Орындаған: Жумабек А. Р. Мамандық: 7М01700 Қабылдаған



Дата17.02.2024
өлшемі19.56 Kb.
#492244
Жумабек Амина МӨЖ



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты

МӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі сақ-ғұн жырларының батырлар жырларымен үндестігі
Орындаған: Жумабек А.Р.
Мамандық: 7М01700
Қабылдаған: Есіркепова Г.

Алматы 2024



Ежелгі сақ-ғұн жырларының батырлар жырларымен үндестігі
Ежелгі сақ-ғұн поэзиясы мен қазақтың батырлық жырларының жырларының арасында көркемдік дәстүр жалғастығы бар. Сақтар мен ғұндардың өмірін бейнелейтін «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр», «Оғыз қаған», «Аттила», «Көк бөрі» дастандары мен қазақтың «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Орақ Мамай» сияқты батырлар жыры арасындағы дәстүр мен мазмұн, стильдік тұрғыдан ұқсастықтар кездеседі.
Академик Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екенін көрінеді. Бұл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстанған ақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған ұрпақары оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар, керейлер, пешенелер, хазарлар.» деген пікірінен түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының әлемдік әдебиетке қосқан үлесі орасан зор екенін байқасақ болады.
«Алып Ер Тоңа» дастаны -ежелгі сақ тайпасының аңыздар мен тарихи оқиғаларын суреттейін қаһармандық шежіре. Бұл жырдың толық нұсқасы бізге жетпеді, тек жекелеген үзінділері мен сюжеті ғана қолымызда бар.
Ежелгі сақ заманынан бері батыр шайқасқа шығар алдын аян берілетін қорқынышты түс көреді. Осы жырды жырлаған Фирдоуси «Афросиабтың қорқынышты түс көруі» деп аталатын жырында , зор шеберлікпен:
Қалшылдап, айғай сап оянып кетті,
Құлындағы дауысы қиырға жетті.
...долы дауыл жұрт зәресін ұшырды
Байрағымды жұлып жерге түсірді.
Жау әскері қара құрым қаптаған,
Тұран елін аямай-ақ таптаған.
Әр найзаға бір-бір басты іліпті
Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.
Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады
Қақ ортамнан екі бөліп тастады-деген жолдар бар.
Жаудың келе жатқанын батыр түс көруі арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлар жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батырда түсінен шошып оянады. Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамысты көреді:
Мен бүгін бір түс көрдім
Түсімде жаман іс көрдім,
Заманым менің қағынды
Қағынбасқа не қылды?
Құрсаулы қара бура кеп
Қарсы қарап шабынды
Қаланың аузын қан қылды
Қақпаның аузын шаң қылды
Тұлымымды тұл қылды
Солқылдатып мырзамды
Табанға салып күн қылды.
Ежелгі сақ ауыз әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрдің жыраулық дәуірдің өзінде жалғасын тапқанын көреміз.
«Шу батыр» дастаны-қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақ және ғұн тайпаларының шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. Ғұндардың ерлік эпосына тән буырқаған ашу ызасын табиғат көрінстері арқылы, паралелдеу жасау әдісін қолданып сипаттаған:
Ашуланды Көк Тәңірі,
Бетін бұлтпен бүркеді.
Қаһарлы даусы гүрілдеп
Жарқ-жұрқ етіп от шашты
Көлде жүзген қаз, үйрек
Пана таппай шуласты
Бөкен, арқар, киіктер
Жалтақ-жалтақ қарайды
Жолбарыс пен арыстан
Сүңгіді қалың қамысты
Шайқасқа шықты Шу батыр
Бермеу үшін намысты
Лек-лек жасақ соғысты
Аспан мен жер қағысты.
Дәл осыған ұқсас көріктеу тәсілі «Ер Тарғын» жыныда кең орын алған. Батырдың мертігіп, жан күйзелісіне түсіп жатқан кезін былай суреттеген:
Күнді бұлт құрсайды,
Күнді байқап қарасам
Күн жауарға ұқсайды
Айды бұлт құрсайды
Айды байқап қарасам
Түн жауарға ұқсайды
Көгілдерін еріткен
Көлдегі қулар шулайды
Шулағанға қарасам
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды.
Бойды байқай қарасам
Қол-аяғым көсіліп
Аузы-мұрным ісініп
Алланың хақ бұйрығы
Маған ауғанға ұқсайды.
«Атилла» дастаны- ғұндардың Еуропаға өоныс аударып, Еділ өзенімен Атлант мұхит аралығында билік жүргізген дәуірін жыр еткен туынды. Дастанна мынандай жайтты аңғару қиын емес: оқиғалар басты қаһарманның ағайын-жұрты, дос-жараны, олардың өзара қатысы, қуанышы мен күйініші, жау адамдарының іс-әрекеттері дастанда баяндалады. Оқиға басты қаһарманның айналасында дамып өрбуі, оқиғаны тізбектеп суреттеуі қазақ батырлар жырында да кездеседі. Мысалы: «Ер Тарғын» мен «Қобыланды батыр» жырының композициялық құрылымы осыған ұқсас.
Академик Әлкей Марғұлан сақтар мен ғұндар, оғыздар мен қыпшақтар, қаңлылар мен үйсіндер секілді ежелгі тайпалар туралы айта келіп, бұлардың «тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көршілігі бері келе қазақ елінің іргесін құрауға негіз болды» деп жазады.
Сақтар мен ғұндар дәуірінде айтылып кең тараған «Атилла», «Алып Ер Тоңа», «Шу батыр» дастандарының негізі идеясы - елдің тәуелсіздігін сақтау жолында аянбай күресетін, қастасқан жауын жеңбей қоймайтын, халықты азаттыққа жеткізетін батырлардың тұлғасын жасау болып табылады. Қазақтың батырлар жырларының түпкі мақсаты осы дастандармен сабақтасып жатыр.
Қорыта айтқанда, ежелгі сақ-ғұн әдеби ескерткіштері мен қазақ халқының батырлар жырының арасында сан ғасырлар бойы бір үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бар екені жоғарыда нақты мәліметтермен дәлелденіп, айтылды. Мұндай өркемдік дәстүр жалғастығы негізінен шығарманың тақырыбына, идеясы мен сюжетіне, бейнелеу құралдарына, композициясы мен тіліне т.б, қатысты болып келеді.

Пайдалынлған әдебиеттер тізімі:



  1. З.Қабдолов «Сөз өнері», Алматы 2002

  2. Ә.Марғұлан «Шығармалар», Алматы «Алатау», 2007, 3-том


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет