Ішкi үйлесiмдiктi орындау. Бұл стратегияны ic жүзiне асырудағы ұйымның iшкi мүмкiндiктерiн, жетiстiктер мен әлсiз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз етеді. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндiрiс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлiмi қызметтерi енгiзiледi.
Ұйымдық стратегияны ұсыну. Басқарудағы осыған дейiнгi орын алған тәжiрибе, кешендi жоспарлар мен деректерге сүйене отырып, дамудың бағытын белгiлеудi ұсынады. Ал ендi осы айтылғандарды қорытындылай келе, ұйымдардағы стратегияны анықтайық:
Кәсiпорын деңгейiндегi стратегия.
1. Өндіріс:
- өндiрiстiң талап етiлетiн деңгейi қандай?
– қop мөлшерi қанша мерзiмге алдын ала есептелгенi орынды?
– қаржы салуды қалайша тиiмдi орындауға болады?
– өндiрiс барысына еңбек күшiнiң бiлiктiлiгi сай келе ме?
– жабдықтау, құрастыру бөлшектерiн кімнің жасағаны дұрыс?
2. Қаржы:
– ағымдағы және күрделi шығындар мөлшерi қандай?
– айналым қаражатын қалайша арттырyға болады?
– қаржы жағдайын таңдауды дамыту жолдары қандай?
– қаржы көздерi, ресурстар ауқымы қандай?
3. Маркетинг:
– нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңiл бөлу қажет?
– өнiмдi өткiзу саласындағы қаражат қалай бөлiнуi керек?
– ұсынылатын шешімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиiс?
– баға саясаты қалайша тиiмдi жүзеге асырылады?
– нарық үлесi мен бәсекелесу қабiлетi қандай деңгейде?
4. Қызметкерлер:
– персоналды оқыту мен дамытудың тиiмдi шаралары қандай?
– басшы қызметкерлердi даярлаудағы қойылатын талаптары қандай?
– іc-әрекеттi бағалау, ынталандыру мұқият орындала ма?
– болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?
– басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?
5. Мәдениет:
– әдет-ғұрып пен дәстүрдi қолдауға қандай шаралар қажет?
– фирма беделiн сақтап қалу жолдары қандай?
– ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетiлдiруге болады?
– қоғамдық пiкiрдi жақсарту шаралары қандай?
Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкiл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негiзделiне отырып, кәсiпорын айқындылығын бiлдiретiндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған жоспар ұйымныңбарлық дамуын белгiлей отырып, тек қана тұтас, кешендi жиынтық қана емес, cонымен қатар, жағдайға қарай икемдi де болуы тиiс. Miнe осылардың барлығы стратегиялық жоспардың белгiлерiн анықтап бередi.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебi қолда бар ресурстарды тиiмдi пайдалана отырып, мақсатты орындаған кезде ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейiн оны орындау - бағдарлама, бюджет, әдiстерменқатар, тактика, саясат, iс-жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Тактика - ұзақ мерзiмдi, кешендi стратегияны орындаудағы нақтылы iс-қимылдың қысқа мерзiмде үйлестiрiлуi.
Саясат - мақсатқа жетудi жеңiлдету үшiн шешiм қабылдау мен iс-қимылдардың жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкiлiктi шешiм қабылдауда тәуекел мен iзденiстердi пайдалануға, еңбек ресурстарын тиiмдi қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.
Ic-жосығы - ұйым қызметiнiң барысы қайталанылатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бiр iс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешiмдер қабылдауын бiлдiредi. Осындай шешiмдер басшылыққа бiр қатар ұтыстар әкеледi. Дегенмен, осыған дейiнгi iс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебi әp жағдайдың өз ерекшелiгi бар. Және де iс-жосық нақтылы жағдайдағы iс-қимыл жиынтығын беретiн болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркiндiк пен балама берiледi, ал бұл бiр қaтap кедергілермен, келіспеушіліктер тудырады.
Кiшiгiрiм мiндеттер мен шектеулi сұрақтарды шешуде орын алатын iс-әрекеттердiң нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының мiндеттерiн нақтылы белгiлеп, барлық күш-жiгердi тек шектеулi мақсатты орындауға бағыттайды.
Ереже мен iс-жосық мiндеттердi орындауда қызметкерлерге жоғарғы ықтималды нәтиже беруге тиiстi бағытты белгiлеуде, қажетсiз шешiмдердiң қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және дұрыс салыстырула ржүргiзуде маңызды орын алады. Айта кететін бiр жағдай, 1994 жылы AҚШ-да өнiмдi шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиiстi өндiрiстi дамытудың бес жылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатap, батыстағы ipi концерндер өз кәсiпорындарына орта мерзiмдi жылдық тапсырмалар берiп отырады.
Өндiрiс пен экономиканы басқарудың тиiмдiлiгiн дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.
Тактикалық жоспарлау
Ұйымның дамуын белгiлейтiн кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзiмге есептелiнген, егжей-тегжейлi тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері мыналар:
1. Стратегияның дамуында әзiрленуi;
2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;
3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзiмге есептелiнуi;
4. Нәтиженi бағалау тез уакытта нақтылы iс-әрекеттiң орындалуына қарай жүргiзiлуi.
Ал ендi осы белгiлерiне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен бастапқы мiндеттерiн анықтап өтейiк.
Кәсiпорындағы жоспарлар жүйесi барлық саланың нақтылы шектелген әpi жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберiнде арнайы қабылданған өндiрiстiк жоспар, шикiзат жоспары, еңбек күшiнiң жоспары, маркетингкешенiнiң жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзiмдi қаржы жоспары орын алады. Тәжiрибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерiстер енгiзiп жетiлдiрiп отырады, басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиiс.
Индикативтi жоспарлау
Қазiргi кездегi өндiрiстiң күрделене түcyi жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттiк бағдарламаларына негiзделген индикативтi жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түpi нарықтық экономикада кеңінен етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда мемлекеттің дамуында он жылдық мемлекеттiк жоспар қабылданады. Дегенмен, Батыс елдерiнде қолданылатын индикативтiжоспар бiздегi жоспарлардан бiрқатар өзгеше болып келедi. Оның себебi, қоғамдық қысқа мерзiмдi және ұзақ уақыттағы мүдделердi тепе-теңдiкте ұстауда жүйеге әкiмшiлдiк араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуiнде.
Индикативтi жоспар кең мағынасында мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық дамуындағы басылымдылық пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер жүйесiн мiндеттi орындау әдiстерiн бередi.
Жеке аймақтың, кәсiпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделерi сақталына отырып, нарықты экономикада индикативтi жоспар арқылы әлеуметтiк-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдiстемесi орындалады.
Индикативтi жоспарлау жүйесi: стратегиялық, орта мерзiмдi және ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлiмдерiне енетiндер:
- әлеуметтiк - экономикалық жағдайды талдау;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы;
- бастапқы макроэкономикалық көрсеткiштер;
- ұлттық бағдарламалар.
Әлеуметтiк-экономикалық жағдайды талдау өндiрiс мүмкiндiктерiнiң экономикалық сыртқы және iшкi даму тенденцияларының мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң нәтижелiлiгi мен әрекеттiлiлiгiнiң өндiргiш күштердiң салалық дамуы мен қозғалысының деңгейiнбейнелейдi. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың тұжырымдамасында мемлекеттiк реттеудiң тiкелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басылымдықтары, oған жетудiң әдістері мен жолдары қарастырылады. Бастапқы макроэкономикалық көрсеткiштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндiрiстiң құрылымын, мемлекеттiң, кәсiпорындардың құрылымын, мемлекеттiң халықтың қаржы қорларын анықтайды. Ұлттық бағдарламалар әлеуметтiк-экономикалық стратегиялармен мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен 6асылымдықтарды тиiмдi орындауда бастапқы құрал болып табылады.
Ұйым iшiндегi жоспарлау
Жалпы экономиканың жетiстiктерi оның әрбiр субъектiсiнiң жекелеген фирмалар мен кәсiпорындардың өндiрiс нәтижесi мен анықталады. Сондықтан да қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында өндiрiс саласын басқарудың алғашқы буыны - микро деңгейде немесе ұйымдарда жоспарлауға маңызды көңiл бөлу қажет.
Ұйым iшiндегi жоспарлау фирманың сыртқы opтағa ықтималды стратегияларды калыптастырады және оларды бейнелейдi.
Ұйым iшiндегi жоспарлаудың мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы белгiсiздiк пен тұрақсыздықтың керітартпа зардаптарын жою, күш-жiгермен көңiл-күйдi негiзгi мақсаттарды орындауға бағыттау, экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету, бақылауды жеңiлдету болып табылады.
Фирма деңгейiндегi жоспарлау ұйым болашағын бейнелей отырып, келесі кезеңдерден тұратындығын айқындауға болады:
- мүмкiндiктердi бағалау, ресурстар, өндiрiс, т.б.;
- нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;
- жоспардың негiзгi көрсеткiштерiн бейнелеу;
- iс-әрекеттердiң тиiмдi бағыт-бағдарламасын белгiлеу;
- қажеттi баламаны талдау;
– жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |