Stud kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады



бет1/3
Дата21.02.2022
өлшемі27.03 Kb.
#455593
түріПрограмма
  1   2   3
stud.kz 3945

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




ДӘРІС 1
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУ
басы
Мақсаты:
Дербес
компьютердің
жұмысымен
жəне
негізгі
құрылғыларымен танысу. Программалық қамсыздандырылуы ұғымымен
танысу.
1.1 Негізгі теориялық бөлім
Қазіргі кезде ықпалды болып отырған компьютерлер америкалық IBM
фирмасының компьютерлері. Өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (IBM
PC) бұл фирма алғаш рет осыдан ширек ғасыр бұрын шығарған. Осыдан
кейін ақ көптеген фирмалар ұқсас компьютерлерін шығара бастады, оларды
IBM-сəйкесі немесе жєй ғана РС деп атайды.
«Сəйкес» дегенді бұл компьютерлерде Intel фирмасыныњ процессорлары
орнатылғандығы деп ұғуымызға да болады. Ал сəйкес еместердің ішінде
Apple фирмасының Macintosh компьютерлерін атауға болады.
ДК-дің міндетті негізгі үш компоненті болады: жүйелік блок, монитор,
пернелік тақта.
Бұлардан басқа ДК-ге қосылатын құрылғылардың ішіндегі негізгілері:
– Принтер – мəтіндік немесе графиктік ақпаратты қағазға басып
шығаруға арналған құрылғы;
– Маус – ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін атқаратын құрылғы;
– Модем – ДК-дің басқа компьютерлермен телефон желілері арқылы
байланысына қажетті құрылғы.
1.2 Пернелік тақта сипаттамасы
Пернелік тақта командалар мен түрлі ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін
атқарады. Қызметі бойынша пернелік тақтаныњ пернелері 5 топқа бөлінеді:
алфавит блогы, функционалдық пернелер, цифрлық пернелер, курсорды
басқару пернелері, көмекші пернелер.
Алфавиттік блоктарда орыс əріптерден латын əріптеріне өту арнайы
программа – пернелік тақта драйверінің көмегімен жүзеге асады.
Shift қызметші пернесінің көмегімен əріптерді бас əріп түрінде жазуға
болады. Яғни жоғарғы регистр режимі іске қосылады. Caps Lock арнайы
пернесі арқылы үнемі бас əріптерді жазатын режимді іске қосуға болады.
Көмекші пернелердің ішіндегі ең негізгісі Enter пернесі. Оның қызметі
команданы енгізуді аяқтау немесе мəзірден таңдауды аяқтау, келесі жолға
көшу, мəтіндік редакторларда - жаңа абзац бастау.
Ctrl (басқару) жəне Alt (альтернатива) көмекші пернелері тек қана басқа
пернелер комбинациясымен бірге қолданылады, жəне қандай да бір
команданы орындайды. Esc пернесінің көмегімен команданы орындатпауға
болады.
F1…F12 пернелері əр түрлі программаларда қандай да бір команданы
орындайды.
Цифрлық блок атына сəйкес цифрларды енгізуге арналған. Цифрлық
блокты Num Lock пернесімен іске қосамыз.


1.3 Жүйелік блок
Жүйелік блок сыртқы формасы жағынан desktop - столдық формада,
minitower – башня түрінде болады. Кейде жүйелік блок пен монитор
біріктіріліп, бір корпусқа орнатылады. Мысал ретінде notebook қарастыруға
болады.
Жүйелік блоктың алдыңғы жағында Reset батырмасы орналасқан. Ол
компьютер белгісіз бір себептермен қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра
алмаса оны қайта жүктеуге арналған. Қайта жүктеуді пернелік тақтаның
көмегімен де орындауға болады, ол үшін Ctrl+Alt+Delete пернелер
комбинациясын басамыз. Осы тəсілмен компьютерді қайта жүктеу
орындалмай қалса ғана Reset батырмасын қолдану керек.
Жүйелік блоктың ішінде блок питания, материнская плата, процессор,
винчестер, жəне бірнеше контроллер орналасқан. Контроллер – принтерді,
тышқанды, дисководты, т.б. басқаруды орындайтын микросхемалы кішігірім
платалар.
Процессор орналасқан плата материнская плата деп аталады, өйткені ол
негізгісі болып табылады жəне оған басқа контроллерлер жалғанады. Бұл
жалғанатын разъемдар кейде слоттар деп аталады.
Процессор – барлық программаларды орындайтын үлкен интегралды
микросхема.
Процессорда
арифметикалық-логикалық
операциялар
орындалады, компьютердің барлық элементтерін басқаратын командалар
дайындалады. Intel фирмасы Pentium Pro типті процессорлар шығарады.
1.4 Монитор
Монитор экранға мəтіндік жəне графиктік ақпаратты шығаруға арналған.
Монитор экранының мөлшері диагоналінің дюймдік өлшемімен анықталады:
15′′, 17′', 19'' т.с.с. Монитор компьютерге видеокарта арқылы қосылады.
Монитор жұмысының екі режимі бар: мəтіндік жəне графиктік. Мəтіндік
режимде ақпарат экранда 80 символдан тұратын 25 жол бойымен көрсетіледі.
Графиктік режимде монитор экраны нүктелерден (пиксель) тұрады. Бұл
режим түрлі графиктерді, түрлі конфигурациялы жазуларды көрсетуге
арналған.
Монитордың негізгі қасиеттерінің бірі – видеоадаптердің шешімдік
мүмкіндігі (разрешаюшая способность видеоадаптера). Бұл экрандағы
горизонталь жəне вертикаль бойынша орналасатын нүктелер саны. Ол экран
мөлшеріне байланысты емес. Қазіргі мониторларда ол 800*600; 1024*768
жəне 1280*1024.
Күзге əсер ететін параметрлердің бірі – кадрлық ауысудың жиілігі
(частота кадровой развертки). Ол 80-нен кем болмауы керек деп есептеледі.
1.5 Дербес компьютер танысу


1. Дербес компьютердің құрылғыларының өзара жалғасуын, орналасуын
қарап шығу. Жүйелік блок пен монитордың алдыңғы панеліндегі жазулар
мағынасын түсіну. Клавиатурадағы пернелер тобының орналасуына мəн
беру.
2. Компьютерді іске қосуды дұрыс орындау: жүйелік блок, дисплей.
Операциялық жүйенің жүктелуін қадағалау.
3. Принтерді іске қосу оған қағаз орнату.
4. Norton Commander программалық қабықшада F10 пернесі арқылы
шығып, MS DOS операциялық жүйесін жүктеңіз. Ол үшін Пуск – Программы
– Сеанс MS DOS командалар тізбегін орындаңыз. C:\> түріндегі MS DOS
жүйесінің шақыруы пайда болады.
5. Командалық жолда келесі командаларды əрқайсысын Enter пернесі
арқылы енгізіп орындап көріңіз:
CLS – экранды тазалау командасы;
VER - компьютердегі операциялыќ жүйеніњ версиясы көрсетіледі;
DATE – ағымдағы дата көрсетіледі, осы формада жаңа
датаны теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;
TIME - ағымдағы уақытты көрсетіледі, осы формада жаңа
уақытты теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;
6. Принтер қосылып жəне оған қағаз орнатылған кезде Print Screen
пернесін басыңыз (қағазға экран копиясы басып шығарылады).
7. Ctrl, Alt жəне Delete пернелерін бір мезгілде басып компьютерді қайта
жүктеңіз. Ондағы пайда болған мəліметтерді Pause пернесін басу арқылы
тоқтатып оқып шығыңыз.
8. Əр компьютерде орыс алфавитінен ағылшын алфавитіне
ауыстыратын пернелер комбинациясы əртүрлі программаланған болуы
мүмкін, сол пернелер комбинациясын анықтањыз: Ctrl+Shift немесе Alt+Shift.
9. Орыс алфавитіне көшіп өз аты-жөніңізді теріп жазыңыз, латын
вариантын теріп көріңіз.
10. Компьютерде жұмыс істеуді аяқтау мынандай тəртіппен аяқталады:
Пуск – Завершение работы – Выключить компьютер.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Е.К. Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дəулетқұлов Информатикадан 30 сабақ,
Алматы, «Шартарап» 2001
2. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере под
ред. проф. Н.В.Макаровой, 1997, Финансы и статистика
3. Специальная информатика С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев
Москва, АСТ пресс 2001
4. Практикум по общей информатике под ред. проф. В.П.Омельченко
Ростов-на-Дону, «Феникс» 2003


2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУ. MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕСІ
басы
Мақсаты: Программалар классификациясын білу. Операциялық жүйелер
мен қолданбалы программаларды айыра білу. Қызметші программалармен
жұмыс. MS DOS командаларын білу, NORTON COMMANDER жұмысын
білу.
2.1 Программалар классификациясы
Программалық қамсыздандырылуы – бұл қолданушының жұмысына
қажетті программалар жиынтығы. Шартты түрде ол 3 класқа бөлінеді:
- жүйелік программалар;
- қолданбалы программалар;
- программалау жүйелері.
Жүйелік программалар əр түрлі көмекші қызметтерді атқарады.
1. Операциялық жүйелер – компьютер қосылғанда жүктелетін
программалар. Ол қолданушы мен компьютер арасындағы диалогты
ұйымдастырады, компьютерді басқарады, басқа программаларды жүктейді.
2. Драйверлер – операциялық жүйелердің енгізу-шығару құрылғыларын
басқару қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Драйвердің көмегімен
компьютерге жаңа құрылғыларды қосуға болады.
3. Программалық қабыршақтар (мысалы, Norton Commander) –
компьютермен қарым-қатынасты көрнекілейді, оңайлатады.
4. Операциялық қабыршақтар – бірнеше программаның бірден жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді, графиктік программаларды құруды оңайлатады.
5. Утилиттер – көмекші қызмет атқаратын программалар. Мысалы,
антивирустік программалар – компьютерді вирустардан қорғау, емдеу
қызметін атқарады; диагностикалық программа – компьютердің жұмыс істеу
қабілетін тексереді; коммуникациялық программалар – компьютерлер
арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады.
6. Қолданбалы программалар – əр түрлі мақсатта қолданылатын
программалар:
- Мəтіндік редакторлар;
- баспа жүйелері;
- электрондық кестелер;
- мəліметтер қоймасы.
7. Инструменталдық жүйелер – компьютер үшін жаңа программалар
жасауды қамтамасыз етеді. (Паскаль, СИ, Бейсик, т.б.)
2.2 MS DOS операциялық жүйесінің командалары
Жұмыс мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің негізгі
командаларымен танысу. Каталогтармен, файлдармен, дискілермен
жұмыс.
MS DOS операциялық жүйесі командалық интерфейсті қолданатын
операциялық жүйеге жатады, яғни барлық əрекеттер қандай да бір
команданы енгізу арқылы жасалады. Команданы енгізу Enter пернесін басы
арқылы аяқталады. Команда латынның кіші əріптерімен де, үлкен
əріптерімен де теріле береді.
Команда > белгісімен аяқталатын DOS шақыруынан кейін енгізіледі.
Мысалы A> немесе C:\>.
MS DOS программасының анықтама жүйесінен оның командалары
туралы жалпы мағлұматты алуға болады. Ол үшін команданы /?
параметрімен бірге енгізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет