ТаңҒы және кешкі зікірлер



Pdf көрінісі
Дата31.03.2024
өлшемі4.9 Mb.
#497082
ТАҢҒЫ КЕШКІ ЗІКІРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ГАЙД



ТАҢҒЫ ЖӘНЕ
КЕШКІ ЗІКІРЛЕР
чек-лист


Айнұр Жарқынбекқызы:
Чек-листті дайындаған:
Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух
Алматы Орталық мешітінің ұстазы;
Білім мен қызмет жолым:
- Исламтанушы, Нұр-Мүбәрак университетінің магистрі
- 2011-2015 ж. Нұр-Мүбәрак университетінде бакалавр; 
- 2015-2018ж. Нұр-Мүбәрак университетінің магистрі;
- 2012-2015ж Орбита -3 мешітінде ұстаздық қызмет;
- 2016-2019ж Таугүл-3 мешітінде ұстаздық қызмет;
- 2019 ж. бастап Алматы Орталық мешітінің ұстазы; 
- Алматы қаласы бойынша “әйел-қыздар” секторының
жауаптысы
Төмендегі курстар мен марафондардың жетекшісі: 
Намазыңды әсемде;
Құранмен саяхат; 
Құран бақшасы;
Құранның түсу тарихы;
Әйелдерге сүйінші т.б.;
Алдағы уақытта үлкен-үлкен жоспарлар күтіп тұр. 
@ainur_ustaz_ парақшасын жүргізудемін.
Парақшама өту үшін үстін басыңыз


ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ
ЗІКІРЛЕР
1.”Лә иләһ а иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә
ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, юхйи уә
юмиту, уә һууә хайюл ләә яамут. Биядиһиль
хайр. Уа һуә ‘алә кулли шайиң қадир”
Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа
лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, Оның серігі
жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау-
мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді, әрі өлтіреді.
Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге
толық жетеді» бұл сөздерді
ТАҢ намазы мен АҚШАМ намазынан кейін
10 реттен қайталау керек)


2.Субхан Аллаһ (Алла пәк) - 33 рет, 
Әлхамдулилләһ (Аллаға шүкір) - 33 рет, 
Аллаһу Әкбар (Алла ұлы) - 33 рет


3.«Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу,
ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли
шәй-иң қадир»
Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа
лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі
жоқ. (Бүкіл) билік Онікі, әрі (барлық) мақтау-
мадақ Оған лайық. Әрі Оның күш-құдіреті
барлық нәрсеге толық жетеді»
Бұл дұғаны күні бойы жүз рет айтқан адам он
құлды босатқанмен тең болады және оған жүз
iзгiлiктi істер жазылып, ал жазылған жүз жаман
істері өшіріледі. Бұл сөздер оған күні бойы кешке
дейін шайтаннан қалқан болады, әрі оларды жүз
реттен көбірек қайталаған адамды санамағанда,
ешкім осыдан лайықтырақ іс істей алмайды»
(Бұхари 3293, Муслим 2691)


4.«Аятул Курсиді» оқу («Бақара» сүресінің
255-аяты). Әр намаздан соң және
таңертең, кешке бір реттен айтылады). 
Кім оны таңертең оқыса – сол кешке
дейін жындардан қорғалған болады, ал
кім оны кешке оқыса – сол азанға дейін
жындардан қорғалған болады»
(Әл-Хаким (1/562)


5.«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін таң
мен ақшам намаздарынан соң 3 реттен
оқыған абзал.
"Оларды таңертең және кешке 3 реттен
оқитын адам үшін бұл бүкіл (жаман)
нәрседен (қорғануға) жеткілікті болады".
(Әбу Дәуд (5082), Тирмизи (3575)


6.КЕШІРІМ СҰРАУ дұғаларының ТӨРЕСІ
ТАҢертең және кешке бір реттен айтылады)
«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә
‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин
шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-уби-занби,
фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»
Аудармасы: «Иә, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа
құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен
Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген
уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің
жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді
де мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені
жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды
жарылқаушы ешкім жоқ!» 
«Кім (осы сөздерді) күндіз қайта-қайта айтатын болса әрі (өзінің
айтып жатқан сөздеріне) кәміл сенсе және сол күні кеш
батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының
арасында болады, ал кім(өзінің айтқан сөздеріне) кәміл сенген
күйде (осы сөздерді) түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін
қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады»
Бұхари (6306)


 7.«Радыйту би-Лләһи Раббән, уә бил-
Исләми динән, уә би-Мухаммәдин саллә-
Ллаhу‘аләйhи уәсәлләма нәбийән» 
3 рет оқылады
Аудармасы: «Мен Аллаға Раббы ретінде,
Исламға дін ретінде және Мұхаммедке
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
пайғамбар ретінде разымын»
(Бұл дұғаны таңертең және кешке (3-үш
рет айтып жүрген кісіге Қиямет Күні
Алла Тағала міндетті түрде рақымын
танытады)(Ахмад (4/337 18967), Әбу Дәуд
(5072)


 8.«Бисми-Лләһи-лләзи лә ядурру мә’а-
смиһи шәи ун фи-л-әрды уә лә фи-с-сәмә-и
уә һууә -с-Сәми’ул-’Алим» 
(3 рет)
Аудармасы:«Алланың атымен. Оның
есімімен болғанымызда көктер мен
жердегі ешбір нәрсе бізге зиянын тигізе
алмайды, өйткені Ол – Толық Естуші, Аса
Білуші!»
«Бұл сөзді таңертең және кешке 3 реттен
қайталаған кісіге еш нәрсе зиян тигізе
алмайды»
(Әбу Дәуд (5088, 5089), Тирмизи (3388),
Ибн Мәжаһ (3869), Ахмад 446


9. «Хәсбиә-Ллаһу, лә иләһа иллә
һууә, ‘аләйһи тәуәккәлту уә һууә
Раббул ‘Аршил-’Азыйм» (7 рет)
Аудармасы: «Маған Алла жетіп
артады. Одан басқа құлшылыққа
лайықты құдай (ешкім) жоқ. Оған
тәуекел еттім. Сондай-ақ, Ол - ұлы
‘Аршының Раббысы"
ИбнСунни (71), Әбу Дәуд (5081)


10. Таңертең:
«Аллаһуммә, бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә,
уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкә-н-
нушуру»
Аудармасы: «Иә, Алла! Сенімен таң
атырдық және Сенімен кеш батырдық.
Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз
жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ».
Кешке:
"Аллаһуммә, бикә әмсайнә, уә бикә асбахнә,
уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту, уә иләйкәл
мәсыйр"
Аудармасы: «Иә, Алла! Сенімен күн
батырдық және Сенімен таң атырдық,
Сенімен өмір сүреміз, Сенімен (қалауыңмен)
өлеміз, және қайтуымыз Сен жақ»
(Тирмизи (3391)


11.ТАҢЕРТЕҢ:
«Асбәхнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘Аләмин.
Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзәл-йаум: фәтхаһу,
уә насраһу, уә нураһу, уә бәракәтәһу, уә һудәһу, уә ә’узу
бикә мин шәрри мә фиһи уә шәрри мә бә’даһу». 
Егер кешке оқылса, төмендегідей оқылады:
«Әмсәйнә уә әмсәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘’Аләмин.
Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзиһил-ләйләһ:
фәтхаһә, уә насраһә, уә нураһә, уә бәракәтәһә, уә һудәһә,
уә ә’узу бикә мин шәрри мә фиһә уә шәрри мә бә’дәһә»
Аудармасы: «Біз таңды атырдық (кешті батырдық), әрі
осы таңда (кеште) бүкіл үстемдік әлемдердің Раббысы–
Аллаға тән. Иә, Аллаһ! Шын мәнінде, мен Сенен бұл
күннің (бұл түннің) жақсылығын, жәрдемі мен нұрын,
жеңісі мен берекесін, сондай-ақ туралығын тілеймін,
әрі Сенен осы күннің (осы түннің) және одан кейінгі
(күндердің) жамандықтарынан сақтауыңды
сұраймын».(Сондай-ақ осы дұғаны, ондағы«таң» мен
«күн» сөздерінің орнына«кеш» пен «түн» деген сөздерді
қолданып, кешке де айту керек).
(Әбу Дәуд (5084)


12. ДЕНСАУЛЫҚ:
«Аллаһуммә,‘афини фи бәдәни,
Аллаһуммә,‘афини фи сәм’и,
Аллаһуммә,‘афини фи бәсари, лә иләһа
иллә Әнтә, Аллаһуммә, инни ә’узу бикә
минәл-куфри, уәл-фәқри, уә ә’узу бикә
мин ‘азәбил-қабри, лә иләһа иллә Әнта!»
3 рет оқылады
Аудармасы: «Иә, Алла! Тәнімді сау-
саламат ет! Иә, Алла! Құлағымды сау-
саламат ет. Иә, Алла! Жанарымды сау-
саламат ет! Сенен басқа құлшылыққа
лайықты құдай жоқ. Иә, Алла! Мен
күпірлік пен пақырлықтан Өзіңе
сыйынамын. Сондай-ақ, қабір азабынан
Өзіңе сыйынамын. Сенен басқа
құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (бұл
сөздерді үш рет айту керек)
Әбу Дәуд, Ахмад.


13. ПАЙҒАМБАРымыз(с.ғ.с) “АЛЛАДАН
ДҮНИЕДЕ және АҚИРЕТТЕ ЕСЕНДІК тіле"
деген:
-«Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афиятә
фи-д-дунйа уә-л-әхираһ, Аллаһуммә, инни әс-
әлукә-л-‘афуа уә-л-’афияһ: фи дини, уә дунйа-йа,
уә әһли, уә мәли. Аллаһуммә-стур ‘әурати уә ә-мин
рау’ати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә
мин холфи, уә ‘ан ями-ни, уә ‘ан шимәли, уә мин
фәуқи, уә ә’узу би-’азомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти!»
Аудармасы:«Иә, Алла! Мен Сенен дүние мен
Ақыретте жарылқау мен есен-амандықты
тілеймін. Иә, Алла! Мен Сенен дінімде, тұрмыс-
тіршілігімде, жанұям мен мал-мүлкімде
жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Иә,
Алла! Менің ұятты жерлерімді жасыр, мені
корқыныштан аман ет. Иә, Алла! Мені алдымнан
да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан
да және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ,
маған (аяқ) астымнан қиянат жасалып,
өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сыйынамын!»
(Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ.


14.«Субхәнә-Ллаһи уә бихамдиһи ‘адәдә
халқиһи, уә ридо нәфсиһи, уә зинәтә
ьаршиһи уә мидәдә кәлимәтиһ!»
(таңертең 3 рет)
Аудармасы: «Алла Пәк және Оған
жаратылыстарының саны қанша болса
– сонша, әрі Оның Өзі қанша қалайтын
болса – сонша мадақтар болсын және
осы мақтау-мадақтардың салмағы
Оның ‘Аршының салмағына тең болсын
және оларды жазу үшін Оның Сөздерін
жазуға қажет болғандай сия қажет
болсын!»
(Муслим (2726)


15.БІЛІМ,РИЗЫҚ:
«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән
нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән
мутәқаббәлән!»
Аудармасы: «Иә, Алла! Расында, мен
Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе
әрі Өз құзырыңда қабыл болатын амал
сұраймын!» (Таңертең айтылады.) 
(Ибн Мәжаһ)


16.ТІЛ-КӨЗДЕН:
«Ә’узу би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти
мин шәрри мә халәқ»
Аудармасы: «Алланың кемел сөздерімен
Оның жаратқан мақұлықтарының
кесірінен Оған сыйынамын»
(Бұл сөздерді КЕШКЕ үш реттен айту
керек)
"Кімде-кім бұны істесе, оны түнде қызу
ала алмайды және ол улы жәндіктердің
шағуынан қорықпаса да болады"
(Ахмад, Нәсаи)


17.Істеріңіз алға басу үшін:
«Йа Хайю, йа Қайюму, би-рахмәтикә
әстәғису, аслих ли шә`ни кулләһу уә лә
тәкил-ни илә нәфси тарфәтә ‘айн!»
Аудармасы: «Иә, мәңгі Тірі! Иә, мәңгі
Жасаушы (Алла) Өз рахметіңмен менің
барлық істерімді оңда. Сондай-ақ, мені
өз нәпсіме қасқағым сәтке болса да
тастап қойма!»


18.” Субхәнәл-Лаһи уә бихамдиһи!”(100 рет)
Аудармасы: «Алла кемшілік атаулыдан Пәк
әрі мақтау-мадақ Оған тән»
19.”Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә
ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду, уә һууә
‘алә кулли шәй-ин қадир”
Аудармасы: «Алладан басқа құлшылыққа
лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның
серігі жоқ. Бүкіл Билік Онікі, әрі барлық
мақтау-мадақ Оған лайық, әрі Оның күш-
құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді!»
20.”Әстәғфиру-Ллаһа уә әтубу иләйһ”
Аудармасы: «Мен Алладан жарылқау
тілеймін әрі Оған тәубе етемін»
(Күніне 100 рет айтылады)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет