Тақырыбы: Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ)
Кіріспе
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесіне (орыс тілінде САПР - система автоматизированного проектирования) түрлі түсініктер беріледі. Мысалы:
«САПР – система автоматизации проектных работ», яғни «жобалау жұмыстарының автоматтандыру жүйесі» деген түсінік дұрыстау, бірақ сирек қолданылады;
«САПР – система автоматического проектирования», яғни «автоматты жобалау жүйесі». Бұл түсінік дұрыс емес, себебі «автоматты» түсінігі жүйенің адамның қатысуынсыз жеке жұмысын көздейді, ал автоматтандырылған жобалау жүйесінің функцияларының бір бөлігін адам орындайды, қалған жеке операциялар мен процедуралар автоматты түрде атқарылады. Сондықтан «автоматты» сөзімен салыстырғанда «автоматтандырылған» түсінігі жобалау үрдісінде адамның қатынасы бар екендігін білдіреді.
«САПР – программное средство для автоматизации проектирования», яғни «жобалауды автоматтандырудың бағдарламалық құралы» деген түсінік толық мазмұндама бермейді. Себебі жобалау іс-шараларын тек қана қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен атқару мүмкін емес. Сондықтан әдебиет көздерінде және мемлекеттік стандарттарда «автоматтандырылған жобалау жүйесіне» кең ауқымды түсінік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |