Тақырыбы: Баланың қорытынды аттестаттау кезеңінде отбасы мүшелеріне арналған мектеп психологиялық қызметінің ұсынымдарымен таныстыру.
Өтетін күні:15.05.18
Өтетін уақыты: сағ 18 30
Құрметті ата-аналар!
Психологиялық сүйемелдеу – ҰБТға даярлану және тапсырудағы Сіздің балаңыздың жетістіктерін анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Балаға сүйемел болу - оның мүмкіндіктеріне сену деген сөз. Сонымен қатар «Сенің бұған шамаң жетеді» «Мен саған сенемін» деген сөздер арқылы әсер ету оқушыны әртүрлі жағдайларда түрлі қиындықтарды шешуге көмектеседі. Балаңыздың даярлығына көмектесу үшін келесі нұсқауларға сүйенуге болады:
БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!
ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.
ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды құшақтауға сараңсымаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог (Вирджиния Сатир) “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, — он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған. Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!
ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!».
Сөзімді түйіндей отырып, жиналғандардың барлығына АЛҒЫС білдіргім келеді! ЖАДЫНАМАЛАР мен бүгін осы жерден алған ақпараттар, Сіздерге және Балаларыңызға көмегін тигізетіндігіне сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: |