ҚОРЫТЫНДЫ Қорытындылай келе соңғы ғасырдағы техника мен технологияның, көлік қозғалыстарының күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды ғана емес, сонымен бірге көзге көріне бермейтін табиғи апаттарды да тудырып отыр. Солардың бірі жоғарыда толық тоқталып өткен озон қабаты мен оның жұқарып, тесілу процестері. Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау шараларының нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан құтқарар күннің туары алыс емес секілді.
Г. Т. Айгаринова ,А. К. Джангабулова,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ,Жалпы жəне ерекше бөлім,Оқу құралы,Aлмaты,«Қaзaқ университеті»,2018,40бет
А.А. Абикенова, Т.С. Санатова, К.О. Жекеева,ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУ КӨЗДЕРІН ТҮГЕНДЕУ,Оқу құралы,Алматы, 2022,12 бет