Тақырыбы: «Қ. Аманжолов аудармалары» Тексерген: Тұрысбек Р. С



Дата19.11.2023
өлшемі38.42 Kb.
#483683
түріПоэма
Қасым Аманжолов аудармалары


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Тақырыбы: «Қ. Аманжолов аудармалары»


Тексерген: Тұрысбек Р. С.
Орындаған: Рахметқали Г. И.

Қасым Аманжоловтың аудармалары:





  • Пушкин — Қысқы кеш, Ақын, Чадаевқа, Арыстанды тырнағынан таниды, Тұтқын, Ақынға, Аракчеев туралы, Еркіндік, Дастарқан жыры, Жазушы мен ақын, Полтава (поэма)

  • Лермонтов — Еврей сазы, Ақын ажалы, Тұтқын, Қанжар, Аттанып жылы шуақ, Теректің сыйлықтары, Отан, Тамара, Мейлі ақынды сөге берсін, Желкен, Күн, Маскарад (драма)

  • Байрон — Чайльд Гарольд, Чайльд Гарольдтің елімен қоштасуы, Романс, Альбомға

  • Некрасов — Сұрқия жыл, Ақынға, Таңертеңгі саяхат, Саша (поэма)

  • Белинский — Н.В.Гогольге хат

  • Шевченко — Жел қияққа сыбырлап, Тұрсам да Украинада, Жалғызбын мен, жалғызбын, Даламен жүріп, Туысқандық махаббат, Өтеді күндер

  • Маяковский — Лениншілдер, Марш, Муссолини, Мәжілісқорлар, Бөріктен без, Қоштасу, Бар дауыспен, Аламыз жаңа винтовка, Ұрыс ұрандар

  • Твардовский — Василий Теркин (поэма)

  • И. Шухов — Теміртау туралы әңгіме

  • Руставели өлеңдері

  • Мирсаид Миршакар — Алтын қыстақ (поэма)

  • Низами Гәнжауи – Ләйлі-Мәжнүн дастаны

Аударма теоретигі Өбен Сатыбалдиев: «Аударма - еріккенің ермегі емес» дейді. Шындығында, кез келген адам аударма жасай алмайды. Аудармашы болу үшін талант керек. Негізінде, аударманы бірнеше түрге бөліп қарастырамыз. Соның ішінде балама аударма ең жоғары түрге кіреді. Ал Қасым Аманжолов - көркем аударма шебері.


Оның аудармаларының басым бөлігі балама аудармаға келеді. Мен Қ.Аманжоловтың аудармаларын зерттегенде бір жайтты байқадым. Ол кез келген ақын,жазушылардың шығармасын аудармаған. Өзіне рухани жақын, адамға, оқырманға берер ойы бар шығармаларды ғана аударуға тырысқан екен. Өсіресе, Джорж Байрон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Н.Некрасов, В.Маяковский сынды ақындардың шығармаларын аударуға көп үлесін қосқан. Қазіргі таңда Қ.Аманжоловтың аудармаларының сапасы, ерекшелігі секілді тақырыптарда тың зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Зерттеу жұмысын жазып жүрген кезде, Қ.Аманжоловтың аудармалары туралы мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалаларды оқыдым. Соның ішінде ең ұнағаны 2011 жылы «Ана тілі» газетінде жарияланған С.Бексейіт деген ғалымның «Мәңгі жасайтын асыл жырлар» деген мақаласы. Онда Қ.Аманжоловтың аудармаға қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған. Тағы бір байқағаным, Қ.Аманжоловтың поэзиялары ғана емес, аудармаларында да «Бұл
өлең өскелең ұрпаққа не береді?» деген ой жатады. Негізінде талантты аудармашыға қойылатын талаптардың бірі - өзі аударатын тілді өте жақсы меңгеруі тиіс. Ал Қасым Аман­жолов орыс тілін жетік білген. Ақын аударма жасағанда түпнұсқаның ойын, көркемдігін бұрмаламай дәл беруге тырысқан. Қ.Аманжолов жүз пайыз балама аудар­ мажасадыдепайтаалмаймын. Еркіндікке де жол берген. Түпнұсқаның стилін, мазмүнын оқырманға жеткізе білген. Мысалы, М.Лермонтовтың «Узник» деген өлеңін Қ.Аманжолов «Тұтқын» деп аударады. М.Лермонтов:
«Отворите мне темницу,
Дайте мне сиянье дня,
Черноглазую девицу,
Черногривого коня!
Я красавицу младую
Прежде сладко поцелую,
На коня потом вскочу,
Встепь,как ветер,улечу»,- десе,

Қ.Аманжолов:


Ашыңдаршы тар қапасты,
Көрсет күнді, соқсын жел.
Қара көзді қарындасты,
Қаражалды атты әкел!
Жас сұлуды сүйейін де,
Құмарта бір құшайын,
Ырғып атқа мінейін де,
Қырға жел боп ұшайын, - деп аударады.

Қарап отырсаңыз мағынасы тіпті айтылу интонациясы да сақталған. Шындығында, поэзиялық аудармада үйқастарды, буын сандарын сақтау өте қиын. Бүгінде көптеген поэзиялық аудармаларда бұл заңдылық сақтала бермейді. Орыстың ақыны, аудармашы Василий Андреевич Жуковскийдің «Прозаның аудармашысы - оның құлы, поэзияның аудармашысы - оның бақталасы» деген керемет сөзі бар. Яғни түпнұсқаның буындармақ санын өзгертпей аударатын болсақ, сөзбе-сөз аударма болып қалар еді. Қ.Аманжолов руха­ни жақын ақындардың ғана шығармаларын аударған. Ол М.Ю.Лермонтовтың төрт-бес өлеңін, соның ішінде ең үздігін аударған.


Мысалы, М. Лермонтов «Смерть поэта» өлеңінде:
Погиб поэт! - невольник чести –
Пал, оклеветанный молвой,
С свинцом в груди и жаждой мести,
Поникнув гордой головой!..
Не вынесла душа поэта
Позора мелочных обид,
Восстал он против мнений света
Один как прежде... и убит!
Убит!., к чему теперь рыданья,
Пустых похвал ненужный хор,
И жалкий лепет оправданья?
Судьбы свершился приговор,- десе,

Қ.Аманжолов:


Мерт болды ақын, бықсық өсек,
Ар пендесін кетті жұлып.
Кеудесінде оқ,шөлдетіп кек,
Абзал басын иді сулық.
Көтермеді ақын жаны,
Үсақ күңкіл масқарасын.
Көпке жалғыз шықты тағы,
Озбыр қауым құртты басын.
Өлтірді оны!.. О, не керек,
Жылау-сықтау, мақтау көкіп?
Ақтайсыңдар құр міңгірлеп,
Тағдыр үкім қойды оқып, - деп «Ақын ажалы» деген атаумен аударады.
Ақын аудармаларының ішінде көркемдігі мен құндылығы жағынан ерекшеленетін бір топ аудармаларды ақын В.Маяковскийден жасаған. Ол В.Маяковскийдің «Мәжілісқорлар», «Бөріктен», «Қоштасу», «Бар дауыспен», «Аламыз жаңа винтовка», «Ұқсас ұрандар» деген өлеңдерін аударған. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып, 1941жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялайды. Маяковскийдің басқа ақындарға ұқсай бермейтін өзіндік өлең шығарғанын да білеміз. Осы туралы фило­логия ғылымдарының докторы, профессор З.Бисенғали: «Сол кездері ең көп аударылған Маяковский поэзиясы болатын. Себебі, ол - сол дәуірдегі ең беделді фигура», - деген болатын. Осындай курделі ақын поэзиясын аударған Қасымның да аудармашылык, талантына куә боламыз. Ал профессор Б.Жақыптың: «Әсіресе Лермонтов пен Маяковскийдің жан дүниесі ақынға соншалықты жақын әсер етті», - де­ген пікірі «Қасым неліктен Маяковскийді көп аударды?» деген сауалға жауап береді. Яғни, Қасым Маяковскийді өзінің дүниетанымына, жүрегіне жақын болғандықтан аударған. Сонымен қатар, орыс тілді оқырмандар Қасым өлеңдерінің құдіреттілігін, өзгешелігін мойындаған.
Шетел ақындарынан ағылшын әдебиетінің ірі өкілі Д.Г.Байронның,тәжік ақыны Мирасаид Миршакар, парсы поэзиясының классигі Низами Гәнжәуиден т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бул туралы жазушы Смағұл Рахымбек: «Қасым Аманжоловтың артында қалған әдеби мұрасын сөз еткенде, оның соқталы-соқталы сегіз поэма қалдырғанын және сол жылдарғы өз тұстастарының арасында батыс пен шығыс классиктерінің шығармаларын аударуда нағыз ақындық шабытпен аса зор еңбектер сіңіргенін алдымен тілге тиек еткеніміз дұрыс. Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Маскарады», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Шота Руставелидің өлмес мұралары ақынның аудармасында жаңаша құлпырды және тұпнұсқадағы төлтумалықтан – телтумалыққа көтерілді. Ішкі суреткерлік түйсігі, өмірді түйсіну, бағалау құдіреті аса әлеуетті ақынның аталған ұлы жандардың шығармаларын шынайы көркем тілмен, тереңнен сыр тарта тәржімалауына мүмкіндік берді», - деп, ақын аудармаларының маңызына тоқталады. Бұл пікірдің дұрыстығына ақын аудармаларымен танысқанда куә боламыз. Шындығында, Қасым Аманжоловтың кез келген аудармасын жүрекпен оқисың. Ол секілді жалынды жаза алатын ақындар кемде-кем.
«Қасым Аманжолов шығармашылығы туралы жазылған еңбектер, берілген бағалар, арғысы орыс, бергісі қазақ әдебиеті қайраткерлерінің аузынан осынау 40 жылға жақын уақыт ішінде мол айтылды. Мысалы,Твардовский,Тихоновтан бастап, қазақта Мұхтар Өуезов, Ғабит Мүсірепов бастап, Өбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Дәкен Өлімқұлов, Қуандық Шаңғытбаев, Мұзафар Әлімбаевтардың мақалалары, естеліктерінің өзі толық екі том болар еді», - деп ақын Ғафу Қайырбеков айтқандай, ол туралы көптеген ғылыми мақалалар мен зерттеулер жазылды. Сонымен қатар Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығын жылдар бойы үзбей зерттеген жазушы, сыншы Сәбит Досанов ақын жайында «Екінші өмір» атты роман жазған.
Дегенмен «Қ.Аманжолов аудармаларын қандай бірліктермен аударды?» дегенге нақты жауап бере алмаймыз. Мұндағы айтып отырған аударма бірліктері дегеніміз - поэзияны аударып отырғанда аудармашы: алып тастау, қосу, орын алмастыру, жалпылау, нақтылау секілді конвергенцияға сүйенеді. Ал аталмыш теория Қ.Аманжолов аудармаларында қаншалықты көрініс тапқандығы туралы зерттеу жүмыстары аз. Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология және әлем тілдері факультетінің түлектеріне «Қ.Аманжоловтың аудармашылык, шеберліктері» деген магистрлік диссертация тақырыбын беріп отырмыз. Яғни, Қасым Аманжоловтың аудармаларына арналған зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтудеміз. Аудармаларын зерттеуде атқарылатын істер әлі де көп деп есептейміз.
Әдебиеттер:
1. Гүлмира Құдайбергенқызы «Қасым Аманжолов – көкркем аударма шебері» - 2016 ж.
2. «Ана тілі» газеті, С.Бексейіт «Мәңгі жасайтын асыл жырлар» - 2011 ж.
3. Қ. Аманжолов шығармаларының толық жинағы, 3 томдық, 1955-1957 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет