Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан



бет1/10
Дата01.06.2022
өлшемі352.71 Kb.
#458906
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
курсов био ашонэ


КІРІСПЕ

Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру жолында, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.


Олимпиадалар – білім жарыстырудың өзіндік ерекшелігі бар бір түрі, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарының нәтижесі. Егер сабақ – оқу-тәрбие жұмысының негізгі бір формасы болса және оның мазмұны оқу бағдарламасымен анықталса, ал олимпиада оқушыларды сыныптан тыс, қосымша жұмысқа тартатын және оқушылардың ғылыми-көпшілікке арналған әдебиеттерді, анықтамалықтарды өз бетінше оқуға итермелейтін әсерлі тәсілдің бірі. Кез келген деңгейдегі олимпиада оқушының отбасында, мұғалімдер ортасында және сыныптастары арасында мойындаушылыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жағдай. Олимпиадаға тиімді дайындау үшін ол бір реттік шара ретінде ғана өткізілмеуі керек. Олимпиадаға дайындау жүйелі жүргізілуі керек. Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың түрлі әдістемелік тәсілдері бар.
Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан:
• оқытудың міндетті нәтижесін бақылаушы;
• оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;
• оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;
• ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;
• оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіруші;
• ЖОО емтихансыз қабылданатын оқушыларды таңдау формасы ретінде және т.б.
Осылайша қосымша білім беру жүйесінде, осы саладағы көп жылдық бай дәстүрде дарынды әрі танымдық деңгейлері жоғары балалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері жатыр. Айта кету керек оқушылардың олимпиадалардағы нәтижелері мұғалімдердің қызметін бағалау аспектісінің бірі болып табылады.
Пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден – бір формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет