Тақырыбы: Қауіпті апаттар. Халықты қауіпті апаттардан қорғау жолдары. Сел. Су тасқыны. Жер сілкінісі. Қар көшкіні. Тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.04.2023
өлшемі267.6 Kb.
#472527
  1   2   3
2 Тапсырма




Боранбаев Жандос БЖДК(дот)-206 с/п 
Тақырыбы: Қауіпті апаттар. Халықты қауіпті апаттардан қорғау жолдары. 
Сел. Су тасқыны. Жер сілкінісі. Қар көшкіні.
Тапсырмалар
1. Қауіпті апаттар түрлері.
2. Жер сілкінісі.Су тасқыны.
3. Сел. Қар көшкіні.
4. Халықты қауіпті апаттардан қорғау жолдары. 
Жауаптары 
1. Қауіпті апаттар түрлері. 
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе 
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және 
шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі 
мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, 
тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе 
апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда 
болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайларға бөлінеді. 
Табиғи сипаттағы ТЖ – үлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны 
және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, 
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен 
зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. 
Техногендік сипаттағы ТЖ – өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да 
авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және 
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, 
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті 
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, 
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. 
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және 
техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның 
көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет