Стоматология факультеті



бет1/4
Дата27.09.2022
өлшемі0.98 Mb.
#461423
  1   2   3   4
Тіс морф 4 апта

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Стоматология факультеті

«Терапиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасы


Орындаған: Жоланова Дильнура
Дилдабек Гауһар
Қабылдаған: Есентаев Дархан
Тақырыбы:Сегменттер осінің контурларын және халықаралық жүйені анықтайтын тістердің морфологиясымен, көлбеу жазықтықпен байланысты негізгі терминология (есептеулер, тістердің атаулары)

Жоспары:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Тіс қатары
  • Тіс формулалары
  • Ересек тіс формуласы
  • Балалар тіс формуласы
  • Тіс құрылысы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Тіс (dentes) — адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойыны, түбірі болады. Сауыт пен түбірді қызыл иекке жалғасатын мойынша (түп) бөліп тұрады. Тіс негізінен дентиннен құралады, оны сауыт жағынан тісті зақымданудан қорғайтын қатты жылтыр эмаль, ал түбір жағынан – құрылысы сүйекке ұқсайтын цемент жауып тұрады. Тістің іші қуыс, онда тіс ұлпасы орналасқан. 

Тістер анатомиясы

  • Тіс (dens) – жақ сүйектірінің альвеоласында орналасқан, дентиннен, кіреукеден, цементтен тұратын, тағамды тістеуге, шайнауға арналған құрылым.
  • Тіс эмбрионың ауыз қуысы кілегейлі қабығының туындысы. Эпителийден кіреуке, эпителий астындағы мезенхимадан ұлпа, дентин, цемент, периодонт дамиды.

Тістердің анатомиялық құрыласы.

  • Тістер сауыттан (corona dentis), мойыннан (collum dentis), түбірден (radix dentis) тұрады.тістің мойын бөлігінде кіреуке аяқталып, түбірлік цемент басталады. Тістің ішінде қуыс бар (cavum dentis), ол сауыттық қуыс және түбірлік қуыс болып бөлінеді. Түбірлік өзектер түбір ұшында апикальды тесікпен аяқталады.
  • Тіс сауыты бірнеше беткейден тұрады:
  • - вестибулярлы
  • - жанасу (медиальді, латеральді)
  • - оральді
  • - кесу қыры, шайнау беті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет