М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебінің 5-11 сынып оқушыларына «Егер сіз өзіңізді жалғыз сезінсеңіз» атты тақырыпта жүргізілген жұмыстың қорытындысы
Анықтама
Мерзімі: 11.05.2023 ж.
Қатысқан оқушылар саны: 110 оқушы
Мақсаты: өз қорқынышы, алаңдауы, күмәні мен күдігі, тілегі туралы айтуға батылдық табу, әр қилы проблемалары мен сан алуан тілектері бар әр түрлі адамдар кездесуін тіл табысуын шешу.
Еш психолог сіз үшін проблемаңызды шешуді өз мойнына алмайды. Ол сізге проблеманы түсінуге және оны жеңу жолдарын белгілеуге көмектеседі. «Егер сіз өзіңізді жалғыз сезінсеңіз» психолог оқушыларға келесідей кеңес берді.
Өзіңді зерделеп көр. Өзіңнің қанағаттанбайтын себептеріңді ізде.
Осы тақырып бойынша ақпаратты тап.
Өзіңмен ашық сөйлесетін және сені түсінетін адамды ізде.
Өзіңнің проблемаң туралы айтудан қорықпа. Проблема әркімде де бар және олар шешіледі.
Жаңа ермек тап.
Жаңа адамдармен таныс.
Көп адаммен дос болу қажет емес, бір-екі досың болса жеткілікті..
Жолдастарың көп болу үшін алдымен өзің жолдас бола біл.
Есіңде болсын әр адам өзінше қызық, ерекше болады.
10.Саған көңіл аударсын десең, қызық адам болуға тырыс.
11. Есіңде болсын кейбір адамдар үшін жалғыздық – белсенді шығармашылық жағдай, өзіңді-өзің түсінуге мүмкіндік беретін күш көзі.
12. Адам дегенің үлкен құпия. Өзіңді-өзің зерделеуге уақытыңды аяма.
Есіңде болсын, жалғыздықтың да екі жағы бар.
14. Егер сен жалғыз болсаң, жалғыздықтың себептерін сырттан іздеме, оны өзіңнен ізде.
15. Егер сен өзіңді жалғызбын деп есептесең, онда оның жақсылық жақтарын тап та, өзің үшін пайдалан.
Қорытынды: сіз күшті стрессті бастан кешірдіңіз. Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша сапасыз емдейтінін кеңес берілді.
Мектеп психологтары Д.М.Султанова
Ә.А.Беккулиева
Достарыңызбен бөлісу: |