ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Т.Қ.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Құрылыс және құрылыс материалдары; ГиОТ кафедрасы
№
|
Жұмысты орындау сапасы
|
Баға диапазоны
|
Орындалған
%
|
1
|
Орындалған жоқ
|
0%
|
|
2
|
Орындалды
|
0-50%
|
|
3
|
Материалдық өзіндік жүйелендіру
|
0-10%
|
|
4
|
Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау
|
0-5%
|
|
5
|
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
|
0-5%
|
|
6
|
Орындаған тапсырманың ерекшелігі
|
0-10%
|
|
7
|
Реферат қорғау
|
0-20%
|
|
|
Қорытынды:
|
0-100%
|
|
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Озон қабатының көлемінің азаюының алдын алу жолдары
Оқытушы:Нурулдаева Гулжан
Студенттер:СерікбайҮкілім,
Ташкентбаев Руслан, Әбдікәрім Ислам
Тобы: Сәрсенбі 15:25-17:20
Алматы 2021 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Климаттың жылыну мәселесі..................................................................4
1.1 Парниктік әсер себептері......................................................................4
1.2 Дүниежүзілі Киото хаттамасы.............................................................4
2.Озон қабатының тарихы...........................................................................6
2.1 Озон қабатының қызметі.......................................................................6
2.2 Озон тесігі..............................................................................................7
2.3 Озон қабатын қорғау.............................................................................8
2.4 Вена конвенциясы…………………………………………..…………8
2.5 Монреаль протоколы…………………………………………………9
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………..10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………..…10
КІРІСПЕ
Жер планетасы өзара тығыз байланысты төрт сферадан тұрады. Бірі бірінсіз қалыпты балансын сақтай алмайтын төрт сфера.Оларға гидросфера (су, су ресурстары), биосфералар (тірі организмдердің жиынтығы және олардың кейбір әрекеттері), литосфера (құрлық, жер беті) және атмосфера (ауа) жатады. Әр біріндегі ақау келесісінің нашарлауына әкеледі.Су ресурстары мен ауа дұрыс айналымда болмаса биосфера тынысынан айырылғандай өлі табиғатқа айналады.Ал литосфера биосфераның негізгі құраушысы десекте болады.
Қазіргі кезде өркениеттің дамуымен адамзаттың экологияға әсері де қарқынды дамып жатр.Соңғы жылдар зерттеулер нәтижесінде климаттың шектен тыс жылыну мәселесі, озон қабатын сақтау мәселесі,парниктік әсердің жоғарылауы сияқты жағдайларды байқадық.Экологиямызға қауіптілік арта түскендіктен, тез арада ғаламдық мәселелердің бізге әсерін, оның пайда болу себептері мен салдарын қамти отыра жұмыс жасауымыз керек. Ғаламшардағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты әлемдік қауымдастықтың жаһандану процессі дамыды. Осыған орай зерттеушілер тұрақты тұжырымдама әзірлеу керегін алға тартып, бүкілхалықтық протокол қабылдады.
Дамушы елдер қатарына қосылған Республикамыз да табиғатты қорғауға көңіл бөліп отыр. 1997 жылы 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Осы кезеңде табиғи ресурстардың барлық түрлерін қорғауды реттейтін бірқатар кодификациялық заң актілері қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің болашақ ұрпақтарына, байтақ жердің қазба байлығын,өзен-көлдерін халық қазынасы ретінде, салтанатты өмір сүруі үшін сақтау.
Қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі. Яғни,экология ғылымының негіздерін оқып үйренбеуі болса керек.Сондықтан да,Елбасының Қазақстан Респулбликасының тұрақты дамуының сара жолын көрсеткен “2030”бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруеліміздегі қалыптасқан экологиялық сауатсыздықты жою, болашағы жарқын елдің экологиялық санасы мен ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі осының айғағы болып табылады.
Шаруашылық әрекеттерінің қоршаған табиғи ортада зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын ала жасалатын болжамдар жан – жақты ғылыми бағытталған барлық қабылданатын заңдардан көрініс алуы тиіс.Осы экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты қоғамды құрушы адамға экологияның тигізетін әсерін анықтап одан айықтыру жолдарын табу.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек екенін түсінуі қажет.
Климаттың жылыну мәселесі
Климаттың жылыну процесін былай түсіндіруге болады.Бұл процесс атмосфераның парниктік газдармен антропогендік ластануынан парниктік әсердің жоғарылауынан туындайды.Негізгі заянды газдар көмірқышқыл газы мен метан.Маңыздыд парниктік газ – бұл су буы, оның үлеесіне климаттың жылынуы 25 % жетеді,бірақ адамдар су буының концентрациясына әсер ете алмайды.Климаттың жылынуына планетаның Климаттық жүйесінде қалыптасқан байланыстар әсер етеді.
1.1 Парниктік әсер себептері:
Электр энергиясын өндіру (электр станциялары);
Ормандарды кесу;
Көлік;
Тамақ өнімдерін дайындау;
Ғимараттарды жылыту;
Тым интенсивті тұтыну.
Осы парниктік әсер себептерін азайту мақсатында 1997 жылы 11желтоқсанда Дүниежүзілі Киото хаттамасы күшіне енді.
Әлем қауымдастықтың елдері жаһандық жылынуға әсер етіп жатқан парник газдарын атмосфераға шығаруды бақылау жөніндегі тарихи келісім жасады.Дамыған елдерге атмосфераға шығарындыны 2000 жылдан 1990жылғы деңгейге дейін қысқарту керек болды.
Бұл келісімнің берік экологиялық және экономикалық негізі болуы үшін үш негізгі міндеттер белгіленді:
1. Қатысушы елдер үшін парник газдарын шығаруды қысқартудың нақты мерзімі мен көрсеткіштерін белгілеу.
2. «Міндетті сызбалар мен шаралар» ғана емес, көміртек қос тотығын шығаруға салық сияқты икемді нарықтық механизм ендіру.
3. Дамушы елдердің байыпты қатысуына қол жеткізу.
Киото хаттамасының міндетін орындау мысалын қарастырайық. Ол үшін АҚШ шығарады деп күтілген парник газдарының мәліметін пайдаланамыз. АҚШ-та базалық (1990 жылы) парник газдарын шығаруды 5,842 млрд т болды. 2010ж. болжам 7,241 млрд т. Киотода қабылданған міндетіне сәйкес АҚШ 2008-2012 жылдары парник газдарын шығару шамасын базалық жылдығының 93% жеткізеді, яғни жыл сайынғы парник газдарын шығару шамасы 5,433 млрд т (5,842 х 0,93) болады. 5 жылда АҚШ шығаратын парник газдары күтілген 36 млрд т орнына 27 млрд т (5,433 х 5) тең.
Сонымен, бірінші міндеттің орындалуы төмендегідей.Атмосфераға шығарылатын эмиссия көлемін қысқартудың қатаң мерзімінің орнына АҚШ ұсынған ұзақ мерзімдік тұжырым алынды. Ұзақ мерзімдік график мемлекеттерге белгіленген көрсеткіштерді орындауға икемді мүмкіндік береді. Әр жылға емес бес жылға орташа көрсеткіш белгілеу, әсіресе экономикалық даму болашағы белгісіз екенін ескерсек, шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қатысушы елдер белгілі көрсеткіштерге 2008-2012 жылдары жетуі тиіс. Бұл оларға шығындарының тиімділігін арттыра отырып жаңа технологияларды біртіндеп қолданысқа енгізуге, сөйтіп компанияларға және жұмысшыларға ауырпашылығын жеңілдетуге мүмкіндік береді.Басты өнеркәсіпті дамыған елдерге парник газдарын шығаруды базалық жылдарға (1990ж, 1995ж) қарағанда қысқартудың 6-дан 8%-ға дейін сараланған деңгейлері белгіленді. Кейбір әрекеттерді, мысалы, көміртек қос тотығын сіңіретін ағаш отырғызуды, яғни «табиғи тұтқыштарды» құруды шығарылымдарды қысқарту есебіне жатқызу туралы ұсыныс қабылданды. Бұл мәселені шешудің экономикалық әдістерін қолдануға жол бере отырып, пайдалы іс-әрекеттерді – ағаш отырғызуды ынталандырады.
Екінші міндеттің орындалуы келесідей көрініс табады. Киото хаттамасында нарықтық механизмнің негізгі элементі – компаниялар және елдер енді парник газдарын шығаруға квотасын бір-біріне сату және сатып алу мүмкіндігін алды. Яғни, квота – бағасы бар тауар. Квотаны сату және сатып алуды есептеу механизмі банк жүйесінде ақшаны есептеумен бірдей. Артық ақшасы бар банк оны басқа банкке өзі сатып алғаннан жоғарырақ өсіммен сатады. Алған табыстарын банк өз қажетіне жұмсайды. Оған керісінше, сатып алушы банк қарызын қайтару үшін қаржы алады. Нәтижесінде, банкаралық операцияларға қарамастан банк қаражатының жалпы шамасы өзгіріссіз қалады.
Енді квота сату мен сатып алу мысалын қарастырайық. Үш елді: А, В және С алайық. Хаттамамен белгіленген шығарылымдар лимиті жылына 150, 100 және 200 млн тг.Айталық А елі 20 млн т парник газын сатады және басқа бір себептермен 10 млн т сатып алады. Нәтижесінде, А елінің жол берілетін шығарылымы жылына 140 млн т (150 – 20 + 10) болады. В және С елдерінің жол берілетін шығарылымдары да осылай есептеледі. Сонымен, алғашқы үш елге лимит шамасы 450 млн т өзгеріссіз қалады. Бірақ әр ел үшін жол берілетін шығарылымдар алғашқы бөлінетін газ мөлшерінен өзгеше. Олардың әрқайсысын бөліп шығаратын газдардың соңғы мөлшеріне экономикалық мүдде – квота саудасынан түсетін пайда итермеледі. Оның үстіне бұл мысал «квота саудалаудан табиғат зиян шеге ме?» - деген сұраққа жауап береді. Жауап айқын, өйткені сауда шығарылымдарды ұлғайтпайды, тек қана елдер арасында қайта бөледі. Белгі мен шектеулерді сақтай отырып оны орындаудың ұтымды жолдарын табу мүмкін болады.
Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуына байланысты.Бірақ осы келісім шартқа қарсылық білдіруші елдерде аз болған жоқ. Жалпы саны 140 тан аса мемлекеттер хаттамаға қол қойған жоқ.Мысалыға айтатын болсақ АҚШ,Австралия,Ауғаныстан,Батыс Сахара,Сомали,Тайвань мемлекеттері және тағы басқалары.Себебі қарсылық білдірушілер экономикалық белсенділік пен табиғи апаттардың ғылыми тұрғыда дәлелденбеген себептерінің арасында байланыс жоқ дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |