Стандарттау тарихы



бет1/2
Дата01.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#461723
  1   2
стандарттау тарихы


СТАНДАРТТАУ ТАРИХЫ
СТАНДАРТТАУ ТАРИХЫ
Орындаған: ПБ- 31 топ студенттері
Абуталипова А
Айбекова З
Амантай А
Ашимова А
Бақытқали А
Бисен А
Тексерген: Нугманов Қ.С
  • Адамзат дамуымен қатар адамдардың еңбек қызметі де жетілдірілді. Бұл әртүрлі заттардың, еңбек құралдарының, жаңа еңбек тәсілдерінің пайда болуымен көрініс тапты. Мұнда адамдар қайталап қолдану мақсатында еңбек өнімділігінің сәтті нәтижелерін таңдап ала бастады. Ежелгі дүниеде бірыңғай өлшем жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс бұйымдарын, стандартты диаметрлі су өткізгіш құбырларын сол кезден қолдануы стандарттау саласының мысалдарын көрсетеді. Ол осы заманғы ғылыми тілде «көпшілік және көп реттік қолдануға арналған белгілі бір салада ережелерді қалыптастыру арқылы тиімді реттілік дәрежесіне қол жеткізу» деп түсіндіріледі.

Стандарттау түсінігінің пайда болуы
  • Адамның алғашқы есептеу құралы қол мен аяқ саусақтары болды.
  • Ежелгі Египетте олар үлгі болатын шараларды ойлап тапты: шынтақ, алақан, саусақ.
  • Англияда мұндай шаралар қолданылды: дюйм, фут, ярд.
  • Көптеген халықтардың қашықтық өлшемі оқтың ұшу қашықтығы болды.

Машиналық өндіріске өту кезеңінде стандарттаудың керемет жетістіктері орын алды, оған мысал ретінде 1785ж. француздық В.Н.Лебланмен құрастырылған алдын-ала қиюластырусыз бір уақытта дайындалған қарулардың кез келгені үшін әрқайсысы жарамды болған 50 қарулы құлыптар (өзара ауысымдылық және сыйымдылық жетістіктерінің мысалы); жаппай өндіріске көшу мақсатында Германияда корольдік қарулы зауытында қаруға деген стандарт бекітілген, ол бойынша соңғылардың калибрі 13,9мм болып анықталған; 1845ж. Ұлыбританияда бекітуші бұранда жүйесі енгізілді және сол уақытта Германияда теміржол колеясы стандартталды.
  • Халықаралық стандарттаудың бастамасы деп 19 мемлекет өкілдерімен 1875ж. қабылданған Халықаралық метрикалық келісімді және Халықаралық өлшем және салмақ бюросының бекітілгенін атауға болады.
  • Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте стандарттаудың даму бастамасы ретінде өлшем және салмақ метрикалық жүйесінің енгізілгенін қарастыру қажет. 1925ж. алғашқы стандарттау бойынша орталық орган – Еңбек және Қауіпсіздік Кеңес жанында стандарттау бойынша Комитет құрылды.
  • Комитеттің негізгі міндеттері: тізімдеме стандарттарын әзірлеу бойынша тізімдеме жұмысын жетекшілік ету ұйымы, сонымен қатар стандарттарды бекіту және жариялау болды. ОКС (Ортақ кеңестік стандарт) –стандарттар категориясы енгізілді.
  • 1926ж. Комитет бидай сорттарына, шойынға, қара металдар илеміне және халық тұтынуына арналған кейбір тауарлардың алғашқы жалпы Кеңестік стандарттары әзірленді.

1940ж. стандарттау бойынша Жалпы Кеңестік комитет құрылды. ОКС және әртүрлі салалы стандарттар орнына мемлекеттік ортақ кеңестік стандарт (МСТ) категориясы енгізілді. Одан ары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) Министрлер Кеңесінің жанындағы стандарттау бойынша Жалпы Кеңестік комитет өлшем және өлшеуіш құралдар стандарттары Комитетіне түрлендірілді.
1968ж. «Мемлекет ішіндегі стандарттау бойынша жұмыстарды жақсарту туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің 11.01.65ж. Қаулысымен қабылданған алғаш рет әлемдік тәжірибеде мемлекеттік стандарттар комплексі «Мемлекеттік стандарттау жүйесі» (МСТЖ) әзірленді және бекітілді. 1.0-68 МСТ сәйкес стандарттардың төрт категориясы енгізілді: КСРО Кеңесінің мемлекеттік стандарты (МСТ), республикалық стандарт (РСТ), салалы стандарт (ССТ), кәсіпорын стандарты (КСТ).
Стандарттау дамуының белгілі бір жоғарғы сатысы болып 07.01.85 «КСРО стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы танылады. Бұл қаулыда стандарттаудың басты міндеті ретінде өнімге, ережелерге деген қарқынды талаптарды айқындайтын, оның әзірленуінөндірісін және қолданылуын, сонымен қатар бұл құжаттаманың қолдану дұрыстығының бақылануын қамтамасыз ететін нормативті-техникалық құжаттама жүйесінің әзірленуі көрсетіледі.
25.12.90ж. КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысында №1340 «Стандарттау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру туралы» ел экономикасының нарықтық қатынасқа өту жағдайларындағы міндеттері және оның әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдастық етуі анықталды. Қаулыда концепциядағы мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері жүзеге асырылды, ондағы басты идея – ұлттық стандарттау жүйесін халықаралық тәжірибеге келтіру. Негізгі ережелері болып табылады: стандарттарда өнім сапасына қойылатын – міндетті және ұсынылатын екі категорияның бекітілуі.
Міндеттіге қауіпсіздікті, экологиялық тазалықты, өнімнің өзара ауысымдылығын және сыйысымдылығын айқындайтын талаптар кіреді. 
Ұсынылатын талаптар болып талаптары ауыл шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыратын шет елдік халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет