Тақырыбы: Қазақстан Республикасының орман қоры және ондағы мәселелер



Дата16.03.2023
өлшемі131.84 Kb.
#470848
СРС гео Альходжаева Каракат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы



СӨЖ 2

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының орман қоры және ондағы мәселелер
Орындаған: Альходжаева Қ. Ж.

Тексерген: Мылкайдаров А. Т.

Алматы, 2022ж.

Жұмыстың мазмұны:

Кіріспе.............................................................................................................…………3


  1. Қазақстан Республикасының орманқоры.........................................……….....4

  2. Орман қоры құрамындағы жерлерді ауыл шаруашылығы жерлер санатына санатына ауыстыру ұсынылды...........................................................………....5

Қорытынды..................................................................................................…….....…..8 Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................……….…9

Кіріспе
Орман қоры – мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман


шаруашылық қажетіне арналған жерлер. Орман қоры меншік түрі мен пайдаланушысына орай мемлекеттік және жекеше болып бөлінеді. Мемлекеттік орман қорына ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар, орман шаруашылық қажетіне берілген ормансыз жерлер, халықаралық жәнн республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолы, автомобиль жолы, канал, магистралдық және басқа да желілік құрылыстардың белдеуіндегі ені 10 м-ден кем емес, алаңы 0,05 га-дан үлкен қорғаныш екпелері жатады. Жекеше орман қорына орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі, солардың қаражатына жасалынған, ені 10 м және одан кеңірек, алаңы 0,05 га-дан астам қолдан өсірілген ормандар, агромелиорация және арнаулы плантация екпелер жатады.
Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.



  1. Қазақстан Республикасының орман қоры

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдықаағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясындабұлпкөрсеткіштіа5,1%-ғапдейінпкөтерупжоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын
Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар,Ақмола,Қарағанды,Алматыоблыстарындааболды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайларыажеке-жекеаалқаптараболыпаесептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшердеареттеліпаотырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойыншаа1998ажылыа24568,4амыңагектарпболды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатынааумағыныңа12,1агектарыаөртеніпакеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіпабарады.[1]
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігінеақарайатауаорманыаөрттенакөпазардапашекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімдіашаралардыақаблдаудыаталапаетеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізугеаынталандырудыабелгіліашамадааарттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстанаоблысыныңпжерлеріажатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандаратұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.[2]

  1. Орман қоры құрамындағы жерлерді ауыл шаруашылығы жерлер санатына

ауыстыру ұсынылды.
«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысынан кейін фермерлерден біраз сұрақ келіп түскенін айтты.Отырыстың күн тәртібіне бірнеше мәселе енгізуді ұсынды. Бірінші, орман қоры жеріндегі шаруашылық жерлері мәселесі бойынша.Орман қорының жерлері мемлекеттік меншікте. Өздеріңізге мәлім, Мемлекеттік орман қорын басқаруды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асырады. Жер реформасы жылдарында көптеген әкім келешекте жер дауларының туындауынан қорқақтап, кеңес дәуірі кезіндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жерлерін орман қорына ауыстырып жіберген. Орман қорын басқаратын мемлекеттік мекемелер орман қорындағы ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануды коммерцияға айналдырып алған. Ол жерлер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайды, - деді ол. Ю 2020 жылы 1991 жылмен салыстырғанда орман қоры жерлері 12,2 млн гектарға ұлғайып, керісінше, ауыл шаруашылық жерлері 109,8 млн гектарға қысқарған. Қазіргі күні орман қоры жерлері 22,4 млн гектарды, ауыл шаруашылық жерлері 108,6 млн гектарды құрайды.Орман қоры жерлері құрамында орман шаруашылығын жүргізуге берілген 6,8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері бар. Оның негізгі бөлімі – жайылымдар, ол 6,5 млн га, - деп түсіндірді фермер.Оның сөзінше, соңғы жылдары елді мекендердің төңірегінде жайылым жерлердің жетіспеушілігі байұалады.«Ендеше неге орман қоры жерлері құрамындағы ауыл шаруашылығы жерлерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына ауыстырмасқа» деп сұрақ қойды Жигули Дайрабаев. Осы ретте ол мәселенің шешілу жолына да тоқталды.Жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыруды ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Осылайша әр облыс бойынша орман жерлерінің құрамындағы ауыл шаруашылығы жерлеріне толық түгендеу жүргізіп, олардың нақты көлемінің қандай мақсатта пайдаланып жатқанын анықтап, сол жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстыру жөніндегі тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылдау қажет, - деп түсіндірді фермер.Бұл шара жайылым жерлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге септігін тигізеді.Республиканың флорасы жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрлерін қамтиды, соның ішінде 90%-ға жуығы орман қоры болып есептелінеді. Әсіресе тек Қазақстан жерінде ғана кездесетін ағаш түрлері (мыс., Шренк шыршасы, т.б.) өте бағалы. Республиканың жер қорының 60%-ға жуық жері өсімдік жамылғысымен қамтылған. Қазақстан жерінің орманды алқабы шамамен 3,8%-дай болса, кейбір облыстарда (Ақтөбе, Жезқазған, т.б.) бұл көрсеткіш 0,1%, ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 14%, кейде одан жоғары болады. Орман қорының ауданы 24,3 млн. га, оның ішінде бұл жерлердің 50%-ынан астамы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдалануына берілген. Республикада жыл сайын 506 мың м2 ағаш сүрегі, 94 мың м2 кеспе ағаш материалдары, 170-тей дәрі-дәрмектік шикізат дайындалады. Дегенмен соңғы кезде ормандардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағдайларынан (қатты жел соғу, ұзақ уақыт жауған нөсер жаңбыр, т.б.) ағаштардың құлап өз тіршілігін жоюы жиі кездеседі. Соның нәтижесінде орман алқаптары азаюда. Ал ормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту жұмыстары қарқынды қолға алынбай отыр.[3]
Қазақстан Президенті биыл қыркүйек айындағы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызуды және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырды. Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізді және қазіргі таңда өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемдерін анықтады. Мәселен, әкімдіктердің табиғат қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд ағаш отырғызылатын болады. Барынша көп мөлшерде ағаш отырғызу Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған мөлшердің негізгі үлесі сексеуіл себу арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде де осы жұмыстар атқарылады. Республиканың орталық өңірлерінде қарағай, шырша, қайың сияқты негізгі орман құраушы тұқымдарға жататын ағаштар отырғызылатын болады. Бұдан басқа, ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың га алқапта шамамен 200 млн ағаш отырғызылады. Ал компенсация ретінде отырғызылатын ағаштар, автомобиль және темір жолдар бойындағы қорғаныш белдеулері, сондай-ақ халықаралық гранттар есебінен барлығы 182 мың га алқапқа 700 млн ағаш отырғызу жоспарлануда.
Ағаштар мен бұталарды заңсыз жоюға байланысты бұзушылықтар үшін жаза күшейтіледі. Соңғы кезде елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері орын алғаны белгілі. Осыған байланысты ЭГТРМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды пысықтады.
Бірінші. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтыру енгізіп отыр. 
Оған сәйкес қарастырылған: 

  • Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде 30 есе мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу; 

  • жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желектерді жойғаны үшін 10 есе мөлшерде ағаш отырғызу; 

М. Мырзағалиев атап өткендей, бұдан бұрын бұл нормалар осы қағидаларда болмаған. 
Екінші.Орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Үкімет қаулысының тиісті жобасы осы аптада қабылданды. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.Сонымен қатар, базалық ставкалар ағаш түрлері мен жасына қарай елді мекендерде өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу кезіндегі залалды өтеу мөлшерлерін айқындау жөніндегі жаңа жеке қосымшамен толықтырылды. 
ҮшіншіӘкімшілік және Қылмыстық кодекстерге өзгерістер әзірленді. Әкімшілік кодексіне дискрециялық нормаларды алып тастау және құқық бұзушыларға санкцияларды ұлғайту бөлігінде бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.Мысалы, құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды келесідей арттыру ұсынылады: 

  • жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін; 

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 айлық есептік көрсеткіштен 450 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіштен 600 айлық есептік көрсеткішке дейін; 

  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіштен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру. 

Бұдан басқа, ағаштарды заңсыз кескені үшін санкцияларды қатаңдату бойынша Қылмыстық кодекске де өзгерістер енгізу көзделіп отыр.[4]




Қорытынды

Өңірдегі ірі мұнай-газ кәсіпорындарын, «Ластаушы қалпына келтіреді» ұстанымына сәйкес, олардың қоршаған ортаға келтіріп отырған залалдың орнын толтыру үшін көгалдандыру жұмыстарына тарту көзделуде. Қала аймағынан орман қоры жерлері мен елді мекендер жерлерін қоса алғанда, жалпы көлемі 6 мыңға жуық га жер учаскелерінің тізбесі жасақталды. Өз кезегінде, бұл кәсіпорындар өздерінің санитарлық-қорғау аймағында ағаш отырғызу жұмыстарына бөлінген қаражатын әкімдікпен белгіленген участкелерде жүргізілетін көгалдандыру жұмыстарына пайдалану жөнінде ұсыныспен шығып отыр.
Облыс басшысы әкімдіктің елімізде орман қорын молайту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, белгілеген межелер үрдісінен шығу үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. 

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • [1] https://malimetter.kz/respublikamyzdyn-orman-kory/

  • [2] «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж, VII том

  • [3] https://baq.kz/orman-kory-kuramyndagy-zherlerdi-auyl-sharuashylygy-zherler-sanatyna-auystyru-usynyldy_248111/

  • [4] Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет