Степной ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі70.89 Kb.
#6620
Степной ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған

жұмыстары туралы есебі
Біз Қазақстанның Стратегиялық дамуының куәгерлері мен қатысушыларымыз. Осы жолдағы еліміздің табыстары біздің мемлекетіміздің Елбасының алдына қойған мақсаттарын орындауға сеніділік береді. Өнеркісіптік бірқалыптылығы мен өсуі біздің округіміздің өміріндеде өз көрінісін табады.

Ауылдық округ аумағында төрт елді-мекен орналасқан, оларда 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайына 419 адам тұрып жатыр, соның ішінде Шелехово ауылында 242, Орловка ауылында 124, Вознесеновка ауылында 50, Троицкое ауылында - 3 адам. Ағымдағы жылы 9 адам көшіп келді, 7 бала дүниеге келді,тіркеуден шыққандар - 43, қайтыс болғандар - 5 адам. Ұлттық құрамы бойынша округте 9 ұлт тұрады, бір орта мектеп,екі кітапхана, екі медициналық пункт, екі дүкен бар.

Ауыл шаруашылығы - негізгі қызмет түрі. Округтің жалпы аумағы 61934 га құрайды, ауылшаруашылығы маңызындағы жерлер 60486 га, соның ішінде шабындық 35279 га құрайды. Округте 50 шаруа қожалығы тіркелген, олар ауылшаруашылығы дәнді дақылдарын өндірумен айналысады. Одан басқа 13645,9 га шабындық алқабы басқа округ шаруашылықтарымен пайдаланылады. 2014 жылы жерді пайдаланудың және өнімнің жаппай жиналуынын жоғарлауы жақсы нәтижесі көрсетіліп отыр. Дақылдарды егу 26825,7 га құрады, оның ішінде дәнділер 12521,1 га,соның ішінде бидай-9302 га,арпа-1221, аралас дәнділер-75,қарақамұқ - 1923,1 га, күнбағыс 13444,1 га, рапс - 635 га, судан шөбі - 225,5 га. 2013 жылға қарағанда егістіктер 19,3 %, соның ішінде дәнділер -20,9 %, күнбағыс - 11,5%. Дәнділердің жалпы жиыны 15300 тоннаны құрады, күнбағыс - 8673 тонна. Алынған орташа өнімділік: дәнділер-12,1 га/ц, соның ішінде бидай - 13,1 га/ц, арпа-7,9 га/ц, қарақамұқ-9,9 га/ц, күнбағыс өнімділігі-6,5 га/ц. Алдымыздағы жылға өнімнің жалпы жиыны - дәнділер 2655 тоннаға, күнбағыс 1131 тоннаға көбейді. Өндірістің өсуі егіс санынын көбеюінің, жерді дайындау сапасының жақсаруының, техникалық паркінің жаңаруынын, жаңа технологияларды және тыңайтқыштарды пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар осы сұрақпен бірге ресустардың үлкен теңгерімі бар. Солай дымқыл сақтау технологиясы бойынша барлығы 1731 га егілді, алқабына 1657 га минералды тыңайтқыштар қолданылды, 4366 га гербицидтарды қолдану арқылы химиялық жыртылды. Жалпы шара нәтижесін арам шөп қысқартты. Жермен жұмыста агротехникалық шаралар өте жоғары деңгейде өтетін шаруашылықтарда үлкен нәтиже алынғанын атап өткен қажет. Факті ретінде бұл көрсеткіштер материалды - техникалық база жағдайына байланысты. Жыл ішінде екі шаруашылықтар ғана техника алды- "Алға" ш/қ МТЗ1221 тракторы, "Асқар" ш/қ «Есіл КЗС-760» комбайны және күнбағыс жинау құралы ПСП 810-17 жалпы соммасы 30 млн. теңге. Бірге қызмет істеуге төрт шаруа қожалықтары келісім жасасты: "Бірлік", "Луна", "Урожай", "Влад". Дәнділер бойынша ең жақсы өнімділікті "Исток-2" ш/қ, көрсетті, орташа өнімділігі 20 га/ц, "Труд-13" ЖШҚ - 17 га/ц, "Қаңлы" ПТ және "Натали" ш/қ -17 га/ц. Күнбағыс бойынша "Достық" ш/қ - 14 га/ц, "Лина" ш/қ -12 га/ц.

Өткен жыл өнім жинау кезінде ауа райы жағдайы бойынша қиын болды, үнемі жауын- шашын жұмыстар жүргізуге кедергісін тигізді. Үнемі сынып қатардан шығып отырған және білікті кадрлардың жоқ шаруашылықтар өнім жинауды қар жауғанға дейін созып алды. Оған жататын шаруа қожалықтар: "Қуаныш", "Восход", "Алмаз". Бүгінгі күні берілген уақытта жұмысты сапалы бітіру, жоғары сапалы дәндерді, тыңайтқыштарды пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндігімен техникалық паркін жаңарту өндірістің әрі қарай дамуы және тұрақтануына жол ашады. Бұл туралы нақты айтқанда, ауылшаруашылығы құрылымдарының әрбір басшысы өндірістің бағасын жасап және оның даму жолдарын әрі қарай белгілеу керек. Бұл үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынылып отыр, бағдарламалар жасалып жатыр, мемлекеттік қолғабыс көрсетіліп жатыр. Осылау жағар май материалдарын және ауыл шаруашылығы өндірушілері мен басқада тауарларда арзандатуға 2014 жылы 29650 мың теңге соммасында субсидия алынды. Ауылшаруашылығы өндірісінде мал шаруашылығы саласында үлкен рөл ойнайды, негізінде осы саланын арқасында округ халқынын өмірі іске асады. Біздің округіміздің 52 пайызы осы саланың өнімін өндіру арқылы ғана кіріс табады. Жыл ішінде ет өндіру 199 тоннаны, сүт-1847 тоннаны, жұмыртқа -311 мың дананы құрады. 2013 жылға ет өсімі 11 тоннаны, сүт-504 тоннаны құрады. Сиырға сауылған сүт 2616 кг құрады. Халық санына өнім өндіру: сүт-4169 кг, ет-440 кг, жұмыртқа-702 дана. Ауылшаруашылығы малдарының мал басы саны 2015 жылдың басына ІҚМ - 1589, соның ішінде сиырлар - 661, ҰҚМ - 1669, аттар - 178, құстар - 1640, ара ұясы - 20 құрады. 2014 жылғы 1 қаңтарға мал басымен салыстырғанда ІҚМ 61 басқа, шошқалар - 109 басқа, құстар - 666 басқа төмендеген белгілі. ІҚМ басының төмендеуі басқа ауданның аумағына 112 бас сатылуымен түсіндіріледі.

Ет өндірісін көтеруде біздің округіміздің осал тұсы халықтың шошқа мен құс өсіруге қызығушылықтарынын жоқтығында.

ІҚМ ман ҰҚМ басынын өсуіне мал бағатын орындар мен мал басын сумен қамту шектеулілігі әсер етеді. Округте 5152 га көп жылғы шөптер бар. Шөп шабумен 28 шаруашылық айналысады. Ағымдағы қысқы уақытта 5830 тонна шөп дайындалды, бұл бар мал басын жем шөппен қамтамасыз етуге жетеді. Бірақта мал шаруашылығы өнімділігінін өсуіне дайындалған жем шөптің құнарлығы әсер етеді, және онын сапасын көтеруге үлкен көңіл бөлу керек. Одан басқа шөптердің өнімділігі үлкен жас болғандықтан төмен, олар жаңармайды. Костер, житняк шөптерінің дәндерін өндіру бойынша дәнді дақыл шаруашылықтарын құруға аудандық және облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының көңілін аударамыз. 2014 жылы, тауарлар табыннын генетикалық потенциалын және өнімдік сапасын жақсарту үшін, жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдалану жолдары арқылы, "Сыбаға" бағдарламасы арқылы "Север" ш/қ (Мных В.) алды, осы бағдарлама арқылы шаруашылық 700 мың теңгеге субсидия алды. 2015 жылына мал шаруашылығын дамытуда "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасына қатысуға екі жеке үй шаруашылығы көзделіп отыр. Мал шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік көмек және оған туған қызығушылық мал шаруашылығы өнімі өндірісін көбейтуге өте жылдам өсуін береді. Ветеринарлық шараларды сақтау, малдарды егуді өткізу, есепке алу және биркілеуді жүргізу қажеттілігін талап етеді.

Округтегі ауыл шаруашылығы дамуы туралы толығымен айтқанда 2013 жылға қарағанда өткен жылы егіс өнімділігінің жалпы жиыны 14,9 пайызға өсіп, 1271 млн. теңгені, мал шаруашылығы 16 пайызға өсіп, 269 млн. теңгені құрады. Округ бойынша өнім өндірудің жалпы жиыны 1540 млн.теңге алынып, алдыңғы жылға 15 пайызға өсіп отыр.

Шағын бизнесті екі дүкен және Семей қаласына халықты жеткізіп салуға бір ЖК құрайды. Құлдырау жүйесін кідіру мақсатында штаб құрылды, ол әлеуметтік - маңызды тауарлардың негізгі тобына бағалар мониторингісіне үнемі бақылау жүргізді. "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңынын іске асыру мақсатында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қолданылады. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ арқылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан және тіркелген дер саны - 3 адам. 7 жұмыс орны құрылды. МАӘК алатындар округте жоқ. Тұрғын-үй көмегін 12 отбасы алды. Зейнеткер – мерейтой иелеріне ерекше көңіл бөлінеді, оларға шаруа қожалықтарының демеушілік көмектері арқылы естелік сыйлықтар берілді.

Осы уақытта округте бір ҰОС ардагері және үш ауған шайқасына қатысқандар тұрады. ҰОС ардагері В.С. Воробьеваға Жаңа жыл қарсанында мерекелік сыйлық пен біздің мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтан құттықтау берілді.

Жастармен спорттық даму және олардың бос уақытын өткізулері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жылы әр түрлі тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, демалыс кештері өткізілді. Ауданның АНТ өкілдерінің қатысуымен бағдарламалық сұрақтардың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша округ белсендісімен кездесулер өтті. Спорттық секциялар жиі өткізіліп тұрды, округ жастары аудандық және аумақтық спорттық жарыстарға ат салыса қатысты. Мемлекеттік тілді іске асыру, мәдени және тарихи құңдылықтарды сақтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Мерзімді баспасөзге жазылым белсенді өтті. 2014-2018 ж.ж. елді-мекендердің дамуынын кешенді жоспарына сәйкес Шелехово ауылында шаруа қожалықтарынын өз қаражаты есебінен су құбыры стансасына жол себілді. 80 метрге созылған учаскіге 250 тонна грунт әкелінді. Елді-мекендердің мәдени келбетін және санитарлық тазалығын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шаруа қожалықтардың спонсорлық көмегімен жылдың барлық мемлекеттік және күнтізбелік мерекелері аталып өтті, оған мектеп ұжымы ат салыса қатысты. Оқу кезінде қожалықтар 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыруға көмектесті. Денсаулық сақтау саласында салауатты өмір салтын құру бойынша алдын алу жұмыстары мен шаралар жүргізілді. Біздің округіміздің қарт адамдарын медициналық қызметкерлер жоспарлы аралап отырды. Қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау үшін полицияның учаскелік инспекторымен бірлесе отырып тұрмысы нашар отбасыларды аралаумен заңбұзушылық бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Барлық қозғалған сұрақтарға әкімдік тура және белсене араласты, сұрақтар барлық қоғамдық ұйымдардың қатысуымен шешілді. Бұл жұмыста «Нұр Отан» партиялық ұйымы үлкен көмек көрсетті, оған округте 26 партия мүшесі кіреді.

Маңызды өмірлік сұрақтар белсенділер жиналысында және халық жиынында талқыланды, ағымдағы жылы 6 жиын және 4 белсенділер жиналысы өтті. Шаруа қожалықтарынын басшыларымен 582 мың теңге соммамасында 6 меморандумға қол қойылды, орындалуы 645 мың теңгені құрады. Округ өміріне ат салыса қатысатындар: ардагерлер кеңесінің төрағасы В.И. Шевченко, әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Т. Исабекова, «Алға» (Бергенев М.С.), «Север» (Мных В.А.), «Мечта» ( Пастушенко Н.М.) шаруа қожалықтарынын басшылары.

Округ аудандық шараларға қатысады, Семей және Өскемен қалаларына әлеуметтік ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріне өнімімен жиі шығып тұрады, оған кәсіпкер Н. Жилбаев үнемі қатысады.

Тамыз, қыркүйек айларында Шелехово ауылында мектеп базасында Латвия, Бельгия, Польшадан келген шет ел әртістерінің қатысуымен көркем фильм түсірілді, бір бөліктерінде біздің ауылдастарды түсті. Ағымдағы жылы аудандық «Аудан тынысы» және «Пульс района» газеттеріне округ өмірі туралы жиі мақала беріліп отырды.

Әкімдіктің 2014 жылға 11297 теңге жоспарында бюджеттік құралды пайдалануы 99,9 пайызды құрады, факті бойынша 11294 теңге. Салық жинау бойынша көлем орындалды. Мүлікке салық 51774 теңгені , жер салығы 65039 теңге, көлікке салық 805439 теңге құрады.

Халықтың барлық өтініштері мен үндеулері уақытында және толығымен орындалды.

Президентіміздің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа жолдауы біздің мемлекетіміздің Елбасының үлкен көрегендігі туралы айтады. Инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестің дамуы, экономиканың дамуы мен күшеюіне тағы бір адым. Ағымдағы жылы біздің аудан ауылдардың дамуы мен күшеюіне қолғабыс ететін индустриализациялау жолынмен мал шаруашылығын дамыту жобасына енді. Алға қойылған тапсырма мал басынын өсуі, малдардың тұқымының сапасынын жақсаруы, қаңағаттандырарлық жем-шөп базасын құру, өнімді өткізу каналдарын дайындау.

2015 жыл мерейлі дата болып келеді- фашизмді Жеңгенімізге 70 жыл. Қайтыс болғандарға естелік ретінде, оның ішінде біздің бір жерлесіміз- Совет Кеңесінің батыры И.Т. Гулькинде бар, Жеңіс саябағын жақсарту көзделіп отыр.

Мемлекетіміздің Елбасының алдына қойған мақсаттарын шындыққа жаңастыру үшін, халықтың жағдайын көтеруге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар шешімін, экономиканы көтері бойынша Степной ауылдық округі әкімдігі одан әрі жұмысты жүргізетіндігі туралы сіздерді сендіремін.


Г.Н.Михайличенко, Степной ауылдық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет