ҚОРЫТЫНДЫ
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады.
Радиацияның жəне өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында
анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою жəне құлаған
үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды
үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден
азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дəрігерлік жəрдем көрсетіп,
қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған жəне
радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын
шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу жəне олардың киімдерін
залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару
жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы.
Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын
құлату жəне бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен
қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды
қалпына
келтіру,
газ,
канализация,
энергетикалық
тораптардағы
аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Əрбір жасақтың зақымданған жерге жəне құтқару жұмыстарын
жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін
объектідегі
жəне
маршруттағы
радиацияның
дəрежесін
қорғану
құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін,
оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін
жібереді.
Барлаудан соң əрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар
құрылады. Ол əдетте инженерлік техникамен жабдықталған əскери
бөлімдердің немесе құтқару, медициналық жəне өрт сөндіру жасақтарының
құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді;
үйінділерден
өтетін
жолдарды
жасап,
залалсыздандырады.
Əрбір
маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 – 2 алғашқы
дəрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық
қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру,
инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын
жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен
көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін жəне көлемін белгілейді,
жасақтардың міндетін айтады жəне басшылық етеді.
Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін
жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын
жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.
6
|