БАоӨЖ №1
Топ:До 24-1у
Студент:Мырзағали Самал
Қабылдаған:Жұмаділдаев М.
Пән:Қазақстан тарихы
Қызылорда-2024
Кеңес одағының батырлары
Әбутәліпов Әнуар (1923-2002)
Әбутәліпов Әнуар (1923 жылы туған, Жаңақорған ауданы «Талап» ұжымшары) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Армия қатарына 1942 жылы қазан айында шақырылған.
1942 жылы қазан айында 19 жасында майданға аттанды. 1943 жылы ақпанда ол тұңғыш рет ұрысқа кірді, 53-армияның Звенигород әуе-десанты дивизиясының 13-гвардиялық атқыштар полкінің станокті пулемет расчетінің командирі болды. 1944 жылдың қазанында Дебрецен операциясына қатысып Тисса өзенінен өту кезінде ерекше батылдық көрсетіп, көзге түсті. Ержүрек жауынгер өзеннің екі жағалауына 47 рет қатынап, жауынгерлерді, оқ-дәрі, байланыс заттарын өзеннен өткізеді, ұйқысыз дем алмай тәуліктен астам уақыт жұмыс істейді. Өз пулеметінен оқ жаудырып 18 жауды жайратты, жаудың 3 "тигрын" от-жалынға орады.
Осындай ерліктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Әнуар Әбутәліповке Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Жеңіспен елге оралған Ә.Әбутәліпов Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен" кеңшарында еңбек етті. 2 рет Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ақын Адырбек Сопыбеков батырдың ерлігі жайлы "Жүрек жұтқан" атты дастан жазды.
Балмағанбетов Мақаш(1914-1977)
Мақаш Балмағамбетов 1914 жылы 29 қыркүйекте Қазалы ауданындағы №17 ауылда, малшының отбасында дүниеге келген. Малшының шаңырағында өссе де, хат танып, 4 сыныпты бастауыш мектепті бітіріп шығады. Кейіннен өзінің туған колхозында есепші, техник болып жұмыс істейді.
Жасы 30-ға таяған шағында, 1943 жылы Қараөзек аудандық әскери комиссиартынан майданға шақырылды. Сөйтіп, 1943 жылдың наурызынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты.
1943 жылғы 25 қыркүйекте гвардия сержанты Мақаш Балмағамбетовтың басшылығымен жеке оқу батальонның 2-ші рота бөлімшесі алғашқы болып, Украинаның Днепропетровск облысының Жоғарғы Днепр ауданы Бородеевка кентінің маңындағы Днепр өзенінен жылдам өтіп, гитлерлік пулеметшілермен қанды шайқасқа түседі.
Бір күнде сержант Балмағамбетовке сеніп тапсырылған бөлімше атқыштар ротасының басқа бөлімшелерінің өткелден өтіп кетуін қамтамасыз ете отырып, қарсыластың 3 бірдей қарсы шабуына тойтарыс берді.
Ал түнгі шабуылдар кезінде жауынгерлер Бородаевка кентінің шетіне шабуылдап, қосымша күш келгенге дейін өздері басып алған шабуыл шебін ұстап қалды.
1943 жылдың 28 қыркүйегінде жарым түнде сержант Балмағамбетов жаудың бірнеше атыс орны тұрған үйді жарып жібереді. Соның арқасында батальон алға жылжып, ауылды басып ала алды.
Бұл ерлігі үшін Балмағамбетов жоғары марапатқа ие болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен фашистік-неміс басқыншыларына қарсы күрес майданында жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны және ерлік пен қаһармандық танытқаны үшін гвардия сержанты Мақаш Балмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі тағылды.
1945 жылы аға сержант Мақаш Балмағамбетов демобилизацияланды. Соғыс аяқталғаннан кейін ол Қарақалпақ АСКР-ның астанасы Нүкіс қаласында тұрып, сонда қызмет етті. Соңына дейін неміс басқыншыларына қарсы тұрып, бекінісін бермей қорғап қалған қазақтың батыр ұлы 1977 жылы 29 қыркүйекте дүниеден озды.
Ларинов Семён Архипович(1915-1984)
Ларинов Семён Архипович 1915 жылы 1 сәуірде Татарстан Республикасының Черемшан селосында дүниеге келген, ұлты мордвин. 1940 жылы Армия қатарына әскери борышын өтеп келгеннен кейін, Қызылорда қаласындағы электромонтерлер курсында оқиды. Соғысқа барғанға дейін осы мамандық бойынша жұмыс істейді.
1941 жылы Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанып, артиллериялық взводтың командирі шенінде соғысқа қатысқан.
1943 жылғы 16 қазанда Днепр өзенін көктөй өтіп, Гомель облысының Щитцы деревнясы ауданында жау плацдармын талқандап, жау қолындағы билікті тартып алып, осы шайқас үстінде бірнеше ондаған гитлершілерді жер қаптырды.
Осы ерлігі үшін Семен Архипович Ларионов 1943 жылдың 30 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін Жамбыл облысының Мерке ауданында партия органдарында қызмет атқарды.
Самороков Николай Никалаевич (1910-1974)
Самороков Николай Никалаевич 1910 жылы 5 мамырда Перовск (Қызылорда) қаласыңда дүниеге келген. Армияға 1940 жылы шақырылды. 1942 жылы әскери-авиациялық училищені бітірген.
1943 жылдың тамыз айында штурмовиктер тобы Старая Русса-Заболотно ауданындағы жаудың артиллериялық батареяны, бес зенит пушкасын қиратты. Николай Самороков жүзден астам жауынгерлік ұшу жасады, 34 әуе шайқасына қатысты.
Соғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 24 қазандағы Жарлығымен ұшқыш-штурмовик, гвардия аға лейтенанты Николай Николаевич Самороковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Орынбор каласында тұрды, 1974 жылы қайтыс болды.
5.Михайлюк Яков Данилович (1919-2011)
Михайлюк Яков Данилович 1919 жылы Қызылорда облысы Қазалы стансасында дүниеге келген. 1938-1939 жж. Қазалы стансасындағы фабрика зауыттық училищесін (қазіргі №5 кәсіптік мектеп) паравоз машинисі мамандығы бойынша бітіріп, Қазалы локомотив депосында жұмыс істеген. Соғыс басталысымен авиация мектебінде оқиды. Мәскеу түбіндегі, Сталинград, Курск, Орел, Берлиндегі әуе ұрыстарына қатысып, жеке өзі жаудың 26 ұшағын атып түсіреді.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылы Яков Михайлович Михайлюкке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді. Өзінің жауынгерлік жолы жайлы «Мен –Сұңқар шабуылға шықтым» атты кітап жазған. Ол оқыған №5 кәсіптік мектептің алдындағы көшеге аты берілген. 17 жауынгерлік орден, медальдармен марапатталған
Подольцев Иван Григорьевич (1910-1944)
Подольцев Иван Григорьевич (1910, Ресей, Орынбор губерниясы – 1945) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). 1928 жылға дейін Қырғызстанда жұмыс істеген. 1930 – 35 жылдары Қызыл Армия қатарында болған. 1935 – 38 жылдары Ішкі істер халық комиссариатында жұмыс істеді. 1938 – 41 жылдары Қызылорда қаласында қызмет атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Ленинград және Карель майдандарында ерлікпен шайқасты. Ленин, «2-дәрежелі Отан соғысы», Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған
8.Артёмов Пётр Михайлович (1919-1991)
Петр Иванович Артёмов 1919 жылы 29 қыркүйекте Олонец провинциясының Вытегорский ауданы Тихманга волосының Игнатовская (Шилскова) ауылында (қазіргі Архангелск облысы Каргополь ауданы Ухоцк муниципалитетінің аумағы) шаруа отбасында дүниеге келген. 1935 жылы көршілес Патровская ауылындағы Тихманг жеті жылдық мектебін және 1937 жылы Архангельск техникалық байланыс училищесінде екі курсты бітіріп, кейін Пермь облысының Кизель қаласында көмір тресінде жұмыс істеді.
1939 жылы Артемов жұмысшы және шаруа қызыл армиясына қызметке шақырылды. Кеңес-фин соғысына және Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны КСРО-ға қосу операциясына қатысты. 1941 жылы Артемов Одессадағы әскери жаяу әскер училищесін бітірді.
1941 жылдың маусым айынан Ұлы Отан соғысы майдандарында болды. 1944 жылдың шілдесіне қарай капитан Артемов 1-Белорус майданының 47-армиясы 132-атқыштар дивизиясының 498-атқыштар полкінің батальонына басшылық етті. Ол Волын облысы Ковель қаласынан батысқа қарай неміс әскерлерінің қорғаныс шебінің серпілісі кезінде ұрыстарда ерекше көзге түсті. Артемовтың батальоны жау траншеяларын бірінші болып жеңіп, артиллериялық батареяны, 4 ауыр және 7 жеңіл автоматты, 60-қа жуық неміс солдаттары мен офицерлерін жойды. 1944 жылы 20 шілдеде батальон Челм-Брест темір жолын кесіп өтіп, жау шебінің артына шығып, үлкен олжаларды басып алды.
9.Романов Александр Дмитриевич (1922-1945)
Романов Александр Дмитриевич (1922, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 27.4.1945, Берлин қ.) – соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (27.6.1945). Соғыстың алғашқы күндерінде Романов әскери училищені бітіріп, майданға аттанды. 1942 жылы маусым айында ұрысқа кіріп, Еділден Эльбаға дейінгі жауынгерлік жолдан өтеді. 1-Украина майданындағы 3-гвардиялық танк армиясына қарасты 70-механикалан дырылған Проскуров бригадасының 1-мотоатқыштар батольонында рота командирі лейтенант Романовтың жауынгерлері 1945 жылы көктемде Берлиннің іргесіндегі Нейсе өзені жағасындағы шайқастардың бірінде 104 жаудың көзін жойып, 118 адамын тұтқынға алды. Жеке өзі 19 дұшпанды құртып, рота 15 автомашина мен 45 автомат, 9 станокты пулеметті қолға түсірді. 23 сәуірде Романовтың ротасы күші басым жаудың алты бірдей қарсы шабуылын тойтарып, қарша бораған оққа қарамастан, Тельтов каналын кешіп өтіп, плацдармды иеленді. 27 сәуір күні қала көшесіндегі қиямет-қайым ұрыста ерлікпен қаза тапты. Романов оқыған «Төменарық» аулындағы 53-орта мектебі батыр есімімен аталады. Мектеп мұражайында арнайы бөлме ұйымдастырылған.
Счастнов Владимир Михайлович (1915-1944)
Счастнов Владимир Михайлович (1.8.1915, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті - 11.10.1944, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі.
1938 жылы Хасан көлі маңындағы қақтығысқа қатысқан. 1942 жылдың қыркүйегінен 2-Беларусь майданына қарасты 1-гвардиялық шабуылдаушы инженер-саперлік бригаданың 4-гвардиялық жеке шабуылдаушы инженер-саперлік батальоны кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы 10 қазанында Счастновтың саперлер бөлімшесіне шабуылдаушы күштер үшін Грабник деревнясы (Польша) маңындағы алаңды жау минасы мен тікенекті сымдарынан тазарту міндеті жүктелді. Тапсырманың негізгі бөлігі орындалған кезде жарылған минаның жарықшақтарынан бірнеше жауынгер қаза тапты. Счастнов 8 жерден жарақат алып, жеке өзі 18 минаны залалсыздандырды. Кезекті жарылған мина оның аяғын жұлып кетті. Өзіне берілген тапсырманы ерлікпен орындады. Счастновқа көрсеткен ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Счастновтың есімі Қазалы қаласындағы бір көшеге берілген. Ленин, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.
11.Иван Журба Макарович (1915-1962)
Иван Журба Макарович (13.9.1915, Қостанай облысы,Федоров ауданы,Белояровка селосы - 12.7.1962) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы,лейтенант, рота командирі.Педагогикалық институтты бітірген (1941). Осы жылы күзде Қызылорда ауданы әскери комиссариатынан Кеңес әскері қатарына шақырылған. 1943 жылы офицерлер құрамын жетілдіру курсын бітірді. 23-гвардиялық мотоатқыштар бригадасы (1-Украина майданы, 3-гвардиялық танк армиясы, 7-гвардиялық танк корпусы) атқыштар ротасының командирі гвардия кіші лейтенанты. Журбаның ротасы 1943 жылы қарашаның басында Днепр өзенінен алғашкылардың бірі болып өтті. 1943 жылдың 4-5 қарашасында жау қорғанысын бұзып, Святошино селосын (Киев қаласының маңы) азат етті де, жау тылындағы Киев - Житомир тас жолын басып алды. Бекіністі негізгі күш келіп жеткенше қорғады. Осы ерлігі үшін Журбаға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (3.6.1944). Соғыс аяқталған соң запасқа шығып, Қызылорда қаласында жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
12.Ниетқалиев Ерденбек (1914-1945)
Ниетқалиев Ерденбек 1936 жылы Алматы зооветеринариялық институтын бітіріп, соғысқа дейін Қызылорда облысында еңбек еткен. 1939 жылдан бастап Кеңес армиясының қатарында, 1940 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіргеннен кейін 12-гвардиялық атты әскерлер полкі құрамында эскадрон командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысады. Батыр офицердің жауынгерлік ерлігі бірнеше рет жоғары наградалармен аталып өткен. Бір ұрыс кезінде Ниетқалиевтің эскадроны жаудың 400 солдаты мен офицерін, бірқатар техникасын жойды, 80 неміс солдаты мен офицерін тұтқынға алды.
Ерденбек Ниетқалиев 1945 жылы 2 ақпанда асқан ерлікпен қаза тапты. Ратценбург (Германия) қаласында жерленген. Оған қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.
13.Нұрсейітов Жаппасбай (1923-1997)
Нұрсейітов Жаппасбай (1923, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) – 14.4. 1997) – жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Киев, Харьков қалаларын, Румыния, Венгрияны жаудан азат етуге қатысты. 1944 жылы жерлестері ақша жинап, оның атындағы сүңгуір кеме жасатады. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск қаласындағы Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде сақтаулы. Соғыстан кейін Өзбекстан, Тәжікстанда әртүрлі қызметтер атқарып, еңбек демалысына шығады. 1995 жылы 28 сәуірде «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.
14.Нұрпейісов Біліс(1919-1945)
Нұрпейісов Біліс (23.01.1919 жыл, Қызылорда облысы,Қазалы уезі,Біліс өзені бойында - 23.04.1945 жыл, Германия, Берлин қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш-штурман, гвардия аға лейтенанты, қазақ.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Біліс-Нұрпейіс-Қойгелді-Қарсақ-Шоқай-Қожамберді-Шыбынтай би-Ырысымбет би-Бекет би-Сөйін би-Келдібай батыр-Бозғұл би-Шөмекей
Қазақ АКСР-інің құрамында болған Қарақалпақ автономиялық округінің Петро-Александровский (қазіргі Төрткүл қаласы) қаласындағы Луначарский атындағы орта мектепте, Түрікменстанның Түркменабат (бұрынғы Шарджоу) қаласындағы Орта Азия кеме шаруашылығының ФЗО мектебінде оқып, кейін сол жердегі өзен-су көлігі техникумын бітірді. «Альбатрос» жолаушы тасымалдау катерінде капитанның көмекшісі қызметін атқарды 1935 жылы Төрткүлдегі Қарақалпақ мұғалімдер институтының физика-математика факультетіне окуға түсіп, оны бітірген сон медициналық училищеде, Тақтакөпірдегі орта мектепте қызмет істеді. 1940 жылы Мелитополь Әскери әуе училищесінде оқыды. Соғыстың алғашқы кезеңінен бастап «Пе-2» бомбалаушы ұшағымен немістердің шабуылдаушы әскерлерін бомбалауға қатысты. Әскери тапсырмаларды орындау барысында жараланып, госпитальда болды. Кейін Бурят - Моңғол Автономиялық Республикасындағы арнайы Тайткуркн әскери ұшақтар мектебінде дайындықтан өтіп, 1943 жылымайданға аттанды. Онда тікелей Жоғары Бас қолбасшылықтың Әскери-әуе күштеріне бағынатын, алыс қашықтықты барлайтын 2-Беларусь майданы 4-әуе армиясына қарасты 47-жеке гвардиялық барлау авиа полкіне қабылданды
15.Ілиясов Нағи (1920-1987)
Ілиясов Нағи (6 қараша 1920, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы), Қызыл коммуна ауылы, – 6 мамыр 1987) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Ұлты қазақ. 1929–1936 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936–1939 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939–1941 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2-Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге катысты. Будапешт қаласын (Венгрия) азат етуде корсеткен ерлігі үшін Ілиясовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылды
Достарыңызбен бөлісу: |