3 Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы
Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде қалыптастыру мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде орын алады. Сондай-ақ, мектеп оқу пәндері бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар жатады. Олар: үйірме факультатив клубтар, кооперативтер, өндірістік бригадалар оқу-тәжірибе учаскесі, көпшілікпен өткізілетін шаралар әр пән бойынша олимпиадалар. Оған сондай-ақ еңбек тәрбиесінің жүйесіде кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді. Шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байиды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың оқушы тәрбесіне, оның ішінде еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүкіндігі өте зор.
“Жас натуралистер“ және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т. б.) төселеді.
Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны кеңес одағы кезінде көбейгені белгілі. Мысалы, село мектептерінде “Жас механизаторлар“, “Жас малшылар“, “Жас өсімдік өсірушілер“ т. б. үйірмелері құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Педагогикалық және баспа материалдарын зерделеу оқушылардың қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысатын болғандығы және оларды тікелей ұйымдастырғанда ғана белгілі болып отыр. Мұндай жаппай жұмыстарға “Құстар күні“, “Орман күні“, “Бақ аптасы“, “Еңбек мерекесі“, т. б. жатады.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады; ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Тәрбие жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мұғалім өз пәні бойынша ұйымдастыратын үйірме жұмысын бөліп қарауға болады. Мысалы тарих, әдебиет, математика бойынша пәндік үйірмелерге бірнеше паралллель (немесе аралас) сыныптардың оқушылары тартылады; драма, би, ағашты ою, өрнек жасау, фото, радио және т.б. үйірмелерге әдетте мектеп әдейілеп шақыратын оқытушылар немесе оқушылардың ата-аналарының бірі басшылық жасайды. Жұмыстың бұл саласы өз мамандығына тіпті де байланысты емес, бірақ бос уақыттағы сүйікті ісі болған жағдайда мұндай үйірмелерді мектеп мұғалімдері де жүргізеді.
Сабақ біткен соң және үй тапсырмаларын орындап болған соң, көптеген оқушылар спорт мектептеріндегі жаттығуларға, жасұландар мен сарайларындағы үйірмелерге, секциялар мен студияларға, жас натуралистер немесе жас техниктер станцияларына және басқа да мектептен тысқары балалар мекемелеріне барады.
Оқушылармен мектеп өткізетін жұмыстан айырмасы – бұл тәрбие жұмысы мектептен тыс жұмыс деп аталады. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.
Біздің елімізде әрқилы мектептен тыс мекемелердің аса үлкен және алуан түрлі жүйесі құрылған. Олар өзқатарына көптеген аса жас техниктер станциялары мен жас натуралистер станцияларын, балалардың экскурсиялық-туристік станцияларын, көптеген балалар парктерін, балалар театрларын және де басқа да балалардың бірқатар тәрбие мекемелерін (жас теңізшілер, автомобильшілер, өзеншілер және поляршылар клубтарын, балалар темір жолдарын және т. б.) біріктіреді.
Мектептен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланыста. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқынан айырылады.
Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үкендігіне қарамастан, олар әліде болса тілек білдірушілердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшінде олар өз профиліне сәйкес мектептен тыс жұмыстар саласындағы әдістемелік және кеңестік орталықтар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |