақпаратты ұсынады.
Элиталық тұқымдарды пайдалану фактісін растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын іс жүзінде өндіру көлемдері бойынша тізілімді;
2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актілерін;
3) элиталық тұқымдарының егістерін байқаудан өткізу актілерін;
4) екі данада егістерді байқаудан өткізу туралы есепті;
5) зертхананың тексерілген тұқымдардың мөлшері және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтаманы;
6) ағымдағы шоттың болуы туралы банктің анықтамасын ұсынады.
Жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның арзандатылған құн бойынша өткізілген элиталық тұқымдарына (бұдан әрі – элиталық тұқымдар) бюджеттік субсидиялар алу үшін жазғы дақылдар бойынша – тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде, күзгі дақылдар бойынша – тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті алушы элиталық тұқымшарлар және көрсетілетін қызметті алушы өткізушілер:
1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттерін белгіленген квоталар шегінде өткізген жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы
13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
2) ай сайын 1-күнге қарай – сатып алушылар бөлінісінде өткізілген элиталық тұқымдардың мөлшері мен сапасы туралы ақпаратты ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшарлар және көрсетілетін қызметті алушы өткізушілер элиталық тұқымдарды өткізу фактісін растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшарлардың элиталық тұқымдар мен көшеттерді іс жүзінде өткізу көлемдері бойынша жиынтық тізілімді;
2) элиталық тұқымды өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (байқаудан өткізу актілері және байқаудан өткізу туралы есеп, көшеттік көбейту тұқымдарын және суперэлитаны сатып алған жағдайда тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
3) зертхананың тексерілген тұқымдардың мөлшері және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын;
4) өткізілген элиталық тұқымдарға бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымдарды тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттар мен
шот-фактуралардың көшірмелерін;
5) көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартының көшірмесін (төрт данада) ұсынады.
Химиялық әдіспен тазарту жүргізілген мақта тұқымын көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құн бойынша өткізген көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша:
1) мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін;
2) химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстар актісін (тұқым өткізушілер – химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстар актісін) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызмет алушыларға толық көлемде қабылданған құжаттар туралы талон беріледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдаған жағдайда шағым:
-
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
-
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналасқан көрсетілетін қызметті беруші басшысының блогына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
______________________
«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_________________________ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалаларының)
ведомствоаралық комиссиясына
Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алуға
өтінім
1. ________________________________________________________негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
_______________________________________________________________________ атынан
(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшы ________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________ тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын
жүргізуге пайдаланылған _______________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, репродукциясы)
тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: __________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Өтінішке:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шарт, ол бойынша патент иегері (лицензиар) көрсетілетін қызметті алушы тұқымшарға немесе тұқымды тұтынушыға (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын ұсынады;
ай сайын 1-күнге қарай – көрсетілетін қызметті алушы элиттұқымшар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымдардың мөлшері мен сапасы туралы ақпарат;
элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін:
тұқымшар немесе тұқымды тұтынушының элиталық тұқымдарды іс жүзінде сатып алу көлемдері бойынша жиынтық тізілім;
элиталық тұқымдардың сандық және егістік сапасын растайтын құжаттар (тұқымға арналған аттестаттың көшірмелері);
зертхананың тексерілген тұқымдардың мөлшері және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасы;
сатып алынған элиталық тұқымдарға ішінара төлемді растайтын бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері;
2
тұқымдарды тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттардың және шот-фактуралардың көшірмелері;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартының көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық карта көшірмесі;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейлі банктің анықтамасы қоса беріледі.
Тұқым шаруашылығының немесе тұқымды тұтынушының заңды мекенжайы мен банктік деректемелері: _____________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
______________________
«Элиталық тұқымдарды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
____________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалардың)
ведомствоаралық комиссиясына
I репродукциялы тұқымдарды өндіру кезінде өзі өндірген ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік
субсидиялар алуға
өтінім
1. _______________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
______________________________________________________________________ атынан
(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшы ________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_______________________ тонна мөлшерінде егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған
_____________________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, репродукциясы)
I репродукциялы тұқымды өндіру кезінде өзі өндірген элиталық тұқымдарды пайдаланғаны үшін субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: __________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Өтінімге:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісінің көшірмесі;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасы қоса беріледі.
Тұқымшардың заңды мекенжайы мен банктік деректемелері: _____________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |