Стоматология


Ауызмаңы аймағының пластикасы



бет172/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
книга-хирургическая-стоматология

Ауызмаңы аймағының пластикасы
Жоғарғы және төменгі еріннің ақаулары жартылай және түгелдей деп бөлінеді. Қызыл жиегіндегі кішкене ақауларды шырышты қабықты жылжыту арқылы орнына келтіруге болады.
Ауыз қуысының айналасындағы тыртықтану процестерінің салдарынан тарылып микростомия дамиды. Ондай деформацияның үш тәсілмен қалыпқа келтіреді.
1) И. Г. Лукомский әдісі. Ауыздың бұрыш аймағының зақымданбаған терісінен түбін ұрт аймағына қаратып төрт бұрыш қиықтар қиылады. Одан кейін осы қиылған тері қиықтары ауыздың ішіне қарай қайырылып, шырышты қабықпен тігіліп тасталады. Мұндай операциялар тек әйелдерге жасалады. Егер қиық қиған аймақта сақал немесе түк болмаса ерлерде де жасалады.
2 А. И. Евдокимов әдісі. Ауыздың айналасындағы тыртықарды ауыздың шетінен жартылай кесіп ішкі шырышты қабығын іреп босатып, сыртқы теріге қайырып тігеді. Ауыздың бұрышы мен қызыл жиегі қоса қалыпқа келтіріледі.
3) Г. А. Васильевтің әдісі. Жақсы сақталған еріннің қызыл жиегінің шетінен айналдыра тугелдей кесіледі. Одан кейін осы доға тәрізді қиықты кең түрде іреп босатады. Оны көлденең тіліп тыртық байламдарынан босатып, тартып тігеді. Ауыз қуысын неғүрлым кең етіп (6—7 см-ден көп) жасаған дұрыс. Себебі кейінгі тыртықтану процестерінің әсерінен ол аздап тарылады.
Тыртықтану процесінің салдарынан кіреберісі мен өтпелі қатпары жойылып кетеді. Сондықтан осы аталған жерлерге теріні еркін көшіріп пластина жасалады. Қос ерін бұл көбінесе жоғарғы еріннің қызыл жиегінің астынан пайда болған шырышты қабықтың қосымша қатпары. Ол дұрыс сөйлеуге бөгет жасайды және науқастар оны көбіне тістеп ала береді. Ол шырышты қабық-асты клетчаткасы мен шырыш бездерінің шамадан тыс өсуінің сал-дарынан пайда болады. Сондықтан қыртысты алу кезінде клетчаткамен шырыш бездерін толық алып тастау керек.
Жоғарғы еріннің туа біткен, операциядан кейінгі жартылай ақауларынан кейін Эстландер және Абби үсынған әдістермен қайтадан операциялар жасалады. Операцияның маңызы төменгі еріннің ақауы үшін сына тәрізді қиық алу. 15— 16 күннен кейін оның аяқшасы аналық негізінен кесіледі.
Жоғарғы еріннің екіжақты жырығын қалпына келтіруден кейін қалған ақауларға сына тәрізді емес, қарлығаштың қүйрығы немесе латынның „V" әріпі секілді етіп алынады.
Жоғарғы жақтың толық ақауын қалыпқа келтіру үшін Браунстың ұрттан алынған төрт бұрышты тері ет қиықтарын біріне-бірін 90°-та бұрып тігу, Ю. К. Шимановскийдің ұрттан алынған төрт бұрыш жылжымалы қиығы, Иозефтің ерін ұрт қатпарынан алынатын сына тәрізді қиығы қолданылады. Кейде Брунс және Ю. К. Шимановскийдің әдістері Эстландер және Абби әдістерімен қосылып жасалады. Төменгі еріннің ақаулары Брунс, Ю. К. Шимановскйй, Иозеф, Седилло әдістерімен қалыпқа келтіріледі. Айта кететін нәрсе ер кісілердің жоғарғы және төменгі ерін ақаулары самай-төбе аймағынан және А. Г. Лапчинскийдің иекасты аймағынан алынатын қиықтарымен қалпына келтіріледі. Кейде еріннің толық ақауларын Филатов сабақшасы арқылы жамауға болады. Бірақ мұндай еріндер қозғалыссыз болғандықтан ауыз үнемі ашық жүреді және одан сілекей ағып тұрады.

Мазмұны



Кіріспе

1

І тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет