Сугурова гулим кенесбаевна



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі403 Kb.
#131407
түріДиссертация
  1   2   3
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘӨЖ 338.48: 332.012.2(574.54) Қолжазба құқығында




СУГУРОВА ГУЛИМ КЕНЕСБАЕВНА

ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

6М051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Рефераты

Қызылорда, 2012 ж.



Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды




Ғылыми жетекші:




экономика ғылымдарының кандидаты

Қ.Н.Бекетова
































Ресми оппонент:




экономика ғылымдарының кандидаты

Д.А.Ахметов





















Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында туризмді дамытуға үлкен талап қойып отыр.

Экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны ерекше. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саланы дамытуға деп қойған мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы туризмнің табыс көзінің еншісіне тиесілі. Соңғы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек туризмнен біздің еліміз үшін үлкен мүмкіншіліктерге жеткізуі айқындалды.

Туризмнің дамуы болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтың шаруашылықтың бір бөлігі, өйткені туризм шетел валютасын немесе инвестцияның көптеген ағылуын қамтамасыз етіп, елдің төлемдік балансы көрсеткіштері мен экспорттық дамуының оң әсерін тигізеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері туризмнің дамуына мүмкіншіліктер мол. Республикамыз шетел саяхаттанушыларына тартуға күш салуда, алайда әлі де елдің материалдық техникалық базасы ескірген, туристік қызмет түрлеріне жұмсалатын қаржының аздығы және өте төмен туристік сервистік қызмет көрсету деңгейі саяхаттанушылардың біздің елге көптеп келуіне әсерін тигізуде.

Туристік қызмет көрсету саласында Қазақстанда шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны ерекше. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік – А. Смит, Д. Кейнс, Б. Олин, В. Столпер, М. Портер, А. Маршалл, А. Шранд, И. Браун, И. Шумпетер,Д. Дэвидсон, Дж. Робинсон, П. Ротх, Р. Баррас, Дж. Ф. Хайек сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте зор.

Туристік сала мәселелерімен айналысатын айналысатын ТМД экономистер ішінен келесілерді атап көрсетуге болады: А.П. Градов, Е.И, Ильин, Н.В. Бутуров, Н.Н. Дуданов, А.Ю. Юданов, И.Т. Балабанов, С.И. Соколенко, В.М. Кутьин, И.Н. Герчикова және т.б. ғалымдардың қосқан үлесі зор.

Қазақстанда қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө.К. Шеденов, С.Н. Алпысбаева, А.А.Алимбаев, К.С. Мухтарова, Е.А. Аймағамбетов, С.Б. Ахметжанова, Ө.Ж. Устепова, У.Б. Баймуратова, С.С. Сатыбалды, Д.К. Ильясов, С.Д.Тәжібаев, Ә.Ә. Сатыбалдин, А.Н. Тулембаева, А.Ж. Бейжанова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта туристік қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру және осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз зерттелген және ғылыми талданбаған. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығы дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сондықтан да, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.



Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстандағы туризм саласының қалыптасуы мен даму деңгейін анықтау және осы бағытта ғылыми негізделген іс-шараларды ұсыну.

Қазіргі таңда туризм табыс көзі, әлемдік тәжірибеде көрсеткендей туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі орынды иеленіп келеді. Туристік қызмет көрсетудің мемлекеттік реттеудің экономикалық жақтарын зерттей отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік -экономикалық механизмін жетілдіру.

Еліміздегі туризм аймағы экономикалық дамыған державалармен қатар белсенді сальдосы бар, басқа дамыған елдердің халықаралық сауда қызметтерінің ірі секторының бірі.

Қойылған мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:



  • Аймақтағы туризм дамуының тарихи аспектілерін қарастыру;

  • Туризм кластерінің теориялық негіздерін зерттеу;

  • Қызылорда облысының туризм саласының ағымдағы жай-күйіне талдау жасау;

  • Облыста туризм кластерін құрудың үлгісін жасау;

  • Туризм кластерінің тартымдылығын арттыратын туристік орталықтар жобаларын ұсыну.

Туристік салада мемлекеттік реттеу келесі міндеттерді шешуді көздейді:

-халықаралық бірлестікте елдің тартымды үлгісін жасау, оның туристік ресурстарын жариялау;

-туризмнің басым бағыттарын анықтау және сәйкес нәтижелі мақсатты бағдарламаларды жандандыру;

-жолдарды күрделі жөндеуден өткізу және қайта жөндеу, салу және соған сәйкес көптеген шаралар қабылдау;

-туризм инфрақұрылымын жасау мақсатында мемлекеттік және жеке сектор ресурстарын ынғайластыру;

-туристік кластерге қатысушылардың ынтасын арттыру, яғни салық преференциялары мен мемлекеттік грант беру механизмдерін белсенді пайдалану;

-мемлекеттің құзырлы органдарына ынта туғызушы ұсыныстарды енгізу жолымен кластерді дамыту процесіне қатысушылар белсенділігін арттыру;

-туристік аймақтарға кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, туристік көз тартарлық әсем объектілерді қорғау;

-туристік ауландардың тартымдылығын көтеру мақсатында маркетингтік яғни жарнамалық тиімді шараларды анықтау;

-лицензиялау ережелерін қабылдау және қадағалау, сонымен бірге, туристік объектілер мен туристерге қызмет көрсетулер сапасын бақылау;


-даму институттары ресурстарын қолдану механизмін өңдеу және тиімді пайдалану.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясына байланысты халыққа Жолдауында туризмнің дамуы экономикалық міндеттерді шешуде табиғи және тарихи–мәдени туристік ресурстарды игеру ғана емес, ол қоғамның қаржылық жағдайын сауықтыруда ырғақ беретін және адамға жұмыс орындарын дайындау үшін қосымша мүмкіндіктер беретін негізгі әлеуеттердің бірі ретінде санайды.

Туризм үлесіне біздің планетаның жалпы өнімінің 10% жуығы, шамамен әлемдік сауда қызметінің 30% және әлемдік салынған капиталдың 7% тиесілі. Қазірдің өзінде туризм жақын арадағы уақытта екінші орынға шығады деп Бүкіләлемдік туристік ұйым (WTO) сарапшылары болжамдап отырған мұнай өндіруші мен автомобиль жасаушы салалардан кейін әлемдік экономикадағы саланың кірістілігі бойынша үшінші болып табылады.

Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, бұл әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынымен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды.

Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 % астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда туризм – құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын, экономикалық тиімді келешегі бар сала.

Туризм – демалыспен, бос уақытпен, спортпен және мәдениет пен табиғатпен қарым - қатынастармен тікелей байланысты іс-әрекет, ол жеке және ұжымдық жетілдіру құралы. Туризм өз бетімен білім алудың, толеранттылықтың және олардың әртүрлілігіне қарай халықтар мен мәдениеттер арасындағы айырмашылықты тануда ең қажетті фактор болып табылады [2].

Зерттеу (нысаны) объектісі. Қазақстан Республикасы мен Қызылорда облысының туризм саласы.

Зерттеу пәні. Қызмет көрсету саласындағы туризм қалыптасуының теориялық және тәжірибелік тұжырымдары мен туристік қызмет көрсетудің мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық механизмі.

Зерттеудің теориялық–әдістемелік негіздері. Диссертациялық жұмысты жазу барысында қарастырылып отырған мәселелер төңірегінде отандық және шет елдік экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу кезінде экономикалық және логикалық талдау, ғылыми абстракция, диалектикалық әдіс, салыстырмалы экономикалық талдау әдісері, статистика және басқа ғылыми болжау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының номативтік–ақпараттық базасы. Диссертациялық зерттеу жұмысын орындау барысында отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалалары, бұқаралық және электронды ақпарат құралдарының материалдары және Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылды. Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық принципі, жүйелік талдау мен болжау, экономикалық-статистикалық салыстыру, әлеуметтік және тағы басқа зерттеу әдістері пайдаланылды.

Магистрлік зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында диссертацияның ғылыми жаңалығын көрсететін және қорғау пәні болып келетін мынадай нәтижелер алынды:

-Қазақстан Республмкасының туристік саласындағы класстерді қалыптастырудың даму бағыты мен проблемалары айқындалды.

-туризм кластерінің үлгісі және жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған Қамбаш көлінде «Киіз үй қонақ үйі», Байқоңыр ғарыш айлағында «Ғарыш айлағы» мега-кешені, Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде зиярат орталығы жобалары ұсынылған. Инновациялық жобада туризм кластерінің үлгісі және жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған Қамбаш көлінде «Киіз үй қонақ үйі», Байқоңыр ғарыш айлағында «Ғарыш айлағы» мега-кешені, Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде зиярат орталығы жобалары ұсынылған.

-туризм саласындағы аймақтық деңгейдегі туризм кластер дамуының жаңдандырудағы мүмкіншіліктерінің ғылыми негіздемесі.



Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

- Қазақстанның туризм саласындағы қызмет көрсетуді жетілдіру.



- Қазақстанда туристік саланы дамытуда қажет инновацияның түрлері мыналар; кластерлік мүмкіндіктер, транспорттар, мейрамханалар, қонақ үйлер , қызмет көрсетудегі мүмкіндіктерді қолдану.

- бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнім өндіру экономикалық дамудың басымды бағыты ретінде салаларды дамытуға кластерлік тәсілдемені қолдану және де жоғары технологиялық аймақтарды қалыптастыру.



Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Қазақстан Республикасында туристік кластер бәсекеге қабілетті ең тиімді құралы болғандықтан кластерге қызығушылық күннен күнге артып келеді. Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру – туристік қызмет көрсетудегі әлеуметтік-экономикалық стратегиялық бағыттарын анықтау, мен мемелекеттік реттеуінде жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде туристік қызмет бөлімдерінде ресурстарды нақты ұтымды бөлу өзекті мәселе болып отыр.

Бірінші тарау «Туристік қызмет көрсетудің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері» деп аталады. Тарауда халықаралық және Қазақстан денгейде туризм саласының даму тарихы мен туризм саласындағы негізгі анықтамалар мен түсініктерге, туризм түрлеріне тоқталып өткен.

Екінші тарау «Қазақстан Республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері» деген атпен еліміздегі туризм саласының қалыптасу деңгейіне, жергілікті аймақтағы туризм дамуына сараптама жасалып, Қазақстандағы туристік саланың даму бағыттарына маркетингтік талдау мен ҚР туристік кәсіпорындарында маркетингтік технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы қарастырылды.

Үшінші тарау «Қазақстан Республикасындағы туристік саланың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру» деп аталады. Бұл тарауда туристік салада мемлекеттік реттеу міндеттері мен әлеуметтік экономикалық саясат аясындағы туристік қызметтің болашағы мен басқару мәселелері, Қызылорда облысында туристік орталықтар ашу жобалары баяндалады.

Зерттеу нәтижесінің сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертациялық зерттеудің негізгі мәліметтері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары мен ғылыми еңбектер жинағында жарық көрді.

Негізгі ғылыми жағдайлар, қорытындылар мен ұсыныстар автордың жалпы көлемі 4,5 б.б болатын еңбегінде, соның ішінде 3 мақала ҚР басылымдар, соның ішінде 3 түрі халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференциялар баяндамаларының жинағында жарық көрді.



Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Туристік қызмет көрсетудің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері. Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынмен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды. Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімінің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11% астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орны қамтамасыз етеді.

Туризм түсінігі айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:



  • Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс−әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орнын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастытыру мүлдем теріс түсінік.

  • Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс−сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турис) болып саналмайды.

  • Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай−ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат – бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда – саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.

Туризм түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.

Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.

1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл−ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдалантын курорттық демалысты да жатқызуға болады.

2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрлі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихы, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсатқа туризм ерекше діни мәңі бар жерлерді көру арқылы орындалады.

3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі.(халықаралық терминологияда visiting friends and relatives− деген атпен таныс). Сондай – ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуда мақсат етеді.

4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жолсапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықаралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.

5. Экономикалық туризм – бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.

6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс−шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси−қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады.

Туризм тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихын зерттеудің негізгі пәні – туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу тегі заңдылықтарды және дамуы мен қалыптасуы болып табылады.

Туризм тарихы пәні зерттеулердің қосымша түрде археология, нумизматика, палеография, этнография сияқты тарихи пәндерге сүйенеді. «Туризм» термині әртүрлі халықтардың тілінде тек 19 ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Ежелгі заманда және орта ғасырларда адамдар «саяхаттанушы» терминін кеңінен қолданды. Саяхаттану деп жаңа заманғы туризмтануда адамдардың белгілі бір кеңістіктен оның мақсаттарына қарамастан орын ауыстыруын айтады.

В.Б.Сапруноваың зерттеу жұмыстары туризм саласының дамуының 4 сатысын анықтап береді.

Бірінші сатысы В Сапрунова туризмнің бастапқы тарихының кезеңі деп атайды (ежелгі кезеңнен 19 ғасырдың басына дейінгі уақыт).

Екінші сатысы (19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басы аралығы) – элитарлы туризм кезеңі, туристік қызмет түрлерін өндіретін арнайы мамандандырылған мекемелердің пайда болуы.

Үшінші сатысы (20 ғасырдың басы мен екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін уақыт ) – бұл әлеуметтік туризмнің алғаш қалыптасу кезеңі.

Төртінші сатысы (1945 бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт ) – бұл көпшілік туризмнің саяхаттану үшін тараулар мен қызмет түрлерінің өндіретін салааралық жиынтық ретінде туризм индустриясының қалыптасуы және дамуының қазіргі заманғы сатысы.

Туризм, басқа да халық шаруашылығы сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорт, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты; бұрыңғы КСРО-да бұлар орталық курорттарды басқару кеңесі, орталық туризм және экскурсия кеңесі, халықаралық жастар туризмінің бюросы -  «спутник», бүкілодақтық акционерлік қоғам – «Интурист» және басқалары. Осындай конструктивті  ғылым, кешенді зерттеулерге сүйенентін жаратылыс, техникалық, экономикалық және әлеуметтік, табиғи мәселелерді қамтуға туризм географиясының ғана шамасы келеді. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.


Кесте 1 – Туризмнің түрлерін жіктеу


Жіктеу белгілері

Туризм түрлері

Сапар мақсаты

Рекреациондық, релаксациондық,экскурсиялық, іскерлік, спорттық, білімдік, діндік.

Маусымдық белгі

Жазғы, қысқы, маусым аралық

Сапарды ұйымдастыру нысаны

Ұйымдастырылған, өз жоспары бойынша, ұйымдастырылмаған.

Жас аралық белгі

Балаларға арналған, жастарға, орта жастағыларға, үшінші жастағыларға.

Сапарда болу ұзақтығы

Қысқа мерзімді(3-6күн),

Орта мерзімді(7-14күн),

Ұзақ мерзімді(15 және одан жоғары)


Туристің тұрғылықты жері

Ішкі, кіру және шығу

Мобилділік деңгейі

Қозғалмалы, стационарлық, аралас.

Сапар географиясы

Континентаралық, халықаралық, аймақтық, жергілікті, шекарааралық.

Қатысу нысаны

Индивидуалды, топтық, отбасылық.

Орын ауыстыру

Жаяу, дәстүрлі көлік түрлерін қолдану арқылы, экзотикалық көлік түрлерін қолдану арқылы.

Пайдаланылатын ресурстар

Таудық, теңіз/өзендік, қалалық, дачалық, экскурсиялық, ормандық, далалық.

Әлеуметтік-экономикалық статусы

Бизнес-туризм, конгресстік, білімдік, шоппинг.

Туристердің қажеттіліктері мен мотивациялары

Бұқаралық, конвейерлік, жаппай, сараланған.

Қаржыландыру көздері

Әлеуметтік, инсенти -турлар, жеке турлар.

Қызмет көрсету деңгейі

Элиталық, пэкидж-турлар

Қызмет көрсету бағдарламасы

Эксклюзивті, инклюзивті.

Е с к е р т у – [8] әдебиет негізінде құрастырылды.

Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады (кесте 1)

Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:

1.  Ішкі (ұлттық);

2.  Халықаралық (шетелдік).

Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет