Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша 2012 жылда оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы



Дата04.07.2016
өлшемі20.96 Kb.
#176289
Субсидияланатын басым ауыл

шаруашылық дақылдарының

әр түрі бойынша 2012 жылда

оңтайлы себу мерзімдерін

анықтау туралы

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысының 10 тармағына сәйкес және «Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми – зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысының негізінде, оңтайлы мерзімде себілген, егістік жерде өсірілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарына субсидия беру үшін, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша 2012 жылда келесі оңтайлы себу мерзімдері анықталсын:

1) жаздық дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, қара құмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;

2) дәнді бұршақты дақылдар (бұршақ, аңқа) 15 мамырдан 5 маусымға деиін;

3) майлы дақылдар (бұршақ, күнбағыс, зығыр, қыша) 18 мамырдан 30 мамырға дейін;

4) қысқы дәнді дақылдар (қара бидай, бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;

5) картоп 10 мамырдан 31 мамырға деиін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. С. Болатовқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкiмi Т. Ташмағамбетов

«Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша 2012 жылда оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы «___» ___________ № ____ қаулысына келісім парағы

Әкімдік мүшелері:

________________ Н. Болатов

_________________Э. Күзенбаев
_________________ Ж. Мұстафин
_________________С. Бейсимбаев
_________________ Н. Әбдірахманова
_________________ С. Дүйсекеева

«Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

заң бөлімінің бастығы



_________________ А. Шабденова
«Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімі бастығының

міндетін атқарушы

__________________ Т. Коровина

КЕЛІСІЛДІ


«Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылық бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

___________________К. Аскаров



«__»___________2012 года

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет