1. Объектілердің өрт қауіпсіздігіне талатар
Өрт қалқандары
Қорғалатын объектілердің аумағына орнатылатын, өрт қалқандары мен стендтер, қолайлылықты және оған бекітілген өрт құрал-саймандары мен ауыспалы өрт сөндіргіштердің қол жетімді жылдам алынатын жерде болуын қамтамасыз ету;
жақсы көріну үшін ақ фонның үстіне өрт қалқандары ені 30 мм –ден 100 мм-ге дейін қызыл түспен қоршалуы тиіс;
өрт қалқандарының жақтауларын 45 о бұрышпен көлбете қызыл мен ақты араластыра пайдалануға болады;
өрт қалқандары мен стендтерді жинақтау және орналастыру «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес болуы тиіс;
өрт қалқандары мен стендтерінде рет нөмірі және жақын маңдағы өрт бөлімшесінің телефон нөмірі көрсетілуі тиіс;
инвентарь көрнекі орында орналасуы тиіс, ол қол жетімді және еркін тұруы, өрт болып жатқанда көшіру кезінде кедергі келтірілмеуі тиіс;
Өрт қалқандарын механикаландырылмаған өрт аспаптарымен толымдау техникалық дұрыс жағдайда болуы қажет.
Өрт сөндіргіштер
Болуы ықтимал өрт ошағынан өрт сөндіргішті орнатуға дейінгі аралық – қоғамдық ғимараттар мен имараттар үшін 20м аспауы қажет;
Есіктен өрт сөндіргішке дейінгі аралық оны толық ашуға кедергі келтірмейтіндей болуы керек.
Өрт крандары
Өрт крандары тиісті норма ережесіне сәйкес толымдалуы қажет (брезент түтікшелер, діні, қосатын жартылай гайкілер, өртсөндіргіштер), өрт кранына қосылған брезент түтікше;
Өрт краны жәшігіне рет нөмірі енгізілген, сүргі соғылуы және 101 нөмірі мен жақын маңдағы өртке қарсы қызмет көрсетілуі тиіс;
Өрт гидранттары мен брезент түтікшелер орналасқан жерлерде, ғимараттың алдыңғы жағында әрбір 30 м жерде, гидранттардың орналасқан жерін көрсететін кестелер ілулі тұруы тиіс;
өрт гидранттарын орнатуды автомобиль жолдарының бойына да жүретін жерден 2,5 м аралықта, алайда ғимарат қабырғасынан 5 м кем емес етіп орналастыруға болады;
ішкі және сыртқы су құбырлары жүйесін қалыпты дұрыс жағдайда ұстап тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |