Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет8/28
Дата29.03.2022
өлшемі85.69 Kb.
#456515
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Силлабус ШЖжҚЗТ

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Жұмысшылар қозғалысының тууының алғышарттарын атаңыз?
2.Социалистік қозғалыс қашан пайда болды

8 тақырып. Соғысаралық жылдардағы қауіпсіздік және бейбіт реттеу мәселелері. 2 сағат
Дәрістің мақсаты: Соғысаралық жылдардағы қауіпсіздік және бейбіт реттеу мәселелерінің негізгі бағыттары мен сипатына баға беру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1. «Капиталдың алғашқы қорлануы» үдерісі, өнеркәсіп төңкерісі түсінігі мен оның елдердегі ерекшелігі.
2. Шығыс елдерінің дамуындағы ерекшеліктер
3. Классикалық либерализм, оның сипаты. Консерватизм.
Дәріс тезисі: Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Париж бейбіт конференциясы. Вашингтон конференциясы. Халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы. Оның мәні, қарама-қайшылығы мен жағымды сабақтары. Ұлттар Лигасы және оның қызметі. Халықаралық сахнада күштер арасалмағының қайта топтасуы.
Германия, Италия және Жапонияның агрессиялық әрекеттері. Теке тірес қарқынының ширығуы.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Париж бейбіт конференциясында қандай мәселелер қаралды?
2. Халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтон жүйесінің басты сипаты қандай болды?

9 тақырып. Соғысаралық жылдардағы капиталистік экономиканың құрылымдық өсуі. Этатистік доктриналар. 2 сағат
Дәрістің мақсаты: Соғысаралық жылдардағы капиталистік экономиканың даму ерекшеліктеріне тоқтала отырып, салыстыру, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Тақырып қарастырылатын сұрақтар:
1.ХХ ғ. басындағы капиталистік қоғам экономикасының құрылымдық өзгерістер мен құбылыстар.
2.1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс және жаңа экономикалық теориялардың шығуы.
3.Этатистік доктриналар.
Дәріс тезисі: ХХ ғ. басындағы капиталистік қоғам экономикасындағы құрылымдық өзгерістер мен жаңа құбылыстар. Елдер мен аймақтардың экономикалық даму дәрежесі және демократиялық қайта құру дәрежесіне сәйкес топтастырылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысы кезіндегі мемлекеттің экономикалық қатынастарға араласу мен реттеушілігі. Ұйымдасқан капитализм тұжырымдамасы. 1929-1931 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс және оның экономикадағы құрылымдық қайта құруға ықпалы. Кейнстің экономикалық теориясы. В.Ойкен және герман неолибериализмі. 30-жылдардағы либералдық модельдің қалыптасуы, оның негізгі түрлері. Этатистік модельдің шығуы. Батыс әлемі елдерінің әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Либериализм: классикалық тұжырымдамадан әлеуметтік идеяға өту. Неоконсерватизм. Олардың шығу себептері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет