Тақырыбы: Интернетке сабақтар жіберу тәсілдері Баяндамашы : Бимен Салтанат Жоспар



Дата24.04.2016
өлшемі106.69 Kb.
#79891
Отырар ауданы

Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі




Тақырыбы: Интернетке сабақтар жіберу тәсілдері

Баяндамашы : Бимен Салтанат


Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Әлемдік білім кеңістігіне енудегі мұғалімнің ролі

  2. www.sabak.kz сайтына сабақ жіберу тәсілі

  3. www.infust.kz сайтына сабақ жіберу әдістері

ІІІ. Қорытынды.



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық –коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.





www.sabak.kz сайтына сабақ жіберу тәсілі

Мұғалімдер өтілген үлгілі сабақтарын немесе сабақтан тыс жұмыстарының слайдтарын, флипчарттарын жіберуге болады.



1-сурет www.sabak.kz сайты

Бұл сайтқа кіргеннен кейін 1-сурет ашылады. Бұл ашылған терезеден Вы не прошли идентификацию (Вход) батырмасын басамыз.





2-сурет

3-сурет
Осы жерге 1-логинин
2-паролін
3-email
4-email-ды қайталау
5- Есіміңізді
6-фамилияңызды
7-қала атын
8- Қазақстан
9-статус ендіресіз
Сохранить батырмасын басасыз. Тіркелгеннен кейін сіздің емайлыңызға мынадай хабарлама келеді:

Здравствуйте, Saltanat Bimen.
Новая учетная запись была запрошена на сайте 'e-Learning Portal Kazakhstan', используя Ваш e-mail.
Чтобы подтвердить учетную запись, проследуйте по ссылке на web-адрес:
http://elp.kz/login/confirm.php?data=wRIH2J5ccYrZDZq/saltabalausa
С уважением администратор
elp.kz Support
support@interactiv.kz

Осы хабарлама арқылы сайтқа кіруге болады.




4-сурет
4-суреттегі шыққан терезеден Добавить запись батырмасын басамыз



5-сурет
5-суреттегі шыққан терезедегі Новая запись парағын толтыру керек
Парақты мұқият қарап толтыруыңыз керек.
Парақты толтырып болған соң Сохранить добавить ещё батырмасын
бассаңыздар, онда сіздің жұмысыңыз сақталып, тағы жұмысқа түзетулер енгізуге болады.
Сохранить и посмотреть батырмасын бассаңыздар сіздің сабағыңыз сақталып www.sabak.kz сайтына түседі.
www.sabak.kz сайтына тіркелген логин және құпия сөзіңізді қайта кіргенде жазып отырасыз, сондықтан құпия сөз бен логинизди ұмытпағаныңыз жөн

www.infust.kz сайтына үлгілі сабақтар жіберу тәсілдері

2006 жылы Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар Информатиктердің интернеттегі ерікін бірлестігінқұрылған сайт.
Мақсаты: Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау. Оның белсенді мүшелерінің жұмыстарын осы сайттан көріп отырсыздар. ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, инф.аттестациялық тестілер, антивирус-программаларының кілттерін, конкурсқа қатысқандар немесе интерактив сабақ өткізгендер тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге, бір-бірінің жаряланған сабақтарына пікірлер жазуға ерікті түрде міндеттеме алады. Сайтқа мақала салу үшін оған мүше болып тіркелу керек. Мақалаңыз сайтқа шыққан кезден бастап ИИЕБ мүшесі боласыз. Сайтқа жіберген әр жұмыстың басқы жағына (жоғарғы колонтитул) автор туралы толық мәлімет жазылуы керек.

Жаңа жұмыстарыңызды mykat2005@mail.ru, mykat2010@gmail.com e-пошталарының біріне жіберіңіздер немесе осы сайтқа тіркеліп өздеріңіз сала беріңіздір. Бұл сайт Информатик мұғалімдерге арналғандықтан, информатика сабақтарына басымдық беріледі. Басқа пән мұғалімдері де сабақтарын өз мектептеріндегі информатик-мұғалімнің көмегімен жіберсе жариялана береді. Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің бөлімдері арқылы беріледі.





6-сурет.www.infust.kz сайты терезесі


7-сурет

7-суреттен Сайтқа мақала салу бөліміне кіріңіз.
Ең алдымен тіркелу керек. Ол үшін сайт бетінің төменгі жағындағы көк түсті өрістегі «Регистрация»  деген жазуды басамыз. Сонда шыққан терезешеге ағылшын әрібімен логин-атымызды, е-майлымызды жазып, «Регистрация» -ны басамыз.

Ары қарай е-майлымызды ашып, келген паролды көшіріп аламыз.

Сайтқа қайта кіріп, төменгі бөліктегі «Вход»–ты басамыз. Ашылған терезешеге логин-атымызды, паролымызды жазып «Войти»-ді басамыз.Сайттың өзімізге арналған жеке бетімізге кіреміз. Осы бетте жоғары оң жақта Привет сөзінің қасынан сіздің атыңыз көрініп тұрады. Соны басып жеке мәліметтерімізді толтырамыз. Осы жерде өзіңізге ығайлы жаңа парол таңдайсыз, астынғы жағындағы аватардың қасынан “обзор”- ды басып компьютерден жеке суретімізді көрсетеміз де, төменгі жағындағы “Обновить профиль” дегенді басамыз. Сайтқа тіркелу аяқталады. Бұл әрекетті кейін жасауға да болады.

Осы беттен «Информатик  ұстаздар» сілтемесін басып, сайтты қарай береміз.

Мақала салу үшін сайттың жоғарғы жолындағы Добавить – запись дегенді басамыз. Редактор терезесі шығады.

Назар аударыңыз: мақаладағы мәтінді жеке көшіріп алып Т- белгісі бар кнопканын басыңыз (суретке қараңыз), ашылған терезеге меңзерді қойып ctrl+v клавиштерін бірге бассаңыз мәтін редактор бетіне дұрыс түседі. Кестені бөлек көшіріп W -белгісі бар кнопканы басып ctrl+v перенелерін бірге басып түсіріңіз.

редактор бетіне дұрыс түседі. Кестені бөлек көшіріп W -белгісі бар кнопканы басып ctrl+v перенелерін бірге басып түсіріңіз.



Редакторға түскен мәтін жолдарының арасы алшақ болып кетуі мүмкін. Ондай жағдайды мәтін редакторының құралдарынан HTML -жапсырмасын басамыз. Осы тәртіпте мәтін жолдарының арасындағы бос орындарды  Del пернесімен өшіреміз. Сөздер бір-біріне жабысып қалса, пробелмен арасын ашып қоямыз.



ЕСКЕРТУ:

Сайтқа салынатын сурет jpg немесе png форматында болу керек.Сайтқа салынатын суреттің үзындыңы 600-750 пс-ден аспауы керек. Жеке сурет салсаңыз биіктігі 200 пс-ден аспауы керек. Сайтқа салынатын суреттің типін jpg-ке келтіру үшін және өлшемдерін өзгерту үшін пуск/все программы/Microsoft office/средства Microsoft office/Microsoft Picture немесе диспечер рисунков Office бағдарламасын пайдалануға болады.Шағын суреттерді салғанда мақаланың оң жағын немесе сол жағын көрсеткен тиімді. Сайтқа салынған мақала ішінде кездесетін файлдарға (мыс: сабақтың презентациясы) сілтеме қою үшін файлды жеке жүктеу керек.


Ол үшін:
Редактор терезесінің сол жағынан Медиафайлы / Библиотекабасамыз;


Файл жүктеліп болған соң, ол шағын терезеде көрініп тұрады. Терезенің төменгі жағынан файл сілтемесін көшіріп алу керек.
Немесе файл Медиафайл библиотекасында тұрса, файл атын көрсетіп, редактировать жазуын шертеміз.
URL файла деген жолдағы сілтемені көшіріп аламыз.Редактор тұрған бетке өтіп, Сілтеме қойлатын сөйлемді (сөзді) белгілейміз;
Суретте көрсетілген кнопканы басканда сілтеме қойылатын жол шығады. Сол жерге сілтемені қондырамыз (вставить) / добавить ссылку.Мақалада көрсетілетін видеоны басқа сайтқа (kaztube.kz н/е басқа) жүктеп қойып, сілтемесін жоғарыда айтылғандай белгілі бір сөзге бекітіп қондырасыз.
Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшенуі керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Бірінішіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы – шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірімен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-орісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыруы керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жаңады.
Ұстаз еңбегінің қыр сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтарымен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Соңғы 50 жылдың ішінде бүкіл дүние жүзінде білім берудегі таным процесі туралы түсінік пен соған сай оқытушының бұл процесте алатын орны жөніндегі түсінік те біртіндеп елеулі өзгеріске ұшырады.Бұл өзгерістің нәтижесінде дүние жүзінің көптеген елінде білім беру жүйесі өзгертілді.
Жалпы айтқанда, бұрын мұғалім оқушыға ақпаратты беруде басты рөл атқарса, бүгінгі күні оның ролі мүлде өзгерген немесе елеулі өзгеріске ұшырау қарсаңында тұр. Мұғалімнің жаңа ролі ақпаратты тек қарапайым түрде беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыны материалды өздігінен оқып-үйренуге дағдылап, соған жетелеуді білдіреді. Бұл мәселеде оқытушы тек ақпарат көзі ғана емес, сондай-ақ оқу метериалдарын өз бетімен жетік меңгерудің әдістерін жақсы білетін білгір маман ретінде көрінеді. Яғни, мұғалім оқу және қабылдау процесіне тек демеуші күш ретінде ықпалдасады, ал оқушы «қалай оқу керектігін» үйреніп, мұғалімнің бағдарлаушы көмегінсіз өздігінен білім алу әдістерін қолдануды үйренеді.
Интерактивті әдіс мұғалімнің жаңа роліне сай сабақ жүргізудің ең басты әдісі болып саналады. Оның мәні мынада: сабақ үстінде оқушылардың өзара араласуын көздейді.Бұл әдіс оқушылардың білімі мен дағдысын дұрыс тексеріп, меңгерген метериалдың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық, сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – мұғалім. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кеізнде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлеінің съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген еді. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ұлттық мемлекеттің гүлденуі негізгі шешуші үш фактордан тұрады.
Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
Білімнің деңгейін көтеруі
Мамандардың кәсіби білімі мен білігі
Сонымен бірге қазір «интернет» жүйесіне ену туындап отыр. Әр оқушы өзіне керекті тақырыпты осы интернет саласынан іздеп табына мүмкіншілік туындауда. Біздің елімізде барлық мектеп компьютерленіп жатыр. Ендеше сол компьютерлерде тек балалар ойын ойнап, жазу жазумен шектелмей, арнайы бағдарламалар жасап, білім негіздерін ғаламдық дәрежеде меңгеру ісі қолға алынуда.
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңа оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді. Дәстүрлі оқытуда: мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып, мұғалім мен оқулыұ маңызды қызмет атқарады, оқушыларды білімге жетелейді, жауаптарында сол маңызды болды. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді. Ал жаңаша оқытуда: оқушы мұғалімнің түсіндіргенін меңгеріп қана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді, оқушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытта ұстайды. Белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушы әр түрлі болады. Тапқан шешімді нақты ақиқат деп қабылдаймыз, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет