Сульфаниламидтер



бет1/2
Дата01.12.2023
өлшемі85.89 Kb.
#485121
түріЛекция
  1   2
Сульфаниламидті препараттардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

Лекция


Сульфаниламидтермикробтарға қарсы дәрілер, сульфанил қышқылы амидінің туындылары (ақ стрептоцид). Олардың ашылуы П. Эрлихтың резорбтивті қызметтегі селективті зақымданудың мүмкіншіліктері туралы жаңалығын растады.

Бұл топтың алғашқы препараты пронтозил (қызыл стрептоцид) гемолитикалық стрептококтың үлкен дозасымен жұққан тышқандардың өлімін ескерткен.
Сульфаниламидтің молекуласының негізінде 30-жылдары басқа да қосылыстар синтезделген (норсульфазол, этазол, сульфазин, сульфацил және т.б.). Антибиотиктердің пайда болуы сульфаниламидтерге деген қызығушылықты төмендетті, бірақ клиникалық маңызын тоқтатпаған, қазіргі кезде «ұзақ әсер ететіндер» (сульфапиридазин, сульфален және т.б.) мен комбинирленген препараттар (котримоксазол мен құрамында сульфаниламидтен басқа триметоприм де болатын оның аналогтары) көп қолданылады. Препараттар микробқа қарсы әсер ететін үлкен спектрге ие (грам оң зарядты және грам теріс зарядты бактериялар, хламидиялар, малярия мен токсоплазмоза тудырушылар, патогенді саңырауқұлақтар – актиномицеттер және т.б.).
Сульфаниламидтер келесі топтарға бөлінеді:

  1. Асқазан-ішек трактында сіңірілетін және бүйректен тез шығатын препараттар:


сульфатиазол (норсульфазол), сульфаэтидол (этазол),

сульфадимидин (сульфадимезин), сульфакарбамид (уросульфан).



  1. Асқазан-ішек трактында сіңірілетін, бірақ бүйректен баяу шығатын препараттар (ұзақ әсер ететіндер):


сульфаметоксипиридазин, сульфамонометоксин,

сульфадиметоксин, сульфален

  1. Асқазан-ішек трактында жаман сіңірілетін және асқазан аралықтарында әсер ететін препараттар: фталилсульфатиазол (фталазол), сульфагуанидин (сульгин, фталилсульфапиридазин (фтазин), сонымен қатар, салицил қышқылымен конъюгирленген сульфаниламидтер – салазосульфапиридин, тесалазин (салазопиридазин), салазодиметоксин.


фталилсульфатиазол (фталазол), сульфагуанидин (фтазин)




  1. Бір аймаққа қолданылатын препараттар: сульфаниламид (стрептоцид), сульфацетамид (сульфацил-натрий), күміс сульфадиазині (сульфаргин) – ерігенде күміс иондарын бөледі, антисептикалық және қабынуға қарсы эффектті қамтамасыз етеді.


сульфацетамид, күміс сульфадиазині (сульфаргин)



  1. Комбинирленген препараттар: триметоприм мен сульфаметоксазол немесе сульфамонометоксин мен триметоприм (сульфатон) құрайтын ко-тримоксазол (бактрим, бисептол) микробқа қарсы әсер етеді.


ко-тримоксазол







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет