- ФЮРБРИНГЕР ТӘСІЛІ.
I ЭТАП – 10 мин бойы қолды екі стерильды щеткалармен сабындап жылы сумен жуады. Алақанды, қол басын, тырнақ асты кеңістігін, білекті жоғарғы 1/3 дейін жақсылап жуады. II ЭТАП – Қолды стерильды орамалмен немесе салфеткамен реттілікпен құрғатады (алдымен қол басы, кейін білек төменнен жоғары қарай, яғни шетінен орталыққа қарай) III ЭТАП – 5 мин бойын қолды 70% спиртпен өңдейді, осы кезде алкогольде еріген май кетеді және эпидермистің жоғарғы қабаттары зарарсызданады. АЛЬФЕЛЬД ТӘСІЛІ - АЛЬФЕЛЬД ТӘСІЛІ
Алғашқы екі этап Фюрбрингер тәсілімен бірдей. III ЭТАП – Қолды 96 % спиртпен 5 мин бойы өңдеу және тырнақты йод ерітіндісімен өңдеу. - ПЕРВОМУР ТӘСІЛІ
I ЭТАП – Қол басын және білекті сабындап щеткасыз жылы сумен 1 мин бойы жуады, кейін стерильды орамалмен немесе салфеткамен құрғатып сүртеді. II ЭТАП – 1 мин бойы қолды первомурдың жұмыс ерітіндісінде салфеткасыз жуады, кейін стерильды орамалмен немесе салфеткамен құрғатып сүртеді. Спиртпен және йод ерітіндісімен қолды өңдемейді. Қолды өңдеу үшін препараттың 0,5% ерітіндісі керек, ерітінді 20% хлоргексидин ерітіндісін 70% спирт ерітіндісінде 1:40 қатынаста еріткенде алынады. Қолды щеткамен жылы сумен сабындап жуған соң 2-3 мин бойы ерітіндіде өңдейді. Қолды өңдеу үшін препараттың 0,5% ерітіндісі керек, ерітінді 20% хлоргексидин ерітіндісін 70% спирт ерітіндісінде 1:40 қатынаста еріткенде алынады. Қолды щеткамен жылы сумен сабындап жуған соң 2-3 мин бойы ерітіндіде өңдейді. - ҚОЛДЫ ХЛОРГЕКСИДИН ЕРІТІНДІСІМЕН ӨҢДЕУ
- Хирургиялық жібекті табиғи жібектен жасайды.
- Жібектің стерилизациясы Кохер және Бакулев әдістерімен жүргізіледі
Кетгутты – сиырдың ащы ішектерінен немесе сіңірлерінен жасалады, ыдырайтын материалдарға жатады (2 аптадан соң); хромданған кетгут 4 – 5 аптадан соң ыдырайды - Кетгутты – сиырдың ащы ішектерінен немесе сіңірлерінен жасалады, ыдырайтын материалдарға жатады (2 аптадан соң); хромданған кетгут 4 – 5 аптадан соң ыдырайды
- Кетгуттың стерилизациясы – Клаудиус, Кохер, Губарев, Ситковский әдістерімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |