Тақырыбы: 3ds max бағдарламасымен танысу. Интерфейспен жұмыс



Дата10.01.2022
өлшемі493.54 Kb.
#454510
түріБағдарламасы
1 ЗЖ 3DS MAX бағдарламасымен танысу. Интерфейспен жұмыс.


Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: 3DS MAX бағдарламасымен танысу. Интерфейспен жұмыс.
Б ұл сабақта Autodesk 3ds Max үшөлшемді графикалық редакторында ең қарапайым жұмыс істеу жолын қарастырамыз

Сонымен, бұл сабақта үйренетіндеріңіз:



3DS MAX терезесі төрт бөлікке бөлінген::

  • top (үстінен)

  • front (алдынан)

  • left (сол жағынан)

  • perspective(перспектива)

3DS MAX редактор терезесі

Жұмыстың негізгі бөлігін перспектива бөлігінде орындалады. Терезелерді (Maximize Viewport Toggle) батырмасына басып барынша жайып жұмыс жасауға болады.



Ең соңғы бірінші орналасқан, міне

Енді объекттермен жұмыс жасауға болады. Сол жақтағы панелге назар аударайық. Мұнда негізгі примитивтер, үстінгі жағында жиналмалы әртүрлі типті объекттер жиналған.

Объекттер

«Teapot» атты объектті таңдаймыз, тінтуірдің сол жағымен басып, экранның ортасында чайник объектін саламыз. Бұл үшөлшемді объект.

Объектті құрдық, енді, камераны басқарып үйренейік. Объектке камераны жақындатып/ алыстату үшін тіртуірдің дөңгелегін қолданамыз. Ал камераның орнын ауыстыру үшін тінтуірдің ортаңғы немесе дөңгелегін басып өзімізге керек бағытқа қозғаймыз. Камераны айналдыру үшін оң жақ жоғарғы бұрыштағы «куб» - ті қолданамыз немесе «Maximize Viewport Toggle» батырмасынан солға қарай орналасқан «Orbit SubObject» батырмасын қолданамыз.



Осы кубтың көмегімен сахнаны айналдыра аламыз.

Перспектива терезесін баптайық: ол үшін сол жақ жоғары жақтағы“Realistic” батырмасына басып «Shaped » және «EdgedFaces» пункттерін таңдайсыз, осылау сізге модельдің полигондары мен қырларын бақылау оңайырақ болады.

Перспектива терезесінде модуль мына түрде көрінеді.

Енді үшөлшемді объектке базалық операцияларды орындауды үйренміз. олар үшеу ғана: орын ауыстыру (перемещение), айналдыру(вращение), масштабтау(масштабирование). бас менюдің астында жоғары жақтағы панелде орналасқан.

Жасылмен белгіленген



Әр әрекетті нақты қарастырайық:

  • Орын ауыстыру (SelectandMove) — сахнада кез - келген объектті орнынан ауыстырады. Құрал активті күйде, біз түрлі -түсті бағыттауышы бар координаттық сызықтарды көреміз (қызыл — X, жасыл — Y, көк — Z). Біз объектті қажет бағытта курсорды бағыттардың біріне апара отырып орнынан ауыстырамыз.

  • Айналдыру (SelectandRotate) — бұл құралды таңдағанда түрлі - түсті бағыттауыштар шеңбер түріне ауысады. Керек шеңберді таңдау арқылы объектті айналдыра аламыз.

  • Масштабтау (SelectandUniformScale) — бұл құрылғыны таңдаған кезде біз пирамида тәрізді объектті көреміз. Қандай да бір бағытта масштабтау үшін курсорды қажет түсті нүктеге бағыттау керек (биіктік, ені, ұзындығы), барлық бағытта масштабтау үшін - курсорды пирамиданың ортасына апарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет