(Ынтымақтың түбі) – игілік
Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)
Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
(Татулықта) табыс мол
Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)
Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)
Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос –жарымен мықты)
Дос-егіз, (дұшпан-сегіз)
Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)
Досы жоқ адам- (Тұзы жоқ тағам)
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).
Жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Флешмоб «Достық биі»
Жүргізуші: Әйнегі күн, шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
Жүргізуші: Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.
Жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!-деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ән: «Атамекен» Орындайтын- Аяулым.
Елек орта мектебі
«Бекітемін»
Тәрбие ісіннің меңгерушісі: Кушербаева Г.М.
Ынтымығы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан!
6 «А»класс
Кл.жетекші:Такеева А.Т.
2021-2022 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |