Студент Кайпов Сапарбай Буранбаевич



Дата30.09.2022
өлшемі419.01 Kb.
#461700
түріДиплом
Кайпов


Студент Кайпов Сапарбай Буранбаевич
«Дене тәрбиесіндегі сыныптан тыс жұмыстардың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері » тақырыбында орындалған дипломдық жұмысына
РЕЦЕНЗИЯ
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Дипломдық жұмыста әртүрлі заманауи әдістемелік көздер негізінде қолдану арқылы жүзеге асырылды. Ғылыми әдеби көздерден алынған деректерді сауатты түсінді, «дене шынықтыру» ұғымын сипаттама берді, дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін зеріттеді және де дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқытудың орны мен мәнін қарастырды.
Зерттеудің өзекті және қызықты тақырыбын таңдады. Ұсынылған жұмыста зерттеу тақырыбы толығымен ашылды, бірқатар қызықты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды. Барлық нәтижелер мен тұжырымдар негізделген және сенімді.
«Дене тәрбиесіндегі сыныптан тыс жұмыстардың жеке тұлғаның қалыптасуына әсері» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысы жоғары оқу орны талаптарына сай жазылған. Дипломдық жұмысты қорғауға ұсынуға болады.

Рецензент Ибраев Болаткалий Муканович




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет