Бекітемін:
Тақырыбы: Құқығын білген қор болмас Күні:29.10.21 Сыныбы: 7
Мақсаты:
Бала құқықтары оларды сақтау өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік бере отырып, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру.Әр адам өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру.Заңға бағынып тәртіпті болып өсуге тәрбиелеу. Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Көрнекілігі; слайд, мақал мәтелдер, шарлар.
Сайыс жоспары:
1. Визиткалық карточка (топ аты, топ ұранымен таныстыру)
2. «Ой- талқы» әр топ /үй тапсырмасы/
3. «Біз неге құқылымыз?» ацассасия құру
4. Сандар сөйлейді
5. « Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» сызба құрастырады
6.«Біліп жүрейік!»
7. « Өз құқығыңды біл?» видеоролик
8. Қорытынды
Сыныпта психологиялық ахуал орнату.
Кіріспе сөз
Мұғалімнің сөзі;
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Заңды білу – заман талабы.. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Бүгінгі 7 сыныбында өткелі отырған «Құқығын білмеген құл болады?» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Яғни біздің сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отыр және олар өз топтарын таныстырады.
1. «Адам» тобы
2. «Құқық» тобы
3. «Әділет «тобы
«Адам» тобының ұраны: «Тәртіпке бас иген құл болмайды
Тәртіпсіз ел болмайды.»
«Құқық» тобының ұраны: «Құқықты білу- заман талабы»
«Әділет» тобының ұраны: « Әділ заң аспан тірегі»
Достарыңызбен бөлісу: |