Т. З. Рысбеков М.Өтемісов ат. БҚму ректоры, т.ғ. д., академик



Дата23.02.2016
өлшемі330.21 Kb.
#3050
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі

даму

тұжырымдамасы




М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020
жылға дейінгі даму тұжырымдамасы. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2009.

Тұжырымдаманы дайындаған жұмыс тобы:



Т.З.Рысбеков - М.Өтемісов ат. БҚМУ ректоры, т.ғ.д., академик

Ә.Қ.Мұқтар - ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор, т.ғ.д.

О.В.Юров – Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, с.ғ.к.

Т.М.Даришева – Тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі проректор, п.ғ.к.

26.09.2008 ж. Ғылыми Кеңес шешімімен бекітілген. №1 хаттама

23.10.2009 ж. Ғылыми Кеңес шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген № 2 хаттама
БҚМУ аймақтағы білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамыту мен таратудың басты орталығы ретінде ашық әлеуметтік - мәдени және ақпараттық жүйе ретінде өзін көрсете отырып, осыған байланысты бүгінгі таңда өзінің қызметінің құрылымы мен мазмұнын үздіксіз жетілдіруді қажет етеді. Оның негізгі мақсаты мен бағыттары Қазақстан экономикасының нарықтық және әлеуметтік бағыттағы заңды мемлекет ретінде құрылу үрдісімен, қоғамда демократиялық қайта құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық білім жүйесімен ену үрдістерімен анықталады.

Білім беру жүйесінің әлемдік тенденцияларын ескере отырып, аймақтық университеттер аясында жоғары білім берудің қазіргі заманға сай модельдерінің мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен дамытуды жүзеге асыру үшін 2009-2020 жылдарға арналған дамытудың деңгейлік тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туды. Тұжырымдаманың міндеттері жоғары оқу орны қызметінің барысын бағалау, дамудың оңды бағыттары мен шараларын анықтау болып табылады. Тұжырымдама қысқа мерзімді, орта мерзімді, және ұзақ мерзімді барлық құрылымдық бөлімшелердің келесі даму жоспарларының және оларды жүзеге асыру шараларының ұйымдастыру- әдіснамалық негізі болып табылады.


© М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа орталығы, 2009.


Мазмұны





Кіріспе

4

1.


М.Өтемісов атындағы БҚМУ кадрлар даярлау жүйесінің жүйелік шақырулары мен SWOT – талдаулар жағдайы

7

2.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ миссиясы, мақсаты мен даму жолындағы міндеттері

10

3.

2020 жылға дейінгі М.Өтемісов атындағы БҚМУ дамуының тиімді бағыттары мен бағдарлары

11

3.1.

Кадрлармен қамтамасыз ету, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ПОҚ біліктілігін арттыруды дамыту

11

3.2.

Оқу үрдісінің ғылыми- әдістемелік қамтылуы

12

3.3.

Білім, ғылым және өндірістік байланыс

13

3.4.

Студенттердің жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиесі

14

3.5.

Ақпараттандыру

15

3.6.

Сапаны бағалау жүйесін жетілдіру

17

3.7.

Қаржыландырудың жаңа тәсілдері

19

4.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ даму тұжырымдамасын бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тұжырымдаманы жүзеге асыру механизмдері

20

5.

Күтілетін нәтижелер

21


Кіріспе
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - еліміздегі байырғы жоғарғы оқу орындарының бірі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің негізгі даму кезеңдері: 1932 жылы Орал қаласында екінші болып ҚАЗПИ- ден кейінгі педагогикалық институт болып ашылды. 1937 жылы ОПИ - ге А.С.Пушкиннің есімі берілді. 1996 жылы 7 мамырдағы ҚР Үкіметінің №573 қаулысы негізінде А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 2000 жылғы 14 ақпандағы ҚР Үкіметінің №236 қаулысымен А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті мен Батыс Қазақстан аграрлық университеті және Дәулеткерей атындағы өнер институттарының ірілендірілуіне байланысты Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. 2002 жылғы 5 қарашадағы ҚР үкіметінің № 1172 қаулысымен Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің бөлінуіне байланысты қайта құрылып, 2003 жылы БҚМУ-ға Махамбет Өтемісов есімі берілді.

Университеттің заңды мекен – жайы: 090000 Орал қаласы, Достық даңғылы, Тел: (711)51-26-32, 51-42-66, e-mail: zapkazgu@rambler.ru/.

Университеттің құрылымына, Экономика және басқару институты, Мәдениет және өнер институты, педагогикалық, филологиялық, жаратылыстану-математикалық, тарих және құқық факультеттері, колледж, аналитикалық орталық, ақпараттық технологиялар орталығы, ғылыми кітапхана, баспа орталығы, экология және биохимия сынақ лабораториясы, оқу лингвистикалық лаборатория және т.б. ғылыми, оқу және өндірістік бағыттағы құрылымдар кіреді.

Институттардың құрамында кадрлар даярлайтын арнаулы 23 кафедра, 48 бакалавриат, 21 магистратура, 4 аспирантура бар.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

№ 0026241 серия АБ мемлекеттік лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асырады.

Бүгінгі күні БҚМУ-да студенттердің жалпы саны 7 мыңнан асады, студенттердің 25 пайызы мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды.

Оқытушы профессорлар құрамының саны 578 адамды құрайды, бұл -оқытушылардың жалпы санының 84 пайыз штаттық бөлігі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жүзеге асырылады. ҚР білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен қамтамасыз етілуі мамандықтар бойынша 100 пайызды құрайды.

Тәжірибе бағдарламалары мамандықтардың бағытын, мекеме, ұйымдардың, кәсіпорындардың және тәжірибе орындарының сипатын ескере отырып жасақталған. Білім беру бағыты бойынша тәжірибе базалары мен мемлекетті басқару жүйесі, өнер және мәдениет ұйымдары, қаржы салалары, шағын және орта бизнес мекемелерімен шарттар жасасқан.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқауларына сәйкес ұйымдастырылады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде төмендегідей ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс жасайды:

1. Ы.Алтынсарин атындағы аймақтық ресурс орталығы.

2. «Тілдерді дамыту орталығы».

3. «Экономиканың аймақтық проблемалары орталығы».

4. «Мәдени мұра орталығы».

5. «Экология және табиғатты пайдалану мәселелері орталығы».

БҚМУ-дың компьютерлік және оргтехника базасы қалыптасты. Компьютерлік парк 760 жаңа буын компьютерімен жасақталған. Оқу ғимараттарында 26 компьютерлік сынып іске қосылған. Оқу үрдісінде интерактивті тақталар, графопроекторлар және видиопроекторлар қолданылады. Интернетке шығатын корпоративті желіге 500 компьютер қосылған. БҚМУ – дың ресми Web-сайт: www.wksu.kz, жоғарғы оқу орнының интернет сайты жасалды Intranet-сайт (http://inside.wksu.kz), ол ішкі және сыртқы абоненттермен байланысты қамтамасыз ететін жедел іс жүргізуге және корпоративті электронды поштаны жүргізуге әсер етеді. (mail.wksu.kz).

Кітап қоры 1 млн. аса сақтау бірліктерін құрайды. Бір студентке 140 бірліктен жоғары келеді. Университеттің ғылыми кітапханасында 10 оқу залы жұмыс істейді.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің балансысында 8 оқу ғимараты, 1 студенттік жатақхана, 2 типтік спорт зал, 3 қосымша спорт зал, 2 ашық спорт алаңы және агробиостанция бар.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қызметінің басты бағыттарының бірі - жақын және алыс шетел университеттерімен екі жақты серіктестік қатынасты тереңдету болып табылады. Университет «Magna Charta Universitatum» Ұлы Хартия университетімен келісімшарт жасады. Бүгінгі күні БҚМУ алыс және жақын шет елдермен ғылым және жоғары білім саласында байланыс жасауға бағытталған 30 – дан аса келісімшарттарға, хаттамаларға қол қойды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 822-ші «Жоғарғы кәсіптік білім беруді ұйымдастыруда сапа жүйесін жасау және енгізу туралы» және 2004-2005 жылдарға арналған «ИСО серия 9000 халықаралық стандарттарына Қазақстан кәсіпорындарын жедел көшіру жөніндегі жұмыстардың жоспарын жүзеге асыру» аясындағы бұйрығына сәйкес, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті университетішілік қызметке СМЖ жүйесін енгізіп, іске қосуды жүзеге асырды. Университетте СМЖ құжаттар жүйесінің 4 деңгейі жасақталып, жұмыс істеуде, сондай-ақ әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетілген міндетті құжаттама жүргізу қадағаланып отыр. 2007 жылдың желтоқсанында БҚФ БАҚ (Батыс Қазақстан филиалы Біріккен акционерлік қоғамы) «Сараптау және стандарттау ұлттық орталығының», ИСО 9001-2000 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» стандарттарына сәйкес, университет сыртқы бақылау және сертификаттау аудиторларының тексеруінен сәтті өтті.

БҚМУ-да білім берудің сапасын жетілдіруге бағытталған ішкі нормативті құжаттардың қатары жасақталды.

Университеттегі білім берудің сапасын басқару саласында қызмет нәтижелері мониторингтік зерттеулермен бақыланады. Жыл сайын жоғары оқу орнында білім беру қызметін жүргізу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттер мен профессорлық-оқытушы құрамға сауалнама жүргізіледі.

Сапа бағасы білім беру бағдарламаларын игеру, ағымдағы үлгерімді бақылау, өткізу мен ұйымдастыру жолымен және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау арқылы жүзеге асырылады.

Университетте жұмыс берушілермен кері байланыс жүйесі жұмыс жасайды. Ол жас мамандардың даярлық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізу арқылы және басшылармен әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

Университет бітірушілерді еңбекке орналастыруға көмектесу үшін университет жыл сайын бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді: кәсіпорын басшыларымен кездесулер, мекемелердің тапсырысы бойынша алдын ала байқаулық іріктеу, бос орындар жәрмеңкесі, бітірушілерді жеке бөлу, бос орындардың қалалық жәрмеңкесіне қатынастыру шаралары өткізіледі.

Білім беру саласындағы нормативті заңды актілер негізінде және ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Жолдауы негізінде университетте білім сапасын арттыру үшін деңгейлі түрде орындалатын «2005-2010 жылдарға арналған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму бағдарламасы» қабылданды. Істелген жұмыстардың нәтижесі - жоғары оқу орнының 2008 жылғы мемлекеттік аттестациядан өтуі болып табылады.

Бүгінгі таңда 2007 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім туралы заңына» сәйкес, бірқатар нормативті құжаттармен қатар, «2020 жылға дейінгі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің даму Тұжырымдамасы» жобасы жасақталды. Онда еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылығы, мақсаттары мен міндеттері және механизмдері айқындалады.

БҚМУ аймақтағы білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамыту мен таратудың басты орталығы ретінде ашық әлеуметтік - мәдени және ақпараттық жүйе ретінде өзіндік орнын ала отырып, осыған байланысты бүгінгі таңда өзінің қызметтік құрылымы мен мазмұнын үздіксіз жетілдіруді қажет етеді. Оның негізгі мақсаты мен бағыттары Қазақстан экономикасының нарықтық және әлеуметтік бағыттағы заңды мемлекет ретінде құрылу үрдісімен, қоғамда демократиялық қайта құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ұлттық білім жүйесімен ену үрдістерімен анықталады.

Білім беру жүйесінің әлемдік тенденцияларын ескере отырып, аймақтық университеттер аясында жоғары білім берудің қазіргі заманға сай модельдерінің мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен дамытуды жүзеге асыру үшін 2009-2020 жылдарға арналған дамытудың деңгейлік тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туды. Тұжырымдаманың міндеттері жоғары оқу орны қызметінің хал-ахуалын бағалау, дамудың тиімді бағыттары мен оның басты мәселелерін анықтау болып табылады. Тұжырымдама қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді барлық құрылымдық бөлімшелердің келесі даму жоспарларының және оларды жүзеге асыру шараларының ұйымдастыру - әдіснамалық негізі болып табылады.



  1. М.Өтемісов атындағы БҚМУ кадрлар даярлау жүйесінің жүйелік шақырулары мен SWOT – талдаулар жағдайы

Қазақстан Республикасының дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіру стратегиясы біздің қоғамымыздың білім, экономикасы мен ғылыми технологиялық қордалануына бағытталған болуы керек. Бұл білім беру қызметінің сапасына талап қоюды, кең құзіретті және фундаментальді білім талаптары мен біліктілік талаптарын арттыруды, сондай-ақ білім беруді интернациялизациялау үрдістеріне жағдай жасау.

Қазақстан жағдайында жоғары білім беруде бәсекеге қабілеттілікті ұстанатын біраз жүйелі мәселелер бар:

1. Жоғары білім мен еңбек нарығындағы қажеттілік арасында байланыс үзілген.

2. Жоғары білімді бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау қызметінің көрсеткіш сапасы төменгі дәрежеде қалуда.

3.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамуы әлемдік стандарттардан артта қалуда.

4. Білімдегі инновациялық жүйе нашар дамыған.

5.Білім беру жүйесін басқару мен оны қаржыландыру одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Әрбір жоғары оқу орны өз деңгейінде тез арада түзетуді талап ететін бірқатар мәселелерге тіреліп отыр. Шақыру мен жауап беру парадигмасы негізіндегі мәселелерді дұрыс шешу жағдайды объективті талдау және стратегиялық жоспарлау жүйесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі кадрлар даярлау жүйесінің талдауы жоғары оқу орны қызметінің мынадай ұтымды тұстарын анықтады:



  • Қазақстанда біздің жоғары оқу орнының рейтингісі тұрақты;

  • халықаралық байланысы кең және шетелдерге жоғары оқу орны танылып үлгерді;

  • жоғары оқу орнының қызметіндегі көп кәсіптік сипат аймақтағы білім беру, экономика және басқару, мәдениет және өнер саласының талаптарын түгелдей және ішінара қанағаттандыра алады;

  • Халықаралық стандарт ИСО - 9001:2000 «Менеджмент сапа жүйесі» «Талаптар» - 2008 жылдың 25 қаңтардағы №kz2710176.07.03.01170 сәйкестілік сертификатын жоғары оқу орнының қызметіне енгізу. ИСО-14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. «Талаптар мен қолданылу жөніндегі басшылық 2006 жылғы 29 маусымдағы №kz2710183.07.04.00453» экологиялық менеджмент жүйесі сәйкестілік сертификатын жоғары оқу орнының қызметіне енгізу;

  • білім беру сапасын бақылау жүйесі, ішкі нормативтік іс жүргізу құжаттары, мониторингтік зерттеулер, білім беру үрдісін ағымдағы, аралық және қорытынды рейтингтермен бақылау;

  • рейтингтік баға және ПОҚ кәсіптік деңгейін сараптамалық бақылау, жұмысқа қабылданушыларды сауалнамадан өткізу;

  • кәсіптік талаптарға сай материалдық- техникалық базаның барлығы;

  • мемлекеттік және бюджеттен тыс қаржыландырудың үйлесімділігі;

  • компьютерлік техникаларды алуға шығындардың өсімі, ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың дамуы - университеттегі білім беру жүйесін ақпараттандыруға алып келеді;

  • ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың ғылыми - әдістемелік дайындығының жоғары дәрежелілігі;

  • инновациялық қызметтегі тәжірибе – оқытудың кредиттік технологиясын

  • енгізу мен жетілдіруге жол ашады;

  • кейбір мамандықтар бойынша бакалавр-магистр даярлауда екі деңгейлі жүйені қалыптастыру;

  • жоғары оқу орнын басқару жүйесін үздіксіз жетілдіру.

Жоғары оқу орны қызметінің осал тұстары:

  • «Құқықтану», «музыкалық білім», «өнер» мамандықтары бағытында жоғары білікті мамандар тапшылығы;

  • «Өнер», «білім», «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бағытында жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламалары магистратура мен PhD докторантура ашу үшін жағдайдың жоқтығы;

  • «Өнер», «білім» мамандықтары бағытында кадрлар біліктілігін арттыру мен қайта даярлау деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • ПОҚ еңбек ақысының жеткіліксіздігі, олардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

  • Жекелеген элективті пәндер бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттердің жеткіліксіздігі, әсіресе мемлекеттік тілдегі;

  • Педагогикалық және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларына сұраныстың жеткіліксіздігі;

  • 1990 жылдардағы бала туу санының азаюымен байланысты, мектеп бітірушілер санының, тиісінше талапкерлер санының азаюы;

  • Талапкерлердің басқа ЖОО мен мемлекеттерге кетуі;

  • Шетелдік оқу орындарымен бірлескен білім, ғылыми-зерттеу және «қос диплом» бағдарламаларының жеткілікті дамытылмауы;

  • Ғылыми-зерттеу орталықтары жұмысы нәтижелілігінің жоғары болмауы, университет құрылымында өндірістік базалардың болмауы;

  • Студенттердің жатақханамен қамтылуының жеткіліксіздігі.

Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мынандай мүмкіндіктері бар:



  • РҺД докторлық диссертация қорғау жөніндегі кеңестер ашуға;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жағдайларын кеңейтуге (магистрант, РҺД)

  • ақпараттық, коммуникациялық технологиялар енгізуді кеңейту есебінен білім сапасын көтеруге;

  • «қос дипломды» білім алу бағдарламаларын жасақтауға;

  • шетел жоғары оқу орындарымен интеграция жасау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасын бірігіп даярлауға;

  • қашықтан оқыту технологияларын енгізуге;

  • өндіріс үрдісіне электронды құжатайналым жүйесінің бірізді қызметін қамтамасыз ететін бағдарламалар өнімдерін енгізуге;

  • - жүзеге асқан оқыту түрлері мен білім беру бағдарламаларының санын көбейтуге;

  • ЖОЖ, ЭПК, ПОӘК, т.б. оқу-әдістемелік құжаттарды жетілдіруге;

  • кәсіби бағдар жұмыстарының жаңа формаларын пайдалануға;

  • ПОҚ-тың ғылыми-педагогикалық деңгейін арттыруға және оқытудың кейбір бағдарламалары бойынша халықаралық аккредиттеу және институциональды аккредиттеу өткізуге;

  • ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысын жетілдіруге;

  • жеке қаржылар және бюджеттік қаржылар есебінен жатақхана құрылысын салуға;

  • демеушілік құралдар, инвестиция, гранттар, т.б. тарту жолымен бюджеттен тыс қаржыландыру бөлігін ұлғайтуға;

  • министрлік басшылығы, қала, облыс, өкімет деңгейінде басқару жүйесін жетілдіру жөнінде және білімді қаржыландыру жөнінде ұсыныстар түсіруге;

БҚМУ қызметі үшін қауіпті болып есептелетін:

  • ғылыми дәрежесі мен атағы бар ПОҚ көрсеткішінің төмендігіне байланысты оқытудың кейбір бағдарламаларының жабылып қалу қаупі бар;

  • зейнет жасындағы және зейнеткерлік алдындағы ғылыми атағы бар оқытушылар санының көбеюі;

  • жоғары оқу орны үшін педагог кадрлар, магистранттар, РҺД даярлау жүйесінің жоқтығы;

  • ПОҚ-тың облыс бойынша орташа еңбекақысының деңгейінің төмендігінен мамандардың шаруашылықтың басқа саласына ауысып кетуінің көбеюі;

  • студенттерді даярлау деңгейі мен білім беру қызметі сапасының төмендеуі;

  • демографиялық үрдістерге және оқу ақысының өсуіне байланысты және студенттер контингентінің басқа шет мемлекет, республика, аймақ жоғары оқу орындарына кетуіне байланысты бәсекелестік қабілетінің төмендеуі;

  • талапкерлер тарапынан педагогикалық мамандықтардың және мәдениет пен өнер мамандықтарының кейбіріне сұраныстың жоқтығы немесе қабылдаудың азаюы;

  • қазақ тілінде оқитын студенттер саны мен мемлекеттік тілде шығатын оқу-әдістемелік құралдар арасындағы сәйкессіздік;

  • оқытудың кейбір бағдарламасы бойынша және білімді мамандардың еңбек нарығындағы қажеттіліктерінің төмендеуі.




  1. М. Өтемісов атындағы БҚМУ миссиясы,

мақсаты мен даму жолындағы міндеттері
БҚМУ 2020 жылдарға дейінгі дамуы стратегиясының контексінде Батыс Қазақстан облысының мәдени, ғылыми және әлеуметтік дамуының ғылыми орталығы болып танылды.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың кадрлар даярлау жүйесіндегі жағдайына жасалған талдау оның осал және ұтымды жақтары мен қауіп тудыратын және қолда бар мүмкіндіктерін пайдалану жақтарын анықтау арқылы жоғары оқу орны миссиясын, дамудың бағыттары мен бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Университет миссиясын дайындау әдіснамасы жоғары оқу орнының тарихын көрсету, оның аймақтағы орны мен ролін анықтау, ұлтаралық және өркениетті ынтымақтастық идеяларына берілгендігін көрсету; қоғамды демократиялау үрдісіне қатысу, білім беруді ізгілендіру мен инновациялық дамыту; жүргізіліп жатқан маман дайындау бағытына сәйкес оқыту сапасына жоғары оқу орны қойып отырған жоғары талаптарды атап көрсету, еліміз бен аймақ дамуындағы жоғары оқу орны түлектерінің орны мен ролін анықтау қажеттілігіне негізделді.
БҚМУ миссиясы:

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне аймақты әлеуметтік, экономикалық, мәдени үлгілендірудің орталығы болуға мүмкіндік беретін ұлттық келісім мен мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеялары негізінде, оның Қазақстандағы байырғы жоғары оқу орындарының бірі ретінде ғылыми, оқу және тәрбие беру дәстүрлерін сақтау және арттыру. Білім, экономика, құқық, өнер мен мәдениеттің дамуына жағымды әсер етуге қабілетті жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің сұранысына сәйкес оқытудың озық технологиялары мен қазіргі білім беру инфрақұрылымын қолдана отырып, жоғары білікті мамандар дайындау, гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді жинақтау мен тарату.


Мақсаты:

Жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім беру мен өндірісті интеграциялау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде оқу-әдістемелік, ғылыми – зерттеу, тәрбие қызметін жүзеге асыру.



Міндеттері:

  • шығармашыл жеке тұлғаның өз бетімен қалыптасуы мен бірізді дамуы, оқу және тәрбие үрдісін интеграциялау үшін қажетті ұйымдастыру-нормативті, кадрлық, бағдарлы-әдістемелік және т.б. жағдайларды қалыптастыру арқылы университет қызметін жетілдіру;

  • білімді ақпараттандыру саласында инновациялық саясат жүргізу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

  • ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • университеттің беделін көтеру үшін халықаралық қорлар, ұйымдар мен серіктес шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысын нығайту, халықаралық жобаларға қатынасу арқылы өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеру;

  • қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен сұранысына сәйкес, жоғары оқу орнын қаржыландыруды жетілдіру.


3. 2020 жылға дейінгі М.Өтемісов атындағы БҚМУ дамуының тиімді бағыттары мен бағдарлары
БҚМУ-дың 2020 жылға дейінгі дамуының басым бағыттары ретінде келесі мәселер көрініс табады:
3.1. Кадрлармен қамтамасыз ету, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ПОҚ біліктілігін арттыруды дамыту
ЖОО-ны кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кафедралар мен институттардың кадрлық әлеуетіне көпқырлы талдау жүргізу;

2014 жылға дейін барлық дайындалатын мамандықтар мен олардың бағыттары бойынша педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудің тұтас бағдарламасын жасау.

Бітіруші бакалавр /магистрлерге мемлекеттік грант негізінде магистратура / PhD докторантураға түсу үшін дайындық жұмыстарына жағдай жасау.

Университет қызметкерлерін ақылы негізде магистратура мен PhD докторантурада оқыту үшін өз қаражатымыздың есебінен несиелендіру бағдарламасын жасау. Несиелендіру бағдарламасы қызметкерді жұмыс орнына бекітуге ықпал етуі тиіс.

ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігіне магистратура мен PhD докторантурадағы оқу ақысына жеңілдетілген несие беру туралы ұсыныс түсіру.

2015 жылға дейін университет мамандықтарының 60% магистратура ашуды қамтамасыз ету. Ал 2020 жылға дейін барлық мамандықтар бойынша магистратура ашу.

2015 жылға дейін университеттің кемі 5-8 мамандығында PhD докторантура ашуды қамтамасыз ету. Ал 2020 жылға дейін 25% кем емес мамандықтар бойынша PhD докторантура ашу.

2015 жылға дейін университет ПОҚ ғылыми әлеуетін 50% -ға дейін көтеруге қол жеткізу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы міндеттеген әрбір оқытушының 5 жылда бір рет біліктілігін арттыруы ережелерін орындау мақсатында төмендегідей шаралар жүзеге асырылады:

Білім және ғылым министрлігіне ПОҚ біліктілігін арттыруды мемлекеттік қаржыландыру туралы, қашықтан оқыту технологияларының негізінде оқытатын біліктілік арттыру орталығы/орталықтарын ашу туралы ұсыныс түсіру;

2011 жылға дейін жылына университеттің ПОҚ 20%, білім беру қызметкерлері, банк саласы мен мемлекеттік қызметкерлерді оқытатын ЖОО-ның кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығын құру

ПОҚ біліктілігін арттыру жүйесі бойынша шетелдік ЖОО-мен байланыс бағытын дамыту;

Мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас тілін жетік меңгерген педагогикалық кадрларды дайындауға жағдайлар жасау;

2015 жылға қарай университет құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерін білім менеджменті бағдарламасы бойынша дайындау жүйесін құру. 2020 жылы осы квалификацияның болуы негізінде ӘБҚ лауазымдарын ауыстыруды жүзеге асыру қажет.


3.2. Оқу үрдісінің ғылыми - әдістемелік қамтылуы
Университетте оқу үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету- төмендегідей мәселелерді шешуге бағытталуы қажет:

  • барлық мамандықтар бойынша кредиттік технологияны енгізу және үздіксіз оқу үрдісін жүзеге асыру;

  • барлық білім деңгейіне және оқыту түрлеріне қашықтан оқыту технологиясын енгізу;

  • оқу үрдісіне жаңа ақпараттық және педагогикалық (интерактивті) технологияларды енгізу;

  • студенттердің белсенді өзіндік жұмыстарына, оқудың жеке бағытын таңдауға, оқытушылар мен білім алушылардың, оқытушылардың академиялық белсенділігіне жағдай жасау;

  • толық оқу жүктемесі жағдайындағы (дәрісханалық) оқытудан (Full-Time) толық емес оқу жүктемесі (дәрісханалық) жағдайына (Part-Time) өтуді қамтамасыз ету;

  • білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындаудың кәсіби бағдарламасын, қайта даярлау мен мамандар біліктілігін арттырудың мазмұны мен құрылымын жасақтау;

  • өмір бойы оқыту үрдісін жүзеге асыру мақсатында, түрлі деңгейдегі білім бағдарламаларының үздіксіздігі мен жалғастығын қамтамасыз ететін пререквизиттер механизмін енгізу;

  • 2015 жылға дейін әрбір мамандық шеңберінде үш кәсіби бағытты анықтайтын таңдау пәндері каталогының мазмұны мен құрылымын жасақтау; бұл бағыттағы шаралар жұмыс берушімен тығыз байланыс негізінде жүзеге асырылуы керек.

  • пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенді үздіксіз, үш жылда бір реттен артық емес жаңартып отыру;

  • университет ПОҚ күшімен бірінші кезекте мемлекеттік тілде жүргізетін пәндер бойынша оқулықтар, дәріс курстарын, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды дайындау - осы аталған міндеттер 2020 жылға қарай БҚМУ-да оқытушылық қызмет атқарудың бірден-бір шартына айналуы қажет;

  • БҚМУ-да «қос дипломдық» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011жылға дейін кем дегенде университетішілік 3 бағдарлама, 2020 жылға қарай 12 бағдарлама жасау, сонымен қатар серіктес ЖОО-мен бірлесіп 2011 жылға қарай 2 бағдарлама, 2020 жылға қарай 8 бағдарлама жасау;

  • 2015 жылға қарай мемлекеттік тілді және ұлтаралық қатынас тілін қатар толық меңгерген мамандарды дайындап шығару мақсатында практикалық қазақ және орыс тілдері кафедраларының, Тіл дамыту орталығының оқытушыларына жүктеме бөлуде, оқу үрдісін ұйымдастыруда, пәннің оқу-әдістемелік кешені мәселелеріне өзгерістер енгізу;

  • 2020 жылдарға қарай пәндердің 20 пайызы ағылшын тілінде оқытылуы керек.

  • Педагогикалық мамандықтардың ғылыми-әдістемелік жұмысына ерекше көңіл аудару қажет. Бұл үрдіс университетте оқытушының жеке тұлғасының қалыптасуы ретінде қаралуы керек.

Болашақ педагогтың бойында құзыреттіліктің 3 тобы қалыптасу керек: жалпы мәдени (дүниетанымдық) құзыреттілік, әдіснамалық (психологиялық - педагогикалық), пәндік бағдарлы құзыреттілік.

Көрсетілген талаптарды жүзеге асыру мақсатында оқу үрдісі төмендегідей қағидаттарға негізделуі қажет:



  • жеке бағдарлық бағыттағы кәсіби-педагогикалық дайындықтың үздіксіздігіне;

  • кәсіби қызметтің құндылығына;

  • теория мен тәжірибенің бірлігіне;

  • теориялық білімді І курстан бастап бітіргенге дейін біртіндеп қалыптастыруға;

  • теориялық білім беруді оқытушының практикалық іс-әрекетіне айналдыруға (педагогикалық технологияларды меңгеруі);

  • мұғалімнің кәсіби мақсатының стандартты және стандартты емес (шығармашылық) тәсілдерін шешуді оқыту;

  • педагогикалық үрдістің жағдайын анықтауға үйрету және бұл нәтижелерді оқу-әдістемелік жұмыста қолдануға.


3.3. Білім, ғылым және өндірістік байланыс
БҚМУ инновациялық құрылым, ғылыми зертханалар, орталықтар құру арқылы ғылым, білім және өндіріс интеграциясын жүзеге асырады. Жоғары білім мен ғылымдағы жаппай интеграцияның артықшылығы түрлі деңгейдегі және әртүрлі жастағы мамандар құрылымы, материалдық-техникалық ресурстар және қаржымен қамтамасыз ету шеңберіндегі үйлесімділік болып табылады. Бұл ғылымның дамуы үшін және қазіргі заманғы деңгейде мамандар даярлауға нақты алғышарт қалыптастырады.

БҚМУ-да құрылған ғылыми орталықтар өз бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу жолымен, сондай-ақ мемлекеттік әрі жеке өзге ұйымдардың тапсырысы бойынша жұмыс белсенділігін арттыру керек.

Жұмыс жасап тұрған ғылыми орталықтар оқу-ғылыми-өндірістік кешендермен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс.

Қызмет өнімдері инновация нарығында сұранысқа ие болатын, мысалы, химиялық технологиялар орталығын, ақпараттық технологиялар орталығын, саяси және әлеуметтік зерттеулер орталықтарын т.б., жаңа орталықтар ашу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Интеграцияның және жұмыс жасап тұрған отандық, сондай-ақ шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен біріге зерттеу жүргізудің бағдарламасын жасау керек.

Университеттің зерттеу құрылымдары диссертациялық жұмыс жазып жүрген магистранттар мен докторларды қызметке кеңінен пайдалану керек, осындай зерттеу құрылымдарын іске тарту арқасында жоғары білімнен кейінгі білім мазмұнын өзгертеді.

Грант бөлінген байқауларға қатысушы және қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырушы оқытушылар санын арттыруға жағдай жасау қажет.

Білім, ғылым және өндіріс интеграциясын терең дамыту үшін кафедралар филиалдарының ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, мамандар, кәсіптік бағдар беру бағыттары бойынша қала және облыс мектептеріндегі жұмысын жетілдіру керек.



3.4. Студенттердің жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиесі
Тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жеке тұлғаның қалыптасуына, студенттердің белсенді өзіндік қалыптасуын қамтамасыз етуге, білімді, жоғары адамгершілігі мол, ынтымақтастық пен мәдениетаралық байланыстарға бейім адамды тәрбиелеп шығаруға бағытталуы керек.

Студенттердің жеке дамуына, өзінің сәтті қалыптасуы мен өзін-өзі тануға бағытталған бағдарламалар мен жоспарлар жасауға күш салу қажет.

2010 жылға қарай тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен жеке дамудың дәрежесін бағалаудың өлшемдерін анықтау керек.

Білім және ғылым министрлігіне тәрбиелік бағдарламалар, тәрбие мәселесі жөніндегі мониторинг пен даму орталықтарын құру туралы ұсыныс жасау.

Студенттік өзін - өзі басқару жүйесін үздіксіз дамыту. 2011 жылға студенттік топтардың толығымен өзін - өзі басқаруға өтуі туралы бағдарлама дайындалуы қажет.

Елдің тағдырына жауапкершілікпен қарауды сезінетін дамыған жеке тұлға қалыптастыру үшін студент жастардың бойында адамгершілік жүйедегі құндылықтарды қалыптастырушы бағыттағы тәрбиелік жұмыстарды күшейту керек.

Студенттер арасындағы азаматтық байланыстар және көшбасшылық дағдылар деңгейін көтеру үшін төмендегідей жолдарды қарастыру көзделеді:


  • қала мен облыстың әлеуметтік мәселелерін шешуге студенттердің қатынасуы, форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, әлеуметтік қызмет түрлерін ұйымдастыру.

  • ғылыми жұмыстарға тарту, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми олимпиадалар өткізу;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық секциялар мен жарыстарға қатынастыру;

Жастар арасындағы құқықбұзушылық және қылмыстың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуі керек.

Университет студенттер мен оқытушылар құрамының әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, білім, денсаулық сақтау, аз қамтылған топтарды қолдауға қол жеткізуге ұмтылуы керек.

Жас таланттарға байқаулар мен фестиваль, көрмелерге қатысу үшін қолдау көрсетілуі қажет.

Республикалық «Жасыл ел» штабы және студенттік құрылыс жасақтарымен біріге жасалып жатқан жұмыстар да дамытуды талап етеді.

Студенттер мен оқытушылар құрамы арасында патриоттық тәрбие және қоғамдық-саяси тәрбие, саяси деструктивті идеялардың таратылуының алдын алу, мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету бойынша өткізіліп жатқан шараларға, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін кеңірек таныту бағытында жүргізіліп жатқан шараларға университеттің барлық құрылымдық бөлімдері тарапынан көңіл бөлінуі талап етіледі.

Университет басшылығы мен барлық қызметкерлері мемлекеттік тіл және ұлттық саясат, этносаралық келісім мен түрлі этностардың мәдениеті және дәстүріне деген құрметті насихаттау, студенттер арасында этносаралық келіспеушілікті болдырмау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуі керек.


3.5. Ақпараттандыру
Әлемде білім беру жүйесінің ақпараттық – коммуникативтік инфроқұрылымына, әкімшілік - бағдарламалық қамтылуына, білім беру қорын сандық және техника-педагогтың қолдауға кететін шығын үнемі өсуде.

Бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумда жасалған желілік әлемге кіруге даярлық индексіне сәйкес, 2007 жылы Қазақстан 122 елдің ішінде 71 орында (2005 жылы 60 орнында). Сондықтан БҚМУ бюджетінде бұл саланы қаржыландыруды ұлғайту қарастырылуы тиіс.

Ақпараттық технологиялар саласында университетті жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін, кадр саясатының маңызы зор болу керек. Ол үшін біздің оқу орнының қызметкерлерін осы салада алдыңғы қатардан орын алатын білім мекемелерінде оқытуға бағытталған кредиттік бағдарламалар жасау міндеті тұр.

Кредиттік бағдарлама қызметкерлерді өз жұмыс орнында тұрақты жұмыс істеуге және өз әріптестерін оқытуға жәрдем жасайды.

Ақпараттық технологиялар жөніндегі мамандар тек қана қолда бар бағдарламалар өнімдерін қарап және қамтамасыз етуге ғана бағытталмай, әлемдік деңгейдігі эксклюзивті бағдарламаларды құрулары тиіс.

Университет дамуының жоғары дәрежелі бағыттарына ақпараттық қамту мамандықтары бойынша студенттер даярлауды жатқызуға болады.

Осы мақсатта мамандықты даярлап аяқтау үшін, кафедралардың университет құрамында ғылыми-өндірістік орталық немесе ақпараттық технологиялар институтын құру мақсатында, кадр, ғылыми - әдістемелер, материалдардың даму бағдарламасын жасау керек.

Ақпараттық технологиялар бойыша басшылық өкілдері, оқытушылар мен оқу орнының барлық қызметкерлері оқу курсынан 3 жылда бір рет өтуі керек.

Кәсіби педагогтарды даярлау бағдарламасына білім беруді ақпараттандыру әдіснамасы және технологиясы бойынша мамандандырылған курстар өткізілуі тиіс.

Университеттің барлық бітірушілері әлемдік қауымдастықтың ашық жүйедегі бағдарламаларымен, сондай-ақ әлемдік көшбасшы-брендтер жүйелері, АКТ білу құзіреттілігіне сертификат алуы тиіс.

Оның бір түрі ретінде «қос дипломды», екінші информатик бакалавр дипломын алатын білім болуы мүмкін. Университет құрылымында компьютерлік технологиялар паркін жаңарту үнемі жүзеге асырылуы тиіс.

2020 жылы оқу үрдісін компьютерлермен қамту білім ұйымдарының компьютерлік техникасымен қамтылуының әлемдік көрсеткішіне сай келетін әр білім алушыға 1:1 есебінде қамтылатындай дәрежеде болу керек.

Мамандардың барлығы білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми виртуальды зертханалармен (ҒВЗ) және интерактивті дәріс залдарымен (ИДЗ) жабдықталуы тиіс.

2020 жылы оқу пәндерінің 90% көбі сандық қорлармен, электронды оқулықпен, электронды кітапханамен, оқыту бағдарламаларымен, виртуальды зертханалармен және бейнедәрістермен қамтылуы тиіс.

Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу пәндерінің 3 тілдік интерактивті мультимедиялық электронды оқулықтар түріндегі сандық жүйеге айналуына ұмтылу керек.

Сондай-ақ, барлық студенттер қазақстандық және әлемдік ғылыми-білім алуға қорларына еркін кіру үшін жеңілдікке ие болуы керек.

Интернетке қосылу байланыстың түрлі каналдарының базасында,- спутникті, жер үсті, жедел, кең тарапты, желісіз т.б жүзеге асырылады.

Білімді ақпараттандыру мақсаттарының бәрі – оқу үрдісін тиімді жүргізу үшін жағдайлар туғызу болып табылады. Ол контактылы сағат саны мен дәрісханалық сабақтардың санын азайту арқылы студенттер мен оқытушылардың оқу үрдісінде ғылыми - әдістемелік сабақтар мен студенттердің өз бетімен жұмысқа кететін уақыттарын үнемдеуге алып келеді. Бұдан ақпараттардың жеке мақсат үшін емес, білім сапасын арттырудың маңызды шарттары екенін көруге болады. Білімді ақпараттандыру аса қажетті сандық қорлардың болмауынан туындап отырған қашықтан оқытуды дамытудың қиындығын қалыпқа келтіреді.

Қашықтан оқыту технологиясын енгізу білім алушыларға әлеуметтік экономикалық әсер бергенін мойындау керек. Өйткені өндірістен қол үзбей екінші жоғары білім алуға сұраныс ересек тұрғындардың 20- дан 30-ға дейінгі пайызын құрап отыр.

БҚМУ-дың ақпараттық ғылыми-педагогикалық қорлары Қазақстанның ақпараттық әлемінде тиісті орнын алуы керек, ол университеттің біріңғай әлемдік ақпараттық білім кеңістігіндегі бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сандық білім қорларын жасақтау отандық индустриялық, мультимедияны құру мен дамытуға алып келеді, ол электронды білім беру қызметіндегі нарықты және орта, шағын бизнес саласын жедел дамытуды қамтамасыз етеді, БҚМУ осы қорларды жасаушылардың алдыңғы қатарында болуға және бұл нарықта өз орнын алуға ұмтылуы керек.

Электронды құжат айналымы саласындағы желілік технологиялары сынып немесе топты басқару жүйесін (СRМS) оқытуда, басқару жүйесінде (LМС), контент басқару жүйесінде (СМS), интерактивті білім ортасын жобалау жүйесінде (LЕNS), қорларды жобалау жүйесінде (ЕRР), өзара әсер ететін менеджмент (СRМ), жоспарлау менеджменті жүйесінде, (РМС) тестілеу жүйесінде ТМS) т.б. кең қолданыс табады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру, әдіскерлер, тьюторлар, педагогтар, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары басшылары үшін арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін, білім беру жүйесінің тиімділігі мен сапасына талдау жасайтын электронды оқу құралдары іске қосылатын болады.

Университетте білім беруді ақпараттандыруды жедел дамыту жағдайларында ақпараттандыру жөніндегі бірінші басшылардың орынбасары штаттық бірлігі енгізілуі және оқу орнының құрылымын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізілуі мүмкін.

3.6. Сапаны бағалау жүйесін жетілдіру
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың үлгілендіру саясатындағы басты мақсаты университеттің аймақтағы, республикадағы және еуразиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етумен байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін оның құрылымы, мазмұны мен оқыту технологиясы негізінде білім сапасын арттыруға ықпал ететін жаңа әдіснамалық, ұйымдастырушылық және экономикалық механизмдерді енгізу керек.

Сапа бағасы жүйесін қалыптастыру шеңберінде жаңа және жетілдірілген білім сапасын бағалаудың ішкі, сыртқы қолданылып жүрген процедуралары енгізіледі.

Ішкі бағалау үшін лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, ранжирлеу процедуралары қарастырылған. Білім беру қызметінің сапасын бағалау мен білім алушылардың білім сапасын анықтау мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) түрінде де жүргізіледі.

БҚМУ сапа стандартын жемқорлықтың алдын алатын және жоғары оқу орнында білім алу барысында сабаққа жауапсыз қарауға жол бермейтін, сондай-ақ барлық мамандықтардың студенттері белгіленген бастапқы деңгейді тапсыратындай мүмкіндік беретін МАБ-ты сақтауды және жетілдіруді қолдайды.

БҚМУ-дың дамуы оның бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын көтеру, лицензиялауға тапсырыс беру мен жаңа мамандықтарды ашу кафедралар мен институттардың үш жылдық жұмыс жоспарында көрсетілуі тиіс және ол еңбек нарығындағы сұраныстың талдануымен, оқу үрдісін кадрлық, ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен мемлекеттік білім стандарттарының сақталуымен бекітілуі тиіс. Жаратылыстану ғылымдары саласында (биотехнология, химия, физика, математика, информатика) жаңа мамандықтарды ашуға баса назар аударылуы керек.

Қазақстанда жоғары білім сапасын мемлекеттік бақылаудың негізгі түрі мемлекеттік аттестаттау болып табылады. Білім беру ұйымын аттестаттаудың қазіргі нормативтік-құқықтық базасы университеттің даму бағытына, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының мазмұнына, жоғары оқу орнының барлық бөлімдерінің жылдық және үшжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орнының басшылығы БҚМУ-дағы барлық өндірістік үрдістердің жүзеге асуында мемлекеттік аттестаттаудың талаптары сақталуын жүйелі түрде бақылап отыруға міндетті.

БҚМУ жоғары оқу орнын аккредиттеудің ұлттық үлгісін және институционалдық мамандандырылған аккредиттеудің халықаралық стандарттарына өтуді жүзеге асыруға белсене араласады. 2011-2014 жж. жоғары оқу орны Қазақстан Республикасының институционалды аккредиттеу стандарттарының негізінде институционалды аккредиттеуден өтуі тиіс, әрі төрттен кем емес білім берудің халықаралық аккредиттеуден өтуі керек. 2013-15 жж. университет сегізден кем емес білім беру аккредиттеуінен өтуі қажет және 2016 ж. халықаралық институционалды аккредиттеуден өтуі тиіс.

Университет жыл сайын Қазақстандағы, сондай-ақ шетелдегі жоғары оқу орындарын ранжирлеу процедурасына қатысады.

Білім беру сапасын бағалаудың ішкі тәртібі, лицензиялау ережелерінің талаптары - мемлекеттік аттестаттау. ҚР институционалды аккредиттеу стандарттары негізінде, сондай-ақ шетелдік аккредиттік және рейтингтік агенттіктердің жоғары оқу орнының қызметін бағалау өлшемдері негізінде жүзеге асады.

Білім беру сапасын ішкі бағалаудың қалыптасуы ИСО 9001-2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптары» ИСО14001-2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолдануға басшылық пен талаптар»; жоғары оқу орны ішкі нормативті құжаттарын дайындау; мониторингттік зерттеулер, білімді ағымдағы, аралық қорытынды бақылау, ПОҚ қызметін рейтингтік бағалау және кәсіби деңгейін сараптамалық бақылау, жұмыс берушілердің сауалнама өткізуі арқылы жүзеге асырады.

ИСО 9001-2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптары», ИСО 14001-2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолдануға басшылық пен талаптар» халықаралық стандарттары ішкі инспекторлық және сыртқы қайта сертификаттау аудитін жүйелі өткізуді талап етеді және БҚМУ бұл талаптарды мүлтіксіз орындайды.

Жоғары оқу орнының ішкі нормативті құжаттарын дайындау, ҚР заңнамалары бойынша барлық өндірістік үрдістердің сәйкестігін қамтамасыз ету және ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық базасының талаптары негізінде жоғары оқу орнының академиялық еркіндігін жүзеге асыруға бағытталады. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының барлық бағыттары мен бағдарлары бойынша талаптарды іске асыру университетте көптеген іс-қимылдарды бір ізге түсіруді және стандарттауды қамтамасыз етеді.

Білім беру нәтижелері мен оның әлеуметтік әсерін мониторингтік зерттеу жүйелі сипатқа ие болады және оның нәтижелері жоғары оқу орнының дамуын болжау мен басқарудың ақпараттық базасы түрінде берілуі тиіс.

Білім беруді ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау түрлері тұрақты жетілдіруді талап етеді және бақылау нәтижелері тьютор журналында, үлгерімнің электронды журналында, рейтингтік және емтихан ведомостерінде көрініс табуы тиіс.

Бағалау саясаты мен өлшемдері, тест тапсырмаларының сапасы, бағдарламалық тестілеу кешендерінің қауіпсіздік дәрежесі, қорытынды мемлекеттік аттестаттау білім алушылардың білімін объективті бағалау міндеттерін шешуге бағытталады.

Субъективтілікті жою мақсатында ПОҚ кәсіби деңгейін сапартамалық бақылау мен қызметін бағалаудың рейтингтік өлшемдері үздіксіз жетілдіруді қажет етеді.

Жұмыс берушілердің сауалнама жүргізудегі мақсаты білім беру үрдісі нәтижелерін тұтынушымен келісілген білім сапасын бағалау жүйесі болуы тиіс.

3.7. Қаржыландырудың жаңа тәсілдері
БҚМУ-дың білім беру қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі жағдайларының бірі білім беру сапасының экономикалық механизмдерін кешенді үлгілендір болып табылады.

Қаржыландыру саласында кездесетін мәселелердің бастауы бюджеттік қаржыларды бөлудің дәстүрлі тәртібі болып табылады. Олар - жария емес, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуді қамтамасыз етпейтін және көлемі жеткіліксіз қорларды тиімсіз пайдалануға әкеліп соғатын үлкен бюрократтық кедергілер.

Қосымша қаражат тартудың бір жолы мақсатты білім беру мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту мен құрылыстар үшін пайдаланылатын қор құру мақсатында БҚМУ түлектерінің Ассоциациясы мен қамқоршылар кеңесінің жұмысын нақты және белсенді жүргізу болып табылады.

БҚМУ-дың ғылыми-зерттеу орталықтары мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдардың шаруашылық есептегі тапсырыстарын орындайды.

Педагогикалық мамандықтар мен өнер және мәдениет мамандықтарына облыстық бюджет қаражатының есебінен бөлінген облыстық әкімшілік пен мәслихаттың білім беру гранттарын алу үшін бағдарламалар керек.

ҚР Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігіне төмендегідей ұсыныстар дайындап ұсыну қажет етіледі:



  • бірқатар еуропалық елдердің үлгісімен ақысы жеңілдетілген несиелеу туралы педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік бюджет есебінен оқитын оқушыларды даярлау туралы ұсыныстар түсіру;

  • жуықтағы 5-7 жыл ішінде қолайсыз демографиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік датациялау туралы ұсыныстар енгізу;

  • жоғары мектептегі еңбекке ақы төлеу қағидаттарын сағат санына қатысты емес, кредит санына байланысты өзгерту туралы ұсыныстар дайындау.



4. М.Өтемісов атындағы БҚМУ даму тұжырымдамасын бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тұжырымдаманы жүзеге асыру механизмдері
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекіту университеттің Ғылыми Кеңесі-нің шешімімен жүргізіледі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу ректордың қатысы арқылы университеттің Ғылыми Кеңесі шешімімен жүргізіледі.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асыру механизмі көрсетілген кезеңдер мен бағдар және жоғары деңгейге сәйкес кафедралардың, институттардың, құрылымдық бөлімшелердің, жалпы университеттің үш жылдық дамуының нақтыланған және оқшауланған жоспарларын қарастырады.


2020 жылға дейінгі БҚМУ даму тұжырымдамасын жүзеге асыру кезеңдері

2009-2011

2012-2014

2015-2017

2017-2020

Үш жылдық даму жоспары төмендегі бөлімдерді қамтиды:





Қызмет түрі

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқталу түрі

1

2

3

4

5

Үш жылдық даму жоспары негізінде алдағы оқу жылының жұмыс жоспары дайындалады.


5. Күтілетін нәтижелер
Білім беру ісі мен ғылымның маңызды бағыттарының алдыңғы қатарлы даму мәселелерін шешуге бағытталған БҚМУ-дың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бәсекеге қабілетті жүйесін жасау.

Білім беру мазмұнының формасын орталықтандырылған білім жүйесінен нәтижеге бағытталған құзыреттілік жүйесіне өзгерту.

БҚМУ-дың білім сапасын арттыру. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау.

Ғылыми және инновациялық білім беру ісімен қамтамасыз етуде ішкі құрылымдар қалыптастыру, оқу орнының оқу-лабораториялық, оқу-әдістемелік кешендерін үнемі жаңарту.

Оқу жүйесінің альтернативті және нұсқалы болуын, оқу орнындағы білім беру ісінің дамуын, оның қоғамдық жағдайларға, жұмыс беруші мен халық сұранысына бейімділігіін қамтамасыз ету.

«Қос дипломдық» білім бойынша білім беру бағдарламасын енгізу.

Инновациялық, ақпараттық, педагогикалық технологияны енгізу.

Ғылыми-өндірістік және интеграциялық білім беру құрылымын дамыту.

БҚМУ-дың мамандандырылған және институттық, халықаралық аккредиттелуін дамыту.

Маман даярлаудың үш сатылы: бакалавриат-магистратура-докторантура үлгісіне көшуді аяқтау. Оқу орны оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау ісін жүзеге асыру.



Университеттің тұрақты қаржы жағдайын сақтау.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет