2. Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы - ғылыми басқару мектебінің өкілдері
Ф. Тейлор және Х. Гильберт, Г. Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф. Тэйлор ғылыми басқаруды көрсеткіштер уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытты.
Ф. Тэйлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:
қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау;
еңбекке мамандандыру ;
еңбек ақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
Л. Гилберттің микрохронометр ойлап табу арқылы, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әр бір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеген.
Г. Эмерсон "өнімділіктің 12 қағидасы" деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
әр бір басшы мен қызметкер ұмытылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
болашақ мақсатты ескере отырып, әр бір жаңа процесті талдауға шынайы көңіл бөлу;
нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну;
қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
дер кезінде, әрі сенімді есеп беру;
ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;
көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
уақыт, күш - қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;
операциялар көрсеткішін жасау;
ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану;
еңбек өнімділігін арттыру үшін сыйақы төлеу;
Г. Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау ұғыммен енгізілді.
Г.Форд өндірісті ұйымдастырудағы "Тэйлор жүйесін" жетілдіре отырып, төмендегідей атап өтті;
өндіріс процесі мен сатыларын байланыстыра отырып, дәл есептеу мени жоспарлау;
қажетті жұмыс пен басқа ресустарды әзірлеу;
стандартты технологиялар мен механизмдерді қолдау;
өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі қарастыру.
Аталған ғалым практиктер және басқада еңбектері нәтижесінде басқарудағы ғылыми қағидалар тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |