Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттары, олардың ерекшеліктері Әлеуметтік стратификация - адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)
Қоғамда адамдардың стратталарға жіктеудің тарихи 3 типі белгілі. Олар: - Касталар;
- Сословиелер
- таптар
Осы аталған жіктеудің 3 типіне байланысты стратифиациялық жүйе: - Ашық – қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым, ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады.
- Жабық жүйе – Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған.
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — - қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады.
Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады: - 1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
- 2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
- 3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
- Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам үш таптан тұрады: Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай: - I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.
- II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.
- IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.
Орындаған:
Достарыңызбен бөлісу: |