Тақымымда ақ боз атым, Ауызымда өлеңім



Дата30.04.2024
өлшемі12.21 Kb.
#500191
монолог (1)


Шолпан
Монолог
Тақымымда ақ боз атым,
Ауызымда — өлеңім.
Жастан кеткем шоқ басатын,
Қой өргізіп келемін.
Берілмейді атыма мән,
Менсінбейді оқыған.
Мен — малдымын оқымаған,
Бірақ бәрін тоқыған.
Менсінбеген менсінбесін,
Түгел менің ұпайым.
Қиындықтар келсін, келсін,
Көркем өмір құқайын.
Қорықпадым кәрінен де,
...Тәңірімді ұрғам ба?!
Мен сыйлымын бәрінен де,
Қолымда ырыс тұрғанда.
Жан беремін, жан аламын,
Мақсат үшін түнімен,
Мына жердің саналамын,
Асыраушысының бірінен.
Мен даламнан бөлектеніп,
Ұзамаспын алысқа,
Ұшатындар кезек келіп,
Ұша берсін ғарышқа.
Сөндірмесе, сөндірмесе,
Болды дүние жарығын.
Айтуар Өтегенов (білім ал сайты)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет